Сайтқа кіру
Арай Аманқызы. Алматы қаласы, «Жаңа Ғасыр» №175 гимназия
Сілтеме: қазақ тілі оқулығы, ғаламтордан, әдістемелік оқулықтардан қосымша мәліметтер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: еліктеу сөздердің құрамдық ерекшелігін, басқа сөз таптарынан айырмашылығын таныту, өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып, білім, білік дағдыларын қалыптастыру
Дамытушылық: ойлау,іздену, қиялдау, елестету, ой қорыту, өз ойларын дәлелдей білу дағдыларын шыңдау, тұрақты дамуға ықпал жасау
Тәрбиелік: еліктеу сөздерден алған білімдерін өмірде тиімді қолдануға баулу, өзіндік «менін» қалыптастыру
Оқыту нәтижесі:
1.Еліктеу сөздердің құрамдық түрлерін, жасалу жолын, басқа сөз таптарынан ерекшелігін түсінеді;
2.Мәтіннен, көркем шығармалардан еліктеу сөздерді тауып, түрлеріне қарай ажыратып, семантикалық картамен жұмыс жасайды;
3.Еліктеу сөздер тақырыбына қорытынды тест жұмысын жазу;
Сабақтың типі:білім мен іс-әрекет тәсілдерін жүйелеу және қорытындылау
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, үлестірмелі қағаздар, слайд,6 түрлі қалпақ
Әдіс-тәсілдер: ой қозғау, зерттеушілік әңгіме, топтық әңгіме, 6 қалпақ, Венн диаграммасы
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
1-әрекет .
Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру, тілектер жазылған стикерлерді «Тілектер ағашына» ілгізу (2 минут) (2,3-модуль) Сыныпты ауыз әдебиетінің түрлеріне қарай топқа бөлу, тақырыпқа және топтың атына сай мақал, жұмбақ, жаңылтпаш айтқызып, сабақты бастау(1 минут) (1,2,5,6,7-модуль)
1-топ Мақал-мәтел
2-топ Жұмбақ
3-топ Жаңылтпаш
критериилер | Дескрипторлар | балл |
А 1.Жаңа тақырыпқа сай сұрақтарға жауап беру, мысалдар келтіру «Ыстық орындық» әдісі «Венн диаграммасы» | Тақырыпқа байланысты сұраққа толық жауап берсе | 5 |
Сұрақтарға жауап береді, 1-2 сұрақты білмейді | 4 | |
Сұраққа жартылай дайын, 2-3 сұрақты білмейді | 3 | |
Білімдері жеткіліксіз, 3-4 сұрақты білмейді | 2 | |
Білімдері жеткіліксіз, 4-5 сұрақты білмейді | 1 | |
Ешқандай сұраққа жауап бермесе | 0 | |
В 2. Мәтіннен еліктеуіш сөздерді тауып, түрлеріне ажырату, жасалу жолын түсіндіру Семантикалық карта толтыру Жұптарын тауып, сөйлем құрау | Еліктеу сөзді тапқан, картаны толтырған, сөйлем құрай алады | 5 |
Еліктеу сөзді тапқан, картаны толтырған, сөйлем құрайды, 1-2 қате бар | 4 | |
Ееліктеу сөздерді толық таба алмаған, картада, бағанда 3-4 қатесі бар | 3 | |
Ееліктеу сөздерді таба алмаған, 5-6 қатесі бар | 2 | |
Мәтіннен екі еліктеу сөзді тапқан, қатесі көп | 1 | |
Еліктеу сөзді мүлде таба алмаған, картаны толтырмаған, жұптастыра алмайды, сөйлем құрай алмайды | 0 | |
С 3.Тест жұмысы Барлығы 5 сұрақ | 5 сұраққа дұрыс жауап берген | 5 |
4 сұраққа дұрыс жауап берген | 4 | |
3 сұраққа дұрыс жауап берген | 3 | |
2 сұраққа дұрыс жауап берген | 2 | |
1 сұраққа дұрыс жауап берген | 1 | |
Ешқандай сұраққа жауап бермеген | 0 | |
Барлығы | 15 |
2-әрекет .Үй тапсырмасын тексеру (5 минут)(1,2,3,4,6 -модульдер)
305,306-жаттығу
3-әрекет. «Ой қозғау» (түрткі тастау) Берілген сұрақтарға сыни тұрғыдан ойланып, жауап беру, мысалдар келтіру (1,2- модуль) (10 минут)
-Балалар, біз еліктеу сөздің мағынасына қарай еліктеуіш және бейнелеуіш болып бөлінетінін білдік, одан басқа қандай түрі бар деп ойлайсыңдар ?(интербелсенді тақтадан мысалдар көрсету)
-Жұлдызшалардың ішіндегі сөздерге мән беріп қараңдар? Сөздердің түбіріне, құрамына назар аударайық, не байқадық?
алалардың жауабын тыңдап болғаннан кейін, интербелсенді тақтадан кестені көрсету, мысалдар келтіру
л енді басқа сөз таптарынан қандай айырмашылығы бар? Сендер еліктеу сөздерге дейін сөз таптарының 6 түрімен таныстыңдар, еліктеу сөздердің олардан ерекшелігі бар ма?
