Оқыту стратегиясын жоспарлаудың тиімділігі

Коучинг  тақырыбы:  Оқыту  стратегиясын   жоспарлаудың  тиімділігі

Жалпы мақсат: Оқыту  стратегиясы туралы мағлұмат  беру. Оқушыны дамытатын дағды мен қабілеттерді анықтау, белсенді  оқыту  стратегиялары  бойынша  тәжірибе  алмасу.

Сілтеме: 1. Педагог және диалог  №1  2015 ж  64-68 бб   148-151бб                  

                 2.cpm.kz   порталы

Мерзімі:  1.10.2016 жыл

Қатысушы:  мектептің   қатысуға  ниет білдерген барлық  пән  мұғалімдері

Өтетін орны: № 40  кабинет   сағат  3.30

Сабақ  нәтижесі:

Оқыту стратегиясы туралы мағлұматы болады
Оқыту стратегияларын   ұйымдастырудың  негізгі   ережелерін   сақтайды
Коучингтен  үйренгенін   әріптестеріне   үйретеді
Коучингтен  үйренгенін  сабақта   қолданады

Сабақта қолданылатын  материалдар: ресурстар, стикер, флипчарт, мультимедиа, маркер
Табыс  критерийлері: қарым-қатынас  әдістері, топпен жұмыс істей білуді, сыни  ойлап, талдап, зерттеу

 

Жүру    барысы

 

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Коуч  пен  коучинге қатысушылардың  іс  — әрекеті

Сәлемдесу

Ой қозғау

 

3 мин

Екі  сурет  бойынша  ой қозғайды.

«Егер жұмыртқа сыртынан жарылса, өмірдің біткені. 
Егер жұмыртқа ішінен жарылса, өмірдің басталғаны. 
Ұлы істер әрқашан ішінен басталады! 

Жұмыстарына  сәттілік  тілеу

Топқа  бөліну

1 мин

«Аванс»  Мұғалімдерге  аванс  ақша үлестіру. Ақшаның түсіне  қарай  3 топқа  бірігу

«5Т»   ереже

1 мин

Топтың  ережесіне қатысушылар  қол қояды

Болжау

 стратегиясы

2 мин

«Африка материгінде өзендердің көп болып ағып жатқанды -ғы қаншалықты қажет деп ойлайсыздар?» 

 

Эпиграф

 

1 мин

«…ХХІ ғасырда стратегиялық жоспарлау ең өзекті қағида болып  саналады, егер ел өз бағыты мен баратын  айлағын  білмесе, ешқандай  жел  оңынан  соқпайды».

Н.А. Назарбаев

Білу

Топтық жұмыс

 

 

8 мин

Сұрақтар:

1 топ: Стратегия, оқыту стратегиясы  дегенді қалай түсінесіз?

2 топ: Оқыту   стратегияларын  жоспарлау   жолы   қандай?

3 топ: Оқыту  стратегиясын  жоспарлау тиімділігі

 

Топқа  бөліну

1 мин

«Аванс»  ақша  құнына  байланысты   3 топ  қайта   топталу

 

Түсіну

 

5  мин

«Біреуі  үйде, үшеуі қонақта» стратегиясы

Үйде  қалған адам қонаққа келгендерге түсіндіреді. Қалғандары түсініп, түртіп алады.

Жинақтау

8 мин

«ПОПС»  формуласына  салып, бүгінгі коучинг бойынша ойларын жинақтап, өз ойларын тұжырымдайды

Рефлексия

2 мин

Түйін сөз

3 мин

Үйретуге де, үйренуге де ашық бол! 

Бір ғұлама өзеннің қасында отырып күннің ыстығына шыдай алмай су ішкісі келген итті көреді. Бір қызығы: ит судың қасына келіп, су ішейін деп жатқанда, судан ішпей қашады. Осылай үш-төрт рет қайталанған соң, ғұлама, иттің судағы өзінің бейнесінен қорқып су ішпей қашатынын түсінеді. Ақырында, шөліне қарсы тұра алмай ит өзенге жүгіріп барып түседі де, судағы бейнесін көрмеген соң, шөлін қандырып су ішеді. 

Осы орайда ғұлама: 

"Иттің осындай әрекетінен түсінгенім — бір адамның армандары арман болып қалуының басты себебі-адам ішіндегі қорқыныштардан. 

Егер,ІШІМІЗДЕГІ ҚОРҚЫНЫШТЫ ЖЕҢЕ БІЛСЕК,қалаған мақсатымызға жете аламыз". 

Тағы ойланып,үйренген нәрсенің бұдан басқа екенін көреді. 

ҮЙРЕНГЕНІ-ғұламаның да бір иттен үйренері бар екені. 

Білгеніңізбен бөлісіңіз — басқа адамдардың үйренері бар шығар... 

Үйретуге де үйренуге де ашық болыңыз,өйткені әр адамның міндетті түрде бір білгені айтар сөзі бар... 

 

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаСыни тұрғыдан ойлануға үйрету

ҰстаздарғаОқушылар өз бетінше білім алуларына ынталандыру. Коучинг.жоспар

ҰстаздарғаОрта білім берудегі басқару мен көшбасшылық

ҰстаздарғаТоптық жұмыстың тиімділігі

ҰстаздарғаОқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау (коучинг)

- 7388199

Теги: коучинг
Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!