Оқушылар бағындырған белестер

15 қазан 2016 - Несипкул Утебаева

  Утебаева   Несипкул   Мейманханқызы,

Түркістан   қаласы,  Некрасов   атындағы

№9мектеп-гимназияның  жоғары  санатты  мұғалімі

 

Оқушылар  бағындырған  белестер

 

                 Қазақстанда жас  ұрпақты  тәрбиелеу  жұмыстарының үлгілерін  жасауда  ұлттың  тәрбие  үрдісін  жаңғыртып,   педагогиканың  озық  үлгілері  басшылыққа  алынып,  елімізде  өскелең   ұрпақты  тәрбиелеудің  Кешенді  бағдарламасы  дүниеге келді.  Бұл  құжаттың  басты міндеті — өзінің  өмірлік  мақсаттарын дұрыс  белгілей  алатын,   адами  құндылықтары  қоғамдық  талаптарға сай  келетін,  адамдар  және  қоршаған  орта мен  табиғат  әлемімен бірлесе өмір  сүре  алатын  тұлға  тәрбиелеудің  негізін  жасау  болып  табылады.

        Білім  саласындағы бұл  өзгерістерді  нәтижелі  шешу  үшін  ғылыми  негізделген  оқыту  теорияларын  оқып  үйренуге  ден  қойылды.  Дамыта  оқыту,  тұлғаға бағытталған  оқыту  теорияларын басшылыққа   ала отырып,  оқу  үрдісіне  жаңа  оқыту  технологияларын  мұғалімдер пайдалануда.

          Білім беру  жүйесін  модернизациялаудағы  ең  басты жаңалық – білім  беру саласын ақпараттандыру  саласында жасалды.  Білімді  ақпараттандыру-  білім  алушылардың шығармашылығын  дамыту, оқушылардың танымдық  әрекетін ұйымдастыру, жаңа білімді өз бетінше меңгеру,  әлемдік телекоммуникациялық   жүйелермен   байланысу  мәселелерін  шешеді.  Әлемдік білім  кеңістігіне  ену  үшін білімнің  сапасын  арттыру  арқылы   құзырлылықты қалыптастыру  керек.

Осы  тұрғыда Түркістан қалалық білім  бөлімі мен пән  мұғалімдері  аянбай еңбек етуде. Олардың  басты  міндеті- оқушыларды ғылым  негіздері  бойынша білім жүйесімен  қаруландыру. Білімдер  жүйесін  саналы  меңгеру  логикалық  ойлау,  ес,  зейін,  ақыл-ой қабілеттерінің дамуына ықпал етеді. Сөз  дәлелді  болу үшін аудан  бойынша оқушылардың  жеткен  жетістіктерін  тізбектейік.

Қараша айында өтілген облыстық ғылыми жобалар жарысына “Тіл білімі”, “Әдебиет” секциясынан 3 оқушының жұмысы жіберіліп, нәтижесінде “Шорнақ” жалпы орта мектебінің 8 сынып оқушысы Ұ.Шәмірбек (пән мұғалімі Г.Қойшыбаева) “Әдебиет” секциясы бойынша ІІ орынға, М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Б.Абдурашидов (пән мұғалімі Д.Тұрсынқұлова) “Тіл білімі” секциясы бойынша ІІІ орынға ие болды.

Әдістемелік кабинеттің қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша әдіскері Үрімова   Рахила   Кенжебекқызының  ұйымдастыруымен қазан айынан бастап мектептердегі дарынды  оқушыларды  пәндік  олимпиадаға  іріктеу  жұмыстары  жүргізіліп, 3 ай бойы үздік олимпиада  резерв  мектебі жұмыс жасады.  Осындай  дайындықтың нәтижесінде 2014-2015 оқу жылының жоспарына сәйкес өтілетін оқушылардың облыстық пәндік олимпиадасына 4 оқушы қатысып,  ұлттық  мектептердегі қазақ тілінен “Шобанақ” жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Е.Умарова (пән мұғалімі А.Умаров) жүлделі ІІІ орынға ие болса, “Иқан” жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Ш.Ибрагимова (пән мұғалімі Г.Сәрсенова) алғыс хатпен, ал қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен №14 жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Ж.Бақыт (пән мұғалімі Ф.Абдужаппарова) мақтау қағазымен марапатталды.

Ақпан айында қазақ тілі мен әдебиеті пән Республикалық “Жарқын болашақ” олимпиадасының облыстық кезеңіне қаламыздан 10 оқушы қатысып, нәтижесінде 2 оқушы – І орын: “Тілші әдебиетші” конкурсы бойынша Е.Иззатуллаев атындағы жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Д.Иззатуллаева (пән мұғалімі Н.Абдуллаева), “Сөз шеберлері” конкурсы бойынша Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы М.Дийметова (пән мұғалімі Р.Құдретова); 1 оқушы – ІІ орын: “Жазушылар” конкурсы бойынша Е.Иззатуллаев атындағы жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Д.Камалова (пән мұғалімі Л.Утешова), 1 оқушы – ІІІ орын: “Әнші-бұлбұлдар” конкурсы бойынша Яссауи атындағы жом 11 сынып оқушысы Ю.Исаева (пән мұғалімі М.Акбарова) иеленді.

