5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі

13 қазан 2016 - Админ

Оқушылардың   бастауыш буыннан орта буынға көшкен кезеңін бейімделу кезеңі дейміз. Өйткені, олардың пән мұғалімдері өзгерді, жаңа пәндер қосылды,5-сынып бағдарламасы күрделене түсті.Осы бесінші сыныпта оқушылардың бойында ортақ мәселелер пайда болды. Бұлар:

                                  — Балалардың мінезі өзгереді;

                                 — тез шаршайды;

                                 — көңіл-күйлері бұзылады;

                                 — оқу-үлгерімі төмендейді;

                                  — мазасыздық, қобалжу сезімдері жиілейді.

      Сондықтан мектеп психологтары  кешенді зерттеу жүргіземіз.

      Психологиялық тұрғыдан мына салаларды қарастырамыз.

мектептегі, жанұядағы басқа адамдармен қарым-қатынас;

оқу үлгерімі, жаңа пәндерге бейімделуі;

өзін-өзі бағалау ерекшеліктері;

танымдық процестер: ес, зейін, ойлау,қиял т.б.;

           

              

Ата аналарға кеңес

 

Біріншіден, мұның өзі негізгі нәрсе – «тыйым салу» деген ата-аналық құқықты теріс пайдаланбаңыз. Ең алдымен сәбиді түсініп, оның қиқарлығының көзін табыңыз, «жарайды» деуге болатын жерде «жарайды» деңіз.

 Екіншіден, сіздің балаға деген нүсқауларыңыз бен талаптарыңыз дәлелді, ақылға қонымды болуға тиіс.

            Үш-төрт жастан бастап сәби сізді тыңдап, сөзге құлақ аса бастайды. Егер бала қиқарлық көрсетсе, жанжалға жеткізбей, көңілін басқаға аударыңыз, баланы тыныштандырыңыз. «Баланы жастан» деген осы болады. Қиқарлықты болдырмау үшін, оған сабырмен қол жеткізіңіз. Жанұядағы жылы шырайлы жағдай, балаға құрметпен қарау, сізге әрі ақылды, әрі дені сау бала өсіруге көмектеседі.

               Бұл шарт орындалмағанда қиқар бала тәрбиесі қиын балаға айналады.

Тәрбиесі қиын балалар көбіне берекесіз жанұяда қалыптасады. Осындай жағдайда сынып оқушыларының, мектеп ұжымының, сынып жетекшісінің рөлі зор. Бұндай оқушыға өмір жайлы көп айту қажет.

         Отбасы тәрбиесінде ата-аналардың мінез-құлқы шешуші фактор. «Сіз өз балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын өзіңіздің мінез-құлқыңызды тексеріңіз» деген болатын А.С.Макаренко. Оның сөзін жалғастыра келіп, ...

егер сіз дөрекі және мақтаншақ немесе маскүнем болсаңыз… ал, онда сізге тәрбие туралы ойланудың қажеті жоқ.

        Отбасы бала үшін өмір мектебі, онда мейірбандық, шындық, адалдық, қайырымдылық, еңбексүйгіштік, т.б.тәртіп пен мінез-құлық қасиеттері дамиды және қалыптасады.

Отбасында қоғамның келешек азаматы өседі.

         Басқаша айтқанда, отбасы жеке адамның тәртібі және мінез-құлық негізін қалайтын микро-ұжым.

 

 

 

- 7388183

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!