Мен үстазбын.

8 ақпан 2017 - Құралай Орманова

 Алматы  облысы,  Райымбек  ауданы

Сарыжаз  орта  мектебі   МДШО  және  Ақбейіт  бастауыш  мектебімен»кмм

География  пәнінің  мұғалімі   Сейдалимова  Жулдыз

Мен  үстазбын.

 

     Мен-география пәнінің маманымын. Жұмыс атқарып жатқаныма  бес  жылдың төңірегі болып қалды.  Бұл, әрине, әлі жана ғана тәй-тәй басып келе жатқан сәбидің жасымен парапар.  Дегенмен, қиыны мен жеңілі, қатар жүретін педагогикалық саладағы  ұстанымым – үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және  әр оқушының бойынан жақсылық  тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу. Бүгінгі әлемде білім беру ісіндегі жоспарлаудың маңыздылығын айта келіп, Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев былай дейді: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі оның білімінің көрсеткішімен белгіленеді». Сондықтан да мұғалім  болу мен үшін жай ғана мамандық емес, ол – адам бағдарын жасаушы деп білемін. Әрбір оқушы өзгерістерге толы қоғамға бейім, өзің бойындағы барлық қабілеттерін толықтай пайдалана біліп жоғары белестерден көрініп жатса, әрине, ол мен үнін ғана емес ата-анасы, достары, ұстаздар қауымы үшін де қуаныш сыйлайды деп санаймын.  Бауыржан Момышұлы атамыз айтпақшы «Ұстаз – ұлық емес ұлы қызмет» деген керемет дана сөзін әрқашан көкейімде ұстай, бізге артылған жауапкерлікті сезіне отыра, үнемі өзіме деген талапты күшейтуге тырысамын.

Халқымыз әрқашанда ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. Ұлы Абай «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады», деп айтқаны белгілі. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов: «Мектептің жаны – мұғалім.  Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім», – деген. Ғасырға жуық уақыт өтсе де, Алаш арысының осы сөзі ескірмек емес.  Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады.  Ал,  баланың білімге, оқуға деген қызығушылықтарын оята білу ол біздердің, яғни ұстаздар қауымының басты міндеті деп білемін.

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Күнтізбелік жоспарГеография пәнінен күнтізбелік жоспар (7-сынып)

Күнтізбелік жоспарЖаратылыстану пәнінен күнтізбелік жоспар (5-сынып)

ТесттерФизикалық географиядан қазақ тілінде тест. 6 сынып

ЖаңалықтарҚР БҒМ «География - менің таңдауым» байқауын ұйымдастырмағанын хабарлайды

ГеографияАфрика материгі. Географиялық орны. Жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы.

- 6918915

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!