Облыстық олимпиада қорытындысы бойынша I орын иеленген Е.Иззатуллаев, №2 Хамза атындағы жалпы орта мектептерінің оқушылары республикалық олимпиадаға қатысып, нәтижесінде Е.Иззатуллаев атындағы жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Д.Иззатуллаева (пән мұғалімі Н.Абдуллаева) І орынды иеленіп,  Сүлеймен Демирель университетінің оқу грантына ие болды.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай қала көлемінде “Ең үздік шығармалар” сырттай конкурсы ұйымдастырылып, конкурс нәтижесі бойынша ең үздік шыққан М.Жұмабаев атындағы №15, Е.Иззатуллаев, №22 жалпы орта мектептері оқушыларының шығармалары облыстық байқауға жіберілді.

2015 жылдың 13 ақпан күні  №22 жалпы орта мектебінің базасында қалалық М.Мақатаев оқулары өтті. Аталған байқауға 45 мектептен 45 оқушы қатысып, І орынды М.Мәметова атындағы №6 жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Н.Өмірбекова иеленді. Дегенмен байқау облыс деңгейінде өтілмеді.

2015 жылдың  26 ақпан күні М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясының базасында ІІІ қалалық  Мағжан оқулары өткізіліп, аталған байқауға 3 бөлім бойынша 92 оқушы қатысты. Байқаудың “Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім” Мағжан өлеңдерін оқу сайысы бойынша – С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Б.Сұлтанбаев, “Толқынмен толқын сырласып” жас зерттеушілер конкурсы бойынша – М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің 8 сынып оқушысы А.Өтжан,  “Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған...” жас дарындар конкурсы бойынша – Ұлықбек атындағы жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы А.Шалқар І орынға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды.

Облыстық байқау мамыр айының 19-ы күні өтіліп, нәтижесінде С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Б.Сұлтанбаев І орынға ие болса, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің 8 сынып оқушысы А.Өтжан ІІІ орынға ие болып, дипломмен марапатталды.

Наурыз айының 12-сіне Шымкент қаласында облыстық “Ақберен” байқауы өтіліп, қаламыздан 6 оқушы қатысып, нәтижесінде Ж.Жабаев атындағы №11 жалпы орта мектебінің 11 сынып және Саз-өнер мектебінің “Домбыра” сыныбының оқушысы Н.Егемберді “Ұлттық аспапта ойнау” номинациясы бойынша І орынға, №22 жалпы орта мектебінің 8 сынып оқушысы Б.Айдар “Ақындар айтысы” номинациясы бойынша ІІ орынға ие болса, М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы А.Асылбек “Ақындар мүшәйрасы” номинациясы бойынша арнайы дипломмен марапатталды.

 19-21 наурыз аралығында қаламыздағы “Дарын” мектеп-интернаты базасында ІІ  Республикалық “Ақберен” байқауы өткізілді. Байқауға республикамыздың 16 аймағынан 96 оқушы, 20-ға жуық жетекші, ата-аналар және Астана қаласынан қазылар құрамы келіп, “Дарын” мектеп-интернатының жатақханасына жайғастырылды. Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен байқаудың ашылу және жабылу салтанаты, концерттік бағдарламасы ұйымдастырылып, қатысушыларды ХҚТУ-ға, Яссауи мавзолейіне, Отырар қалашыға, Арыстанбаб мешітіне саяхат жұмыстары өткізілді.

Байқауға қазылық жасаған Гумилев атындағы Евразия  ұлттық университеті, филология ғалымдарының докторы, қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры Әлтай Аманжол Л.Гумилев атындағы Евразия  ұлттық университеті, филология ғалымдарының докторы, қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры Әскербекқызы Жанат, Л.Гумилев атындағы Евразия  ұлттық университеті, филология ғалымдарының кандидаты, қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, доцент Сарекенова Қарлығаш және т.б. байқаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығына, Түркістан қаласына ризашылығын білдірді.

Байқау нәтижесі бойынша Түркістан қаласынан қатысқан Ж.Жабаев атындағы №11 жалпы орта мектебінің 11 сынып және Саз-өнер мектебінің “Домбыра” сыныбының оқушысы Н.Егембердиев (пән мұғалімі Э.Дүйсенова) “Ұлттық аспапта ойнау” номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орынға ие болды.

