Сайтқа кіру
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы
КММ Академик О.А. Жаутыков атындағы
№1 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
екінші (негізгі) деңгейдегі мұғалімі
Нарымбекова Гульнар Шайзадаевна
Сыныбы: 6-сынып
Пәні: қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов «Қозыкүрең»2-сағаты
Қозыкүрең әңгімесіндеі тұлпар бейнесі
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сыни тұрғыдан ойлау, постер қорғау, «Үш жақты түсіндірмелі күнделік», интерактивті тақтамен жұмыс, Венн диаграммасы, топпен жұмыс, Синкуейн (бес жолды өлең), шығармашылық жұмыс.
Көрнекілігі: Слайдтар, плакат
І.Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру(4 мин)
Мақал-мәтелдердің қиындысы арқылы 3 топқа бөлінеді. Мақалдың мәнін ашады.
1.Жақсы аттан жал кетсе де, әл кетпейді
2.Жақсыда мін жоқ, жүйрікте сын жоқ
3.Жақсы ат алдынан сүрінбейді, артынан сүрінеді
-«Жануарым-ай, аман-есен келген екенсің ғой. Айшылық жолды алты аттап, Алатауыңа жеткен екенсің-ау… Елсіз-сусыз шөлдерден, асу бермес белдерден өтіп, туған жерге қалай жеттің екенсің?» Бұдансен не ұқтың, мәнісін қалай түсіндің?
Үйге тапсырма: «Менің тұлпарым» ойтолғау
Ойлау деңгейі/мақсаты | Күтілетін нәтиже | Тапсырма (түрткі сұрақтар, жағдай) | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау формасы | ||||||||||||||||||
Білу Түсіну (10 мин) «Қозыкүрең» әңгімесінің мазмұнын біледі. Шығармашылық қабілеті артады. | Сұрақтарға жауап бере отырып әңгіме мазмұнын тиянақтайды. Өз пікірін айтуға дағдыланады, шығармашылықпен жұмыс жасайды. | ІІ. Үй тапсырмасын сұрау 1.Бәйге -Әңгімедегі қырғыз-қазақ достығының үлгісін көрсететін кімдер? -Ералы мен Жұмаханды өте жақындастырып жіберген нендей оқиға? -Ағыбайлардың Төреқұл аулына аса салтанатпен бару себебі не? -Әңгімеде айтылатын ашаршылық қазақ елінің басынан қай жылдары өткен? -Әңгімеде қырғыздың қандай жер-су атауларын ұшыраттың? -Әңгімедегі кейіпкерлерді ата. -Суретші Ержан қырғыз бен қазақтың бет пішінінен қандай өзгешеліктерді аңғарды? -Қозыкүрең оқиғасы қай жылдары болған? -Саяқбай Қозыкүреңнің қашуға дайындалып жүргенін қандай әрекеттерінен байқады? -Жатып қалған Қозыкүреңді тұрғызу үшін Саяқбай қандай емдік шаралар қолданды? 2.Шығарма «Сыналған достық» Өзін-өзі бағалау парағы (түсіндіру)
| Сұраққа нақты жауап береді. Жазып келген шығармасын оқиды. Критерий бойынша өзін-өзі бағалайды. | Топ басшының ұпайы. Өзін-өзі бағалау | ||||||||||||||||||
Қолдану (8 мин) Тапсырманы өздігімен шешеді. | Берілген тапсырманы жан-жақты қарастыра отырып шешеді. | 1-топ Үш жақты түсіндірмелі күнделік
2-топ Жылқы малының қасиеттері (топтастыру) 3-топ «Бес жолды өлең» құрастыру Зат есім: Қозыкүрең Сын есім: Етістік: Сөз тіркесі: Синоним: Әр топ өз жұмыстарын қорғайды. Сергіту сәті Бейнефильм «Ең күшті жүйріктер» 2:15 | Әр топ өз тапсырмаларын орындайды,қорғайды. | Топ басшысының бағасы | ||||||||||||||||||
Талдау (10 мин) Оқиға мен әрекеттер туралы өз пайымдауын жасайды. | Әңгіме мазмұнының шеңберінен шығып, ой қорытады, салыстырады. | Тапсырма 1.Әңгімедегі Қозыкүрең оқиғасы баяндалған жерін мазмұндау 2. — Қозыкүрең әңгімесі неге Қозыкүрең деп аталған? — Саяқбайдың Қозыкүреңге сүйіспеншілігін толық теріп айт -Әңгімені оқығанда өзіңді қандай сезім биледі? Венн диаграммасы
| Сұраққа жауап береді.Өз сезімдерімен бөліседі. Екі әңгімені салыстырады. | Топ басшысының бағасы | ||||||||||||||||||
Жинақтау ( 8мин) Шығармашылыққа баулу | Шығармашылықпен жұмыс істеу. | Қозыкүреңге хат | Бір-біріне ой тастап, топпен жұмыс жасайды. | Топ басшысының бағасы | ||||||||||||||||||
Бағалау (5 мин) Оқушылардың өзіндік көзқарасы, пікірін қалыптастыру, білім мазмұнын бағалауға үйрету | Сұраққа өздігінше жауап береді | Өзге топтағы оқушылардың бағалауы |
Қазақ әдебиеті → "Толағай" әдеби ертегісі
Қазақ әдебиеті → Д.Исабеков "Ата үміті" (1 сағаты)
Қазақ әдебиеті → Айтыс- халық қазынасы
Қазақ әдебиеті → С. Дөнентаевтың "Заман кімдікі", «Бозторғай» өлеңі
Қазақ әдебиеті → Алпамыс батыр жырының кейіпкерлері
- 6916212
Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!
Пәндер
Ұстаздарға
Оқушыларға
Лауазым иелеріне
Блогтағы жазбалар
Mail.ru тобымызға қосыл
Facebook парақшамыз
VK.COM тобымызға қосыл