Cақтар (Қорытынды қайталау сабағы)

21 қазан 2016 - динара динара

« Оқыту дегеніміз – философиялық негізінде білім беру, ал тәрбиелеу – ұрпаққа адамгершілік өмір тәртібі мен алуан түрлі өнер салаларынан тәлімгерлік үлгі беретін ұстаздық қызмет » ,- Әл –Фараби бабамыз айтқанындай осы мақала арқылы яғни сақтар қазақтың ата тегіміз деп айта алмасақта келешек ұрпақ, болашағымыз қазақ хандығының құрылуы мен қазіргі тәуелсіз еліміз мәңгілік ел атануына дейінгі кең пейіл елімізді, кең байтақ жерімізді қан кешіп жүріп қорғаған  ата- бабаларымыздың аңсаған мұраттарына жеткендерін көрсету болды .

 

Тақырыбы: Қорытынды қайталау сабағы ( 4 тараудын « Сақтар » бөлімі )

Мақсаты :

1.Оқушылардың сақтар тарауынан  алған білімдерін кеңейтіп, тиянақтау.

2.Сақтардың тұрмысы, мәдениетін талдай келе оқушылардың ой-өрісін, өз бетінше ізденіс жұмыстарын дамыту, белсенділіктерін арттыру.

3.Оқушыларды дәстүрді сақтауға, шапшандыққа, батылдыққа тәрбиелеу,қазақтың тарихын білуге үйрету.

Сабақ түрі: қайталау

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, ойын,өздік жұмыс

Көрнекіліктер:  үлестірме-таратпалар, карталар, плакаттар

Сабақтың барысы:

                                   I.Ұйымдастыру (3мин.)

                                      II.Тез айтып бер ойыны (10мин.)

                                          III.Сөйлемді толтыр(10мин)

                                              IV.Кім көп біледі-сөзжұмбақ шешу(5мин.)

                                                 V.Картамен жұмыс(5мин.топ басшылар жарысы)

                                                    VI.өз жартынды тап ойыны (10 мин)

                                                         VII.Қорытындылау(2мин)

 

I.Ұйымдастыру :

Амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, зейінің сабаққа аудару.Оқушыларды 3 топқа бөліп, топ басшыларын сайлап, бағалау балдық жүйемен жүреді.(1сұрақ 1 бал)

II. Сақтар бөлімін қорытындылап қайталау сабағы.Қайталанатын  материалдың жоспары :

1.Сақтардың мекендеген жері.

2.Сақ қоғамы.

3.Сақтардың шаруашылығы, тұрмысы, мәдениеті.

4.Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі.

 

III. «Тез айтып бер »ойыны

1-топ

1.Б.з.б.1мың жылжықта Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпа(сақтар)

2.Грек авторлары сақтарды қалай атаған(азиялық скифтер)

3.Грек тарихшылары сақтар туралы айтқан пікірлері(дұшпанға қатал, досына адал)

4.Сақ тайпаларының тобы(парадарайа, хаумаварга, тиграхауда,)

5.Арал теңізінің солтүстік-шығыс жағасын мекендеген сақ тайпаларын ата(аргиппей)

2-топ

1.Сақ қоғамында кімдер ақ түсті киім киген(абыздар)

2. Сақ қоғамы(жауынгерлер, абыздар, малшылар, егіншілер)

3.Сақтардың негізді шаруашылығы(мал шаруашылығы)

4.Сақтардың А.Македонскиге қарсы ерлік күресі туралы жазған тарихшы(грек тарихшысы Арриан)

5.Сақ стилі(аң стилі).

3-топ

1… б.з.б. 6ғасырда сақ жеріне кім жорық жасады(парсылар)

2.Сақтардың парсы патшасы Кирге қарсы күресті кім жүргізді(томирис)

3.Сақтарды « Әлемдегі ең әділ, ең шыншыл халық» деп есептегендер (Гректер)

4.Жазба деректерден белгілі б.з.б. 570-520 жылдары өмір сүрген сақ патшайымы (Томирис)

5.Герадот жазбаларындағы сақтардың қыс кезіндегі мекені(Ағаш үйлер)

IV.Сөйлемді толтыр:

1-топ:

1.Грек авторы… сақтар туралы дерек қалдырған.(Герадот)

2.Ежелгі грек авторы Герадот сақтарды… деп атаған.(Массагет)

3.Парсы жазбаларында «сақ» сөзінің мағынасы ........(құдыретті еркектер)

4.Грек авторлары сақтар туралы «..........................» деп баяндаған.(дұшпанға қатал, досқа адал)

5.Сақтар-тиграхауда  парсы жазбаларында ........., Сырдарияның орта ағысында тұрған .(Жетісу)

2-топ:

6.Жауынгерлер, абыздар, малшылар, егіншілер  сақ… адамдар тобы (қоғамындағы)

7.Бізге жазба деректерден белгілі сақ патшасы — ...........(Томирис)

8.Страбон сақтарды  «......................................................» — деп жазған.(садақпен ,қылышпен, қола балталармен қаруланған сауыт киген)