2015 жылдың 8 сәуір күні Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясының базасында ҮІ қалалық Махамбет оқулары өткізіліп, байқауға барлық мектептерден 150-ге жуық оқушы қатысып, 3 кезең бойынша бас жүлдеге ие болған 3 оқушымыз  облыстық ҮІ Махамбет оқуларына қатысып, нәтижесінде “Ел құтқарар ер едім” кезеңіне қатысқан №23 жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Өмірбай Мұрат (пән мұғалімі А.Өтепова) және “Ұлы арман” кезеңіне қатысқан Абай атындағы №31 жалпы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Шайзында Жансая (пән мұғалімі А.Момбекова) бас жүлдеге ие болып, екі оқушымыз да Атырау қаласында өтілетін Республикалық кезеңге жолдама алды. “Тартынбай сөйлер асылмын” кезеңіне қатысқан “Бабайқорған” жалпы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Жүнісбек Айым (пән мұғалімі Ш.Атабалаева) жүлделі ІІІ орынға ие болды.

Сәуір айында Алматы қаласында Сүлеймен Демирель университетінің ұйымдастыруымен өтілген Ф.Оңғарсынова атындағы оқушылар арасындағы республикалық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауында №23 жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Айтмахан Гүлназ (пән мұғалімі А.Сейтбекова) І орынға иеленіп, Сүлеймен Демирель университетінің оқу грантына ие болды.

ХҚТУ-нің ұйымдастыруымен өтілген республикалық “Ақ қауырсын” шығармалар бәйгесіне қатысқан Абай атындағы №31 жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Байпатшаева Поэзия ынталандыру орнын иеленіп (пән мұғалімі Г.Қыдыралиева), “Оңтүстік Қазақстан” газетінің арнайы жүлдесіне ие болды.

Мамыр айының 5-6 күндері 2015 жылғы мерейтойлық күндерге арналған “Ең үздік шығармалар” конкурсы ұйымдастырылып, қорытындысы бойынша Иқан, №8 Н.Төреқұлов, А.Үсенов, С.Рахимов, Ташанақ, Абай, Қызыл Әскер, Яссауи, Қарашық, Ұлықбек, №2 Хамза мектебі оқушыларының шығармалары үздік деп танылды.

Мамыр айының 14-і күні Шымкент қаласында облыстық “Тіл – халықтар достығының дәнекері” байқауы өтіліп, байқау қорытындысы бойынша Е.Иззатуллаев атындағы жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Смаилова Феруза ІІ орынға ие болып пән мұғалімі Н.Абдуллаева), Оңтүстік Қазақстан облысы инженерлік-гуманитарлық халықтар достығы университетінің оқу грантын жеңіп алды.

            “Жас ғалым” журналының ұйымдастыруымен өтілген облыстық “Жас ғалым”                    байқауына  қатысқан Е.Иззатуллаев атындағы жалпы орта мектебінің 8 сынып оқушысы Ботаева Каромат (пән мұғалімі А.Шерметов) алтын медальмен марапатталды.

            Мамыр айының 15-і күні қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе өзге ұлт жастары арасында ұйымдастырылған “Абай оқуларының” қорытындысы бойынша Е.Иззатуллаев атындағы жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Иззатуллаева Дилнура бас жүлдеге ие болып (пән мұғалімі Н.Абдуллаева), облыстық кезеңге жолдама алды.

Жыл көлемінде дарынды ақынжанды оқушылар арасында Қала күні, Тәуелсіздік, Тұңғыш Президент күні және Наурыз мерекесіне орай қалалық жыр мүшәйралары   өткізіліп, оқушылардың төл туындылары көпшілік арасында тыңдалды және “Түркістан ұланы”  газетінде жарияланды. Аталған жыр мүшәйраларына Абай, С.Қожанов, №17 Ататүрік, №15 М.Жұмабаев, №31 Абай, №23, №24, №25, Ескі Иқан, Шобанақ, А.Үсенов, Қызыл жол, Қызыл Әскер жалпы орта мектептерінің оқушылары белсенділікпен қатысты.

      Түркістан қалалық білім бөлімі  бойынша  қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен жыл бойындағы оқушылар арасында атқарылған   тындырымды   іс-шараларға  шолу жасап шыққандаймыз. Оқушыларды Отанды  сүюге, өз  еліне, тіліне, рухани  байлықтарына  және  табиғатқа,  сыйлы қарым-қатынастыққа  тәрбиелеу арқылы  шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып,  бұдан да  ары  қарай  жан-жақты  және  үйлесімді дамуына мүмкіндік жасаймыз  деген сенімдеміз.

     Сәйгүліктің мәреге бірінші келуі, альпинистің тау  шыңына қиналмай шығуы бапкерлеріне  байланысты екенін  ескерер  болсақ, барлық  ұстаздар шәкірттерін  баптай түсулері  қажет.  Сонда  ғана шыңға  өрмелеген шәкірттеріміз    шың басынан көрінеді.

 

 

 

Ескерту:   Мақаладағы  мәліметтер  Түркістан  қалалық  білім   бөлімі әдістемелік  кабинеттің  қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша әдіскері Үрімова   Рахила   Кенжебекқызынан  алынды.

 

- 7509211

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!