Сайтқа кіру
Сабақтың тақырыбы: ТұңғышПрезидент
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақхалқының мақтанышы Қаныш Сәтбаев туралы кеңірекмағлұмат беру.
Дамытушылық: Оқушылардыңойлау белсенділігін, ой-өрісін арттыру, сөздік қорын молайту, шығармашылыққабаулу.
Тәрбиелік: Оқушылардыеңбекке баулу, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтыңкөрнекілігі:тірек сызбалар, слайд суреттер.
Сабақтыңбарысы:
І.Ұйымдастыру:
а) амандасу.
ә) кезекшімен сөйлесу.
ІІ. Үйжұмысын тексеру:
— Балалар, біз өткен сабақта Ыбырай Алтынсаринніңқандай әңгімесін өттік? (Жауап береді).
— Ол әңгімеде не туралы айтылып еді, енді соныеске түсіріп өтейікші… (Тақтаға 4 оқушы шығып, рөлге бөліп, жатқа оқиды).
— Ал енді үйге қандай тапсырма берілді? (Жауапберіледі).
— Тапсырма бойынша, бұлақ басындағы «Әй, жолаушы, болсаң, осы бұлақтай бол!» деген жазудың мағынасын басқаша қалай жазар едіңдер?(2-3 оқушыдан сұрау).
— Енді, балалар, мынадай сұрақтарға жауапберіңдерші:
1. Бұрынғы Қазақ КСР Ғылымакадемиясы қазір қалай аталады?
2. Қазақ Ғылым академиясы қайжылы ашылды?
3. Ғылым академиясы кімнің есімімен аталады?
4. Қаныш Сәтбаев кім?
<o:p> </o:p>
ІІІ. Жаңасабақ.
<o:p> </o:p>
— Балалар, бүгінгі сабағымыз осы қазақ халқыныңбіртуар ұлы Қаныш Сәтбаев туралы болмақ. (Слайд-шоуды тамашалау).
(Мұғалім Қаныш Сәтбаев туралыәңгімелейді).
<o:p> </o:p>
— Күннің жады мен бүгінгі сабақтың тақырыбындәптерімізге жазып қояйық.
Мәтінмен таныспай тұрып, жаңа сөздерге назараударайық.
<o:p> </o:p>
ІV.Сөздікпен жұмыс.
Көпқырлы – разносторонний
Ықпалын тигізу – оказать влияние
Қағида – правило
Қорған – защита, опора
Ұшан-теңіз – безгранично
Баршынгүл – гладиолус
Бөртегүл – сирень
(Әуелі мұғалім оқиды, оқушылар хормен қайталайды, жеке оқушы оқиды).
Жаңа сөздерден сөз тіркесін құрау.
V. Мәтінменжұмыс.
Мұғалім оқиды. 3 бөлікке бөліп, 3 оқушы оқиды.
VІ. Топтықжұмыс.
І топ:
1. І бөлікке ат қою.
2. Синонимін тап: тұңғыш, табыс, ынтымақ, сіңірген.
3. «Бейнетте– береке» деген не мағына береді?
4. «Еңбек» сөзін тәуелдікжалғауының І жағында септе.
ІІ топ:
1. ІІ бөлікке ат қою.
2. Синонимінтап: байлық, ерлік, ұшан-теңіз, тірегі.
3. «Жер елсіз болмайды, ел ерсізболмайды» деген мақалдың мағынасын талдау.
4. «Ерлік» сөзін тәуелдікжалғауының ІІ жағында септе.
ІІІ топ:
1. ІІІ бөлікке ат қою.
2. Синонимінтап: есім, ықпал, үлкен, жан-жақты.
3. «Ерлік – ердің ісі» дегенніңмағынасын талдау.
4. «Ел» сөзін тәуелдік жалғауыныңІІІ жағында септе.
VII.Сөйлесу (Диалог).
VIII. Сабақты қорыту:
Бағалау.
Үйгетапсырма:
«Кім боламын?» тақырыбына эссе жазу.
Сабақты өткізген:ХАСАНОВА НҰРГҮЛ ҚАЛАМҒАЛИҚЫЗЫ,
Ақтауқаласындағы № 10 орта мектептің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиетіпәнінің мұғалімі, 1-санатты ұстаз.
Оқушыларға → Мақал мәтелдер, (Ерлік, батырлық туралы)
Жаратылыстану бағыты → Коучинг тақырыбы:Оқыту мен оқуды бағалау
Информатика → Сабақтың тақырыбы: Презентация обьектілеріне анимация қою.
Ел және шетел жаңалықтары → Мемлекет басшысының Қазақстан халқына үндеуі
- 6961943
Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!
Пәндер
Ұстаздарға
Оқушыларға
Лауазым иелеріне
Блогтағы жазбалар
Mail.ru тобымызға қосыл
Facebook парақшамыз
VK.COM тобымызға қосыл