Балалар жауаптарын тыңдап болған соң интербелсенді тақтадан Венн диаграммасымен салыстыру
Еліктеу сөздер Ұқсастығы Басқа сөз таптары
4-әрекет. Мағынаны тану. Зерттеушілік әңгіме (1,2,3,5,6,7-модульдер)
Оқулықтағы жаттығумен жұмыс.Мәтіннен еліктеу сөздерді тауып, түрлеріне қарай ажыратып жазу
1-тапсырма (3 минут)
1-топ Мақал-мәтел (310-жаттығу)
2-топ Жұмбақ (311-жаттығу)
3-топ Жаңылтпаш (308-жаттығу)
2-тапсырма ( 3 минут)(1,2,3,5- модульдер)
Семантикалық карта толтыру
мысал | дара | күрделі | негізгі | туынды | еліктеуіш | бейнелеуіш |
Елпең | + | + | + | |||
Жарқ-жұрқ | ||||||
Домалаң | ||||||
Ду-ду | ||||||
Тық | ||||||
Сықыр | ||||||
қайқаң |
3-тапсырма (5 минут) )(1,2,3,5- модульдер)
Бағандағы еліктеуіш сөздермен етістікті жұптастырып, сөйлем құрау
сылқ | сөйледі |
сақ-сақ | тамшылады |
күбір-күбір | күй төкті |
күмбір-күмбір | құлады |
тырс-тырс | күлді |
5-әрекет. (5 минут)(2,3,5,7-модульдер)
Еліктеу сөз тақырыбынан алған білімдерін тексеру.Тест жұмысы
1-топ Мақал-мәтел
1.Еліктеу сөзді тап:
А)ағарады
В)гүр-гүр
С)бүлдіреді
Д)илекте
2.Бейнелеуіш сөзді тап:
А)тарс
В)жалт-жұлт
С)сыңғыр
Д)арс-арс
3.Негізгі еліктеу сөзді тап:
А)шұбартөс
В)қыңқ
С)елпең
Д)күркіре
4.Туынды еліктеу сөз жасайтын жұрнақты тап:
А)-ша,-ше,-қы,-кі,
В)-аң,-ең,-ың,-ің,
С)-ыс,-іс,-ым,-ім,
Д)-а,-е,-ар,-ер,
5.Күрделі еліктеу сөз қатысқан сөйлемді тап:
А)… сауға,-деді саңқ етіп
В)даусы қатты шықты
С)шаңы бұрқ етті
Д)мылтық даусы тарс-тұрс естілді
2-топ Жұмбақ
1.Көмекші етістікпен тіркескен еліктеу сөзді тап:
А) Ол сақылдап күлді.
В)Сейіт күтпеген сөзге селк етті.
С)Су сылдыр-сылдыр ақты.
Д)Аулада жыбырлаған жан жоқ.
2.Аң қимылын бейнелейтін бейнелеуішті тап.
А)тырс
В)жалт
С)маймаң-маймаң
Д)тарс
3.Қажетті еліктеу сөзді тауып қой.Қарға… етті.
А)бұрқ
В)сарқ
С)қарқ
Д)сарт
4.Бейнелеуішті белгіле
А)күні-түні,әрі-бері
В)үлкенді-кішілі
С)тыпың-тыпың, жыбыр-жыбыр
С)әкелі-балалы, балалы-шағалы
5.Еліктеу сөзді тіркесті тап
А)сыл-сылқ күлді
В)емін-еркін отырды
С)мыңға жуық
Д)әттең, естімедім –ау
3-топ
Жаңылтпаш
1.Еліктеу сөзді тап:
А)ағарады
В)гүр-гүр
С)бүлдіреді
Д)илекте
2.Бейнелеуіш сөзді тап:
А)тарс
В)жалт-жұлт
С)сыңғыр
Д)арс-арс
3.Негізгі еліктеу сөзді тап:
А)шұбартөс
В)қыңқ
С)елпең
Д)күркіре
4.Көмекші етістікпен тіркескен еліктеу сөзді тап:
А) Ол сақылдап күлді.
В)Сейіт күтпеген сөзге селк етті.
С)Су сылдыр-сылдыр ақты.
Д)Аулада жыбырлаған жан жоқ.
5.Аң қимылын бейнелейтін бейнелеуішті тап.
А)тырс
В)жалт
С)маймаң-маймаң
Д)тарс
6-әрекет. Ой қорыту. (2,5,7-модульдер) (5 минут)
«Алты қалпақ» әдісімен сабақты әр қырынан салыстырып, зерттеп, талдап қорытады
Ақ – негізгі ақпарат
Қызыл- эмоция
Жасыл-шығармашылық
Сары-оптимизм
Қара-негатив
Көк-салқынқандылық, шешім
7-әрекет. Бағалау( 1 минут)(3-модуль)
«5» — 13-15 балл
«4» -10-12 балл
«3» -7-9 балл
«2» -0-6 балл
8-әрекет. Үй тапсырмасы
312-жаттығу(Көп нүктенің орнына тиісті еліктеу сөздерді қойып, көшіріп жазу)
313-жаттығу(Жұмбақтағы еліктеуіш сөздерді табу, жаттау)
9-әрекет. Рефлексия.
«Екі жұлдыз, бір тілек» ( 2 минут) (1, 2, 3-модульдер)
Қазақ тілі → Атаулы сөйлем 8 класс
Қазақ тілі → Эвфемизм мен дисфемизм
Қазақ тілі → Жалқы есім және жалпы есім
Қазақ тілі → Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері. Интонация арқылы байланыс
Қазақ тілі → Етістіктің шақтарын қайталау
- 6943299
Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!
Пәндер
Ұстаздарға
Оқушыларға
Лауазым иелеріне
Блогтағы жазбалар
Mail.ru тобымызға қосыл
Facebook парақшамыз
VK.COM тобымызға қосыл