Біз қазақ ежелден еркіндік аңсаған

15 қазан 2016 - Несипкул Утебаева

Утебаева Несипкул Мейманханқызы,

Түркістан қаласы, Некрасов атындағы

№9мектеп-гимназияның мұғалімі

 

Біз қазақ ежелден еркіндік аңсаған

 

      Некрасов атындағы №9мектеп-гимназияда тарих пәнінің мұғалімдері Кенжеғұлова Гүлшат пен Жұмашева Несібелінің  ұйымдастыруымен Тәуелсіздігіміздің 25 жыл қарсаңында “Біз қазақ ежелден еркіндік аңсаған” атты тарихи-драмалы кеш өткізді. Акт залы оқушыларға лық толды. Ғасырлар бойғы талай нәубет,  тар жол, тайғақ кешу өткелдерінен өткен қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін көз алдымызда (9 сынып оқушыларының қатысуымен, қазақ-орыс бөлімдері бойынша) кезең-кезеңімен сахнада қойылымдар көрсетіп шықты. “Отырардың күйреуі”,“Ясауи кесенесі”, “Ақтабан шұбырындылар”,“Жер дауы”, “Амангелді Иманов бастаған шаруалар көтерілісі”, “Қызылдар қырғыны”,“Репрессия құрбандары”, “Шығыстың қос шынары”, “Желтоқсан ызғары”, “1991-2015 жылдар жемісі” қойылымдарын жоғары сынып оқушылары асқан шеберлікпен нәшініне келтіре орындай білді. Тойлыбек Арман, Әлім Тұрған, Мұсабек Талғат, Амангелді Әйгерім, Мәдінбек Гүлназ, Бердібекова Лаура сынды оқушыларымыз көрініс көрсетуде белсенділік танытты. Музыка пәнінің мұғалімі Сұлтанбекова Айнұр  өзінің шәкірттерімен бірге қобызбен құйқылжыта күй тартты. Талай облыстық, қалалық өнер додасының жеңімпазы атанып жүрген мектебіміздің әншісі- Елнұр Досжанов патриоттық ән шырқап көрермендердің делебесін қоздырды.  Тарихи шежіреден сыