Түркістан қалалық білім бөлімінің келбеті

15 қазан 2016 - Несипкул Утебаева

Утебаева Несипкул Мейманханқызы,

Түркістан қаласы, Некрасов атындағы

№9мектеп-гимназияның мұғалімі

 

Түркістан қалалық білім бөлімінің келбеті

 

      Түркістан қаласының тарихын білмейтін адам жоқ шығар, сірә. Қожа Ахмет Ясауи  бабамыздың түркі халықтарының дәстүрімен ұғынықты тілде хикметтерін осы көне қалада жазып  сопылық ілімнің негізін салғаны баршамызға аян. Атақты ақсақ ӘмірТемір Қожа Ахмет Ясауи  бабамыздың рухына арнап осындай Орта Азияда теңдессіз алып кесене тұрғызады.

Міне, осындай бүкіл ел тамсана қарайтын  рухани астанамыз, тарихы тереңнен бастау алатын Түркістан қаласы ғылым мен білімнің алтын ордасы болғаны белгілі.

“Түркістан екі дүние есігі ғой,

Түркістан ер түріктің бесігі ғой...”

 деп, Мағжан ақын жырлағандай, бүгінгі Түркістанның келбеті жылдан-жылға, күннен күнге көк құрақтай түрленгенінің  куәсі болып жүрміз.   Естеріңізде болса, тәуелсіздігімізді жариялағаннан кейін Елбасымыз көрегенділік танытып, парасат пен даналығының арқасында қаламызды:”Түркістан – рухани астанамыз ”деп атаған болатын. Соның белгісі ретінде  Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 1991 жылы 6 маусымда Президент Жарлығымен құрылды.

Х ғасырдан бастап Түркістан қаласында да медреселер салынып, діни білім беріле бастады. Діннің мақсаты – адамның рухани жетілуі болса, Құран Кәрім – барлық ғылымның қайнар көзі, адамды рухани кемелдікке жеткізетін Аллах сөзі.

Түркістанда  1925  жылға  дейін  32  мешіт, 4  жылдық  ескіше  дәріс  беретін  мектеп  және  медресе  болғанын   1987 жылғы  жергілікті  «Коммунистік  еңбек» (қазіргі  Түркістан)  газетінде жарияланған болатын.

 Жазушы  әрі  ақын  Саттар  Ерубаев  1923  жылы  Түркістан  қаласындағы  Абай  атындағы  қазақ  мектебінде  оқып, одан  кейін 1925  жылы  Ленин  атындағы  орыс  мектебінің  үшінші  класына  түсіп,   оқуын  одан  әрі  жалғастырған.  Онымен  бірге  Ибадулла  Кәрімбаев, Сейдулла  Жарылқапов  тағы  басқа  замандастары  бірге  оқыған болатын. Қазақстан  көгіндегі  Түркістандық  ақын-жазушыларға  келсек, олар  он-ондап  саналады.  Атап  айтқанда  Амантай  Байтанаев,  Жұмабек  Еділбаев,  Ілияс  Қожабаев,  Сабырхан  Асанов,  Қаныбек  Сарыбаев, Дүкенбай  Досжанов, Темірхан  Медетбеков, Гүлнар  Шамшиева,  Рахматулла  Момбеков, Сұлтан  Ханетов, Өмірбай  Сәуірбаев, Қасымхан  Бегманов  және  басқалар. 

      Қала  мен  аудан  1969   жылы  жеке-жеке  әкімшілікке  бөлінді.     Түркістан  ауданында  1993   жылдың  І-ші  қаңтарына  дейін    31  орта, 3 орталау  және  6  бастауыш  мектептер  жұмыс  істеген. Оларда  16920  шәкірт  оқып,   жас  жеткіншектерге  1880  мұғалім  сабақ  берген.  Аудан  бойынша  30  мектеп  жасына  дейінгі  мекеме, 4  өндірістік-оқу  кабинеті, 1 спорт, 1 орта  дәрежелі  музыка  мектебі  және  балалар  творчествосының  Үйі  жұмыс  істейді. 

   Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бүгінге дейін халық санының өсуіне байланысты 12 жаңа мектеп іске қосылды. Орта білім беру жүйесінде 12 жылдыққа көшу жағдайында алғашқы кезекте білім ұйымдарының материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік базасын нығайтуға ерекше көңіл бөлінді. 

Елбасы тапсырмасына сәйкес, ең басты назарды апатты жағдайдағы мектеп құрылысына аудару мақсат етіліп, апатты жағдайдағы 14 мектеп жаңа ғимаратқа көшірілді, балалардың сыйымсыздығына байланысты 3 мектептің жанынан қосымша ғимараттар соғылып, пайдалануға берілді.

Қазіргі таңда Түркістан қаласы бойынша 74 күндізгі мектеп, 1 кешкі мектеп, 5 мектептен тыс мекеме, 32 мектепке дейінгі мекеме жұмыс атқарады. Білім ұйымдарында оқып жатқан балалар саны – 51820. Түркістан қаласы бойынша 1 Дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, 5 мектеп-гимназиясы, 1 мектеп-лицейі жас ұрпаққа тиісті бағыттарда тереңдетілген білім беріп жатыр.

Бүгінгі күні бөлімге қарасты мектептерде 6094 педагог қызмет атқарса, мектепке дейінгі мекемелерде 620 тәрбиеші жұмыс істеуде.

Мектептердің оқыту тіліне назар аударар болсақ, қазақ тілінде білім беретін мектептер саны – 38, ондағы оқушылар саны – 16662; аралас тілде білім беретін мектептер саны – 36, ондағы оқушылар саны – 35158.

   Түркістан қаласы бойынша білім бөліміне қарасты 37 балабақша жұмыс атқарады, оның 27-сі мемлекеттік, 10-ы жекеменшік. Мемлекеттік балабақшада – 5397 бала, жекеменшік балабақшада – 1026 бала бар. Бөлімге қарасты 62 мектептегі шағын орталықтарға 8927 бала қамтылған. Бүгінгі таңда бүлдіршіндеріміз мектепке дейінгі мекемеге 70,52 пайыз қамтылған. Алдағы уақытта 584 орынды 6 балабақша, 100 орынды 1 шағын орталық және жұмыс істеп тұрған балабақшалардан қосымша 160 орынды 7 топ ашу жоспарлануда.

Жаңа коммуникациялық технологиялар жаңа ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік беріп қана қоймай, адамдардың ойлау жүйесін өзгертуде. Біздің балаларымыз сандық ақпарат айдынында еркін жүзуде.

Сондықтан да еліміздің білім беру ұйымдарының алдында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру міндеті қойылды. Осы міндетті жүзеге асыру барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық жоспары қабылданып, оның мақсат-міндеті нақтыланды. Бұл зерттеуге жылда таңдалып алынған мектептеріміз еніп отыр.

Жаңа оқу жылынан бастап мұғалімдеріміздің баратын біліктілік арттыру курстарының (Кембридждік) мазмұны оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бағытындағы жұмыстарды үйлестіруге бағытталып, қазіргі таңға 500-ге жуық педагог осы курстарда біліктілігін арттырды.

Тәуелсіз сыртқы бағалау элементтерін қамтитын – Ұлттық бірыңғай тестілеуге оқушылардың көңіл бөле бастағандығы жылдан-жылға оқушыларымыздың өз білімін сынаудың тәуелсіз формасын таңдауға бет бұрғандығын байқатады. Бұл орайда тағы бір ерекше назар аударатын тұсымыз – өзбек тілінде оқитын мектеп оқушыларының жыл сайын ҰБТ-ға қатысу көрсеткішінің артуы.

Түркістан қаласында оқушыларды ҰБТ-ға сапалы дайындаудың жүйелі тәжірибе алаңы қалыптаса бастады және ол өз нәтижесін де беріп келеді. Әсіресе оқушылардың білім сапасын арттыруда білімді игертудің деңгейлік әдісі тәжірибеге енгізілді. Сонымен қатар шалғайда жатқан мектептерге қалалық шығармашылық топ мүшелерін, пән әдіскерлерін іс-сапарға жіберу арқылы көшпелі тәжірибе алмасу арқылы да оқушылардың білім сапасын арттыру жұмыстары да нәтижелі болды. Осындай сапалы жұмыстардың нәтижесінде Түркістан қаласы оқушыларының ҰБТ қорытындысы бойынша білім көрсеткіші облыс көлемінде соңғы жылдары 2 орынды бағындыруда. ҰБТ қорытындысы 2013жылы -78,22балл, 2014жылы – 81,65 балды көрсеткен  болса, 2015жылы-85,0 балды құрады. 2015жылы “Алтын белгіні” -69 оқушы, “Үздік аттестатты” -15оқушы иемденді. Шобанақ, №21, Иқан, №23, С.Сейфуллин, М.Мәметова, Ұлықбек, Алтынсарин, №24, Ж.Жабаев, №19, Ескі Иқан, Серт, №20, №25жалпы орта мектептері өз жұмыстарының нәтижесін ҰБТ барысында көрсете білді.

Жыл көлемінде өтілген семинар, түрлі байқау, ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференциялардың қорытындысы бойынша шығармашылықпен жұмыс істейтін 97 мұғалімнің озық іс-тәжірибесі қала көлемінде таратылды. Облыс көлемінде шығарылған “Үздік мұғалімнің үздік сабағы” атты кітапқа 91 мұғалімнің үлгілі сабақтары енгізілді.29 педагог “Үздік мұғалім” төсбелгісімен марапатталды.

