Сайтқа кіру
Зертханалық және сарамандық сабақтарға талдау жасаудың сұлбасы
Мұғалім СыныпТақырыбы
1. Жұмыстыңмақсаты.
• Сабақтардыңбілімдікміндеттерідұрыстұжырымдалғанба. Олар оқушылардың ұғымына жеткізілді ме?
• Бұл неден байқалды?
2. Жұмыстың мазмұны .
• Жауаптар дұрыс және мақсатқа лайық таңдап алынған ба?
• Жауаптардың қиындық дәрежесі қандай? Оқушылар оларды орындай және тиісті қорытындылар жасай ала ма? Олар тым қарапайым және тиімсіз емес пе?
• Тәжірибелер толықтай қауіпсіз бе?
3. Сабақтарға кіріспе әңгімелесу.
• Жұмыстың мақсаты жеткілікті айқын қойылған ба?
• Сабақтарды орындауға арналған нұсқаулық дұрыс берілді ме: оқушылар нені және қалай істеулері тиіс екендіктерін жақсы түсінді ме? Нұсқаулық оқушылардың дайындығына сәйкес келе ме?
• Сарамандық сабақтарға арналған қандай да бір басшылық пайдаланылды ма?
4. Сарамандық сабақтардың әдістері мен ұйымдастырылуы.
• Сабақ қандай мақсатпен ұйымдастырылған: білімді бекіту және дағдыларға ие болу мақсатымен бе немесе жаңа білім алу мақсатымен бе?
• Сарамандық сабақтарда оқулық пайдаланылды ма және қалай пайдаланылды? Мәтінге қосымша нұсқаулар берілді ме?
5. Жекелеген оқушылардың жұмысын бақылау.
• Оқушылар тапсырманы орындауға қалай дайындалды: мұғалім көрсеткендердің бәрі оқылды ма? Қажетсіз әбігершілік танытқан жоқ па?
• Жұмысқа қызығушылық білдірді мее?
• Оқушы приборды дұрыс жинастырды ма, тәжірибелерді дұрыс жүргізді ме? Жұмыстың тапсырмада көрсетілген барлық шарттарын сақтады ма? Нені және не үшін жасағанын түсінді ме?
• Оқушылар өздерінің жұмыс орындарын ұқыпты ұстады ма?
• Бақылауларды қалай тіркеді, қорытындыларды қалай жасады: тәжірибе кезінде ме немес одан кейін бе, бірден дәптерге жазды ма немесе алғашқы мәтінге жазды ма?
6. Қорытынды әңгімелесу.
• Оқушылар орындаған тәжірибелердің нәтижелері қалай тексерілді?
• Мұғалім оқушылардың қорытындыларына қандай толықтырулар жасады? Жұмысты орындау қалай есепке алынды және оқушылардың жұмысы қалай бағаланды?
7. Жалпы пайымдаулар.
• Не нәрсе құптауға лайық?
• Қай нәрсе түзетуді талап етеді?
• Неден қашқақтаған жөн?
8. Ұсыныстар.
Ұстаздарға → Еңбекке үйрету сабағына талдау
Ұстаздарға → 5–11 сыныптардағы орыс тілі сабағына талдау жасаудың үлгілік жаднамасы
Ұстаздарға → Биология сабағына талдау жасау
- 7149790
Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!
Пәндер
Ұстаздарға
Оқушыларға
Лауазым иелеріне
Блогтағы жазбалар
Mail.ru тобымызға қосыл
Facebook парақшамыз
VK.COM тобымызға қосыл