9.Б.з.б.530жылы сақ жеріне ......  бастаған парсы әскерлері басып кірді. (Кир)

3-топ:

10.… малы сақтар өмірінде аз өсірілген мал түрі(Ірі-қара)

11.Геродот… Кирдің өлтірілгенін жазған (Сақ жерінде)

12.Есік обасы Алматының… белгілі сақ обасы.(шығысында)

13.Саркафаг – сақтардың бөренелерді бір-біріне тығыз орналастырып жасаған… (табыт)

14.Қыш күйдіретін пеш,қол диірмен тастары, тары қалдықтары табылған сақтардың… қаласы.(бәбіш молда)

15.Іле өзенінің он жақ жағалауындағы… сақ қорымы. (бесшатыр)

 

V. Сөзжұмбақ шешу « Білімінді тексер »

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақтары:

1.Есік обасынан табылған 26 таңбадан тұратын жазуы бар зат.

2.Сақтар обасындағы сағанаға жер  астымен келетін арнайы жол.

3.Томирис пен Кир шайқасы туралы жазған  Рим тарихшысы.

4.А.Македонскийдің Сырдариядан өтіп сақтарға қалай шабуыл жасағаны туралы жазған.

5.Қызылорда облысы жеріндегі б.з.б. IV-  б.з.-дың  XIII   ғасырларына жататын ежелгі қалашық

6.Сақ әйелдері туралы «ер жүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмектеседі»деп баяндайтын грек авторлары

7.Сақ қоғамындағы тайпалар мен ру арасындағы даулы мәселелерді шешті

 

VI. Картамен жұмыс… Картадан сақ-тиграхауда- Жетісу, Тянь-Шань тауларында, Сырдария өзенінің жағалауларын. сақ-парадарайа Арал теңізінің бойы мен Сырдарияның  төменгі ағысын мекен еткен., сақ-хаумаваргалар-Мұрғаб аңғарында өмір сүрген(Түркменстан), сақ-дайлар – Каспий мен Арал теңізі аралығы, сақ-аргиппейлер-Арал теңізінің солтүстік-шығысы(Орал тауының оңтүстігі, Ақтөбе,Қостанай, Торғай аймақтары), сақ-исседондардын- Сарыарқа жерін мекендеген картадан көрсету.

VII.  Өз жартынды тап ойыны:  Ойынның шарты- оқушыларға таратпалар таратылады.Бір оқушыларға сұрақтар, енді біреулеріне жауаптары, оқушылар сұрақпен сұрақтын жауабын қателеспей табулары қажет.

Сұрақ: Тиграхауда сақтарының қоныстанған аумағы?

Жауап: Оңтүстік Қазақстан

Сұрақ: Сақтар туралы мәлімет беретін жазба мәтіндері сақталған елдер ?

Жауап: Грек, парсы авторларының шығармалары

Сұрақ: Қазақстан жеріндегі сақ тайпалары туралы туралы жазған?

Жауап: Парсылар

Сұрақ: Иран жазбаларындағы «сақ» сөзінің мағынасы?

Жауап: Жүйрік атты турлар

Сұрақ: Ежелгі грек авторларының сақтарды атауы?

Жауап: Азиялық скифтер

Сұрақ: Грек деректеріндегі көшпелілердің тағы бір атауы

Жауап: дайлар

Сұрақ: Парсы жазбаларындағы теңіздің арғы жағындағы сақтар?

Жауап: сақ-парадайалар

Сұрақ: Сақ-парадайаларының оңтүстігінде қоныстанған сақтар атауы?

Жауап: Сақ-хаумаваргалар

Сұрақ: Сақ жауынгерлерінің ежелгі үнді-иран тіліндегі атауы?

Жауап: «Арбада тұрғандар»

Сұрақ: Сақ қоғамындағы абыздардың танымал белгізі?

Жауап: Тостаған мен ерекше бас киімі

 

VIII. Қорытындылау: Сабақ соныңда «Не білдім?» «Нені білмеймін?» «Нені білгім келеді?» шығу парағын толтырып, тақтада ілініп тұрған конвертке салып кетеді.

     Оқушыларды бағалау, сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларды топ басшысы өзі анықтап балдық жүйемен алған балдарына қарай бағалайды.

     Үйге тапсырма қайталау. 

 

Қорытынды сөз: Оқушыларға  көшпелі дала өркениетіндегі сақтардың дамыған әлеуетін, экономикасын, шапқыншылық жорықтарын, тәуелсіздік үшін күрестері туралы алған мәліметтері алдағы тақырыптарда да салыстыра келе ой түйіндеуге көмектеседі деген ойдамын .

Осыған ұқсас жазбалар:

БиологияФОТОСИНТЕЗ, ОНЫҢ САТЫЛАРЫ ЖӘНЕ БИОСФЕРАДАҒЫ ҒАРЫШТЫҚ РОЛІ

МатематикаНатурал көрсеткішті дәреже

МатематикаЖай бөлшектерді оқу және жазу

Қазақ тіліЕтістіктің шақтарын қайталау

ТарихСақтар тарауы бойынша ОМЖ

- 6925886

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!