Қалалық білім бөлімінің басшысы болып Бекарыс Ақсақалұлы Шойбеков 2015жылдың шілде айынан бастап тағайындалған болатын. Бекарыс Ақсақалұлы Шойбеков айтыскер ретінде күллі түркі еліне есімі танымал  азамат. Ол 1976 жылдың 14 сәуірінде Оңтүстік Қазақстан облысы,  Отырар ауданында дүниеге келген. 1997 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мамандығы бойынша бітірген. 1999 жылы осы университеттің магистратурасын, 2002жылы аспирантурасын бітірген. Б.А.Шойбеков еңбек жолында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-де  аудармашы, ғылыми қызметкер, Халықаралық қатынастар бөлімінің басшысы, Түркістан қалалық өнерлі балаларға арналған “Өнер” мектебінің директоры қызметтерін аса жауапкершілікпен атқарған.

 

Енді 2015 жылда Түркістан қаласы бойынша мұғалімдердің қол жеткізген жетістіктерін тізбектесек, төмендегідей

“Ыбырай Алтынсарин”атындағы төсбелгісі иегері:

1.Утебаева Несипкул Мейманханқызы- Некрасов атындағы №9мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

“ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері”төсбелгісі иегері:

 1. Нарымбетова Бибіхан –Т.Айтжанов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің “Құрмет грамотасымен” марапатталғандар:

1.Момбеков Алтынбек- №19жалпы орта мектебінің директоры.

2. Кішібаева Зулфия – Шыпан жалпы орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

3. Мамадалиева Махсуда – Иқан жалпы орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

4. Бердібекова Бақытнұр – Югнаки атындағы жалпы орта мекетебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің “Алғыс хатының” иегерлері

1.Юлдашов Минур – Иқан жалпы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

2.Тұяқбаева Мөлдір – “Қарлығаш” балабақшасының меңгерушісі.

“Облыстық кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер”төсбелгісі иегері:

1.Мұхамеджанов Замир — №2Хамза атындағы жалпы орта мектебінің директоры.

Облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының “Құрмет грамотасының” иегерлері:

1.Әсет Айнұр- №23 жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі.

2.Сагинбаев Маханбет — №21жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі.

3.Ирисбаева Нигора – Ұлықбек жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі.

4.Нарымбет Ғалымжан – Ататүрік атындағы №17мектеп-гимназияның тарих пәнгі мұғалімі.

5.Юлдашова Мухоббат- Иқан жалпы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

6. Бакиров Мақсат – Білім бөлімінің әдіскері.

Қала Әкімінің “Құрмет грамотасымен” марапатталғандар:

1.Кішібаев Жұмаділлә — Қаражон жалпы орта мектебінің директоры.

2.Батырова Феруза – “Арай” балабақшасының меңгерушісі.

3.Мыңжасарова Сауле – А.Үсенов атындағы жалпы орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

4.Бекенова Озада – Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияның химия пәні мұғалімі.

5. Ибраева Гүлмира – Т.Бигелдиев атындағы№16 жалдпы орта мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі.

6.Дарашова Зауре – М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

7.Наргубеков Әбілхайыр — Өнер мектебінің бас есепшісі.

8. Ниязметова Дилназ — №20 жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі.

9. Оразгелдиева Гүлжан – Балалар мен жасөспірімдер орталығы директорының орынбасары.

10.Мұсылманова Дана – С.Ерубаев атындағы №7 мектеп-интернатының тәрбиешісі.

11. Балтаев Абжаппар – С.Рахимов  атындағы жалпы орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі.

12.Боранбаева Бибіхан – М.Әбенова атындағы жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі.

Қалалық білім бөлімінің “Құрмет грамотасымен” марапатталғандар:

1.Үсенбаева Нұрбибі — №22 жалпы орта мектебінің тари пәні мұғалімі.

2. Жилисбаева Гауһар — №24 жалпы орта мектебінің еңбек пәні мұғалімі.

3. Вахапова Саида – Хамза атындағы жалпы орта мектебінің биология пәні мұғалімі.

4.Садыкова Эльмира – Н. Төреқұлов атындағы№8 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

5.Өмірбаева Мақпал – “Жас турмстер” мектептен тыс мекеменің үйірме жетекшісі.

6. Құлбергенова Ғазиза – “Әлия” балабақшасының тәрбиешісі.

7. Бабишева Меруерт – Т.Айтжанов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі.

8. Қарпықбаев Әбдуәлі – Саз мектебінің домбыра сынып мұғалімі.

9.Болысов Айбек — №5мектеп-интернатының тәрбиешісі.

10. Жүнісбекова Гүлнар – Ж. Еділбаев атындағы мектеп-гимназияның оқу ісі жөніндегі орынбасары.

11. Абдувахапова Саодат – Ясауи атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі.

12.Адырбекова Айнұр – “Балапан” ясли бақшасының тәрбиешісі.

Құрметті зейнеткерлікке шығуына орай қалалық білім бөлімі мен білім және ғылым қызметкерлдері кәсіподағының құттықтауы мен сыйлығына ие болғандар:

1.Диметов Ергеш – 20 жалпы орта  мектебінің директоры.

2. Қожаханов Сәуірбай – С.Сейфуллин атындағы мектеп- лицейі директорының орынбасары.

              

Пайдаланған материалдар

“Ұстаз”газетінің №21-22 (481-482) 25тамыз, 2015жыл. 

- 7509065

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!