Сайтқа кіру
Өзін-өзі тану
Мектеп: № 10
Мерзімі: 15.12.2015ж
Тақырып: Құрметтей білейік
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: татулық, бірлік, сыпайылық
Сабақ: №15
Мұғалім: Б.Қ.Құландиева
Класс: 4 «В», «А», «Ә», «Б»
Оқушылар саны:
Сабақтың мақсаты:Оқушылардыдұрыс әрекетке бағыттайтын құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері:
| Ресурстар: оқулық, дәптер (аудио, видео жаз- балар, плактка салынған суреттер, смайликтер) |
Сабақ барысы:
Тыныштықсәті. «Су асты патшалығына ойша саяхат»
Үй тапсырмасын сұрау. 1. 1-тапсырма. Ребусты шешу. 2. «Күлімде, күн, күлімде» жаттап келу 1. «Көп біріксе-береке» дегенді қалай түсәнесіңдер? 2. Көпшілікпен бірге еңбектенген ортақ істерің туралы естеріңе, түсіріп айтып беріңдерші? 3. Кімнің әрекеті дұрыс? 4. Балалар дұрыс жасады ма? 5. Сара Сабиеваның не үшін шәкірттеріне риза болды? | Сабақ барысын талқылау: |
Үлкен алдында жас қарызы, Ата алдында бала қарызы-әдеп пен сый. М.Әуезов (2 рет ер балалар, 2 рет қыз балалар, барлығы қосылып 2 рет ) Дәйек сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? |
|
Аттары болдырып, шөлдеп-шөліркеп келе жатқан жолаушылардың алдынан бір топ атты қыз-келіншек көрінеді. Ол топтың ішінде Данагүл дейтін кедейдің қызы да бар еді. Жалғыз көк шолақ атына мініп, байдың қыздарымен тойдан қайтқан беті еді деседі. — Әй, апайлар, тоқтаңыздар, аттарыңыздың басын тартыңыздар. Жоғары жақтан бір қатар аттылар келе жатыр, алдынан кесе-көлденең өтіп кетпейік. Үлкендердің алдынан кесіп ету дұрыс болмайды. Олар ел қорғайтын, жер қорғайтын ерлер. Кім біліпті, араларында ақылы асқан ақылман, данышпан қариялары бар шығар, ашулы, арынды батырлары бар шығар. Шарапат жақсылығы тиер, үлкен кісілердің батасын алып, алғысына бөленейік. Апалар, аттарыңыздың басын тартыңыздар, тосып тұралық. Атты ер кісілер алдымыздан кесіп өтсін. Сонан соң жүрсек те ауылымызға жетерміз, — деді Данагүл. Қызыл-жасыл киген қыздар жол кеспей иіріліп тұрып қалды. Топ алдындағы Төле би мұны алыстан көріп, байқап келе жатыр. Қызыл-жасыл киген қыздардың деңгейіне жетіп алдарынан өтіп, біраз жерге ұзап кеткен соң, қасындағы жолдастарының біреуіне: — Анау алдымызды кеспей кейіндеп қалған балаларды шақырып келші, — деді. Ол шауып барып, қыздарды шақырып келді. Жақындай бергенде Данагүл атынан түсіп жаяулап: — Апалар, бәріңіз де аттан түсіңіздер. Жаяу барып сәлем берелік. Үлкен кісілерге атпен тасыраңдап жетіп барып сәлем бергеніміз ұят. Бұл кісілер ешуақытта да кездеспейтін кісілер. Жолымыз болады екен, — деді. Барлық қыз аттан түсті. Жаяу жүріп келіп, бәрі басын иіп, сәлем берді. Төле би: — Балалар, өркендерің өссін, бақытты болыңдар, — деді қуанып. — Қарақтарым, қай ауылдың баласысыңдар? — Сыйқым ауылының баласы едік. — Балалар, алыстан бізді көріп, тосып тұрдыңдар. Әлдеқашан өтіп кететін уақыттарың болып еді. Не себептен тостыңдар, соны айтыңдар? Қыздар жауап таба алмай Данагүлге қарады. Ол: — Аталар, біз сіздерді алыстан көріп, аталарымыз бен ағаларымыз шығар. Араларында қол бастаған батыр бар шығар, елге ақыл айтқан ақсақалы бар шығар. Әкеміздей үлкен, қызырлы адам бар шығар деп алдарыңыздан өтпей тосып тұрдық. Үлкен кісілердің батасын алалық, жақсыны көрмек үшін, көрмеген аталарымыз болса көрелік. Аты-жөнін білейік деп тосып тұрдық, — дейді. Жақсы, шырақтарым, өркендерің өссін. Жарайды енді, аттарыңа мініңдер, — деп Төле би батасын беріп жүріп кетті. Балалардың пікірлерін білу үшін сұрақтарға жауап алынады: • Данагүл адамдарға қандай құрмет көрсетті? • Өздеріңқұрметтейтінадамдардыңқандайқасиеттерінүлгітұтасыңдар? |
|
Апам үшін күнде мен, (әндете) |
|
Кімді, нені құрметтеуге тиіс?Өздерінің алақанының суреттерін салып, соған жазады.
1. Туыстар арасындағы сыйластық. 2. Қыз бен ұлдың сыйластығы. 3. Өзінен үлкендерге деген құрмет. 4. Келген қонаққа деген құрмет. 5. Өзгенің еңбегі мен пікірін құрметтеу.
|
|
VI.Топпен ән айту «Айгөлек» Сөзі: Н.Баймұхамедов Әні: Б. Байқадамов |
|
1.1-тапсырма.(Жұмыс дәптері) 2.Құрмет, құрмте көрсету дегенді қалай түсінесіңдер? Шағын әңгіме құрастырыңдар. |
|
|
|
Тәрбие жоспары → Бақытты жанұя-бақытты ел
- 7181441
Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!
Пәндер
Ұстаздарға
Оқушыларға
Лауазым иелеріне
Блогтағы жазбалар
Mail.ru тобымызға қосыл
Facebook парақшамыз
VK.COM тобымызға қосыл