Сайтқа кіру
Семей қаласы
№47 жалпы білім беретін орта мектеп
Жартаева Динара Хусмановна
Тәрбие сағаты «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні»
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың
ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. Грамматикалық
талғада жүйелі сөйлеуге, мерекелік көңілін көтеру, елге деген
сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Наурыз мерекесіне арналған суреттер,
интерактивті тақта, киіз үй, шарлар, дөңгелек үстел, бесік.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезені
— Сәлеметсізбе, құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Наурыз –Ұлыстың ұлы күні» атты ашық сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
— Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам.
Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,
Нұрға бөлеп міне жатыр манайды!
Мал біткеннің бал татыған ұызды,
Қуат болып қанымызға тарайды.
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері,
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.
«Аман ба» деп мал жаның?
Бірін-бірі құшақтасып сүйеді.
— Ал, балалар! Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық!
Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Ақ мол болсын!
Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсің!
ІІ. Әңгімелесу
Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» — жаңа, «руз» — кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген
ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады.
— Құрметті қонақтар, балалар! Наурыз құтты болсын! (бір ата-ана шашу шашады, музыка қосу)
— Наурыз — бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн.
— Ал, енді біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз наурыз мейрамға дайындаған тақпақтарын ұсынады.
ІІІ. Тақпақтар
1-ші бала: Бата беріп атамыз,
Бата беріп апамыз,
Тәтті болып жасалған,
Наурыз дәмін татамыз.
2-ші бала: Көктем келді бүгін,
Күнім төкті нұрын
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.
Тәрбиеші: Көктемнің алғашқы күндерінен бастап жер бетіне қылтиып, бой көтеріп гүлдер өседі. Бұлар көктемнің алғашқы гүлдері деп аталады. Бұл бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ. (интерактивті тақтамен жұмыс)
3-ші бала: Түрлі-түсті әйбат,
Гүлдер шықты жайнап.
Қызығып ылғи барамын,
Қырға шықты ойнап.
4-ші бала: Сәнді көктем нұрымен,
Наурыз тойы жырымен,
Көңіл гүлдей жайнасың.
5-ші бала: Кіргізіп көркін даланың,
Бәйшешек қырда қаптады.
Қызығып ылғи барамын,
Үзуге бірақ батпадым.
6-шы бала: Күн мен түн теңеледі,
Жер шуаққа бөленеді,
Соны тойлар ел енді.
7 бала: Наурыз тойы — салтымыз,
«Көгерсін» — деп халқымыз,
Көшеге тал егеміз.
- 6916203
жасулан # 14 наурыз 2015 в 21:49 0 |
![]()
Жаксы сабақ болыпты
|
Анеля # 18 наурыз 2015 в 22:12 0 |
![]()
иа маган оте катты комектестии рахмет
|
гулназ # 15 наурыз 2016 в 10:10 0 |
![]()
Іздегенімді таптым.Рахмет!
|
Өзденбаев Жанбай # 16 наурыз 2016 в 18:39 0 |
![]()
Наурыз әуені
Ерте көктем күн нұры, Еркін бұлақ сыңғыры, Еміреніп Жер ана Еркелейді қыр гүлі. Қозы толып көгенге, Уыз сүтке кенелген Шаруа қожа ыңылдап Қосылады өлеңге. Ойы алаң ананың- Оқудағы баланың Нәуірзек құс сыңғырлап, Жеткізгендей хабарын. Әлденені сезе ме, Бала шықты төбеге- Жақсы көрер апайы, Құшақ жайып келе ме? Көктен аққан ырыс па- Су тамшылар ыдысқа. Жамау дәліз тағы да Шыдап шықты бір қысқа. Айналайын ән- елім, Жайбасарым, мәуелім, Кел шертейік биыл да Наурыздың әуенін. Өзденбаев Жанбай, наурыз 2016 |
Пәндер
Ұстаздарға
Оқушыларға
Лауазым иелеріне
Блогтағы жазбалар
Mail.ru тобымызға қосыл
Facebook парақшамыз
VK.COM тобымызға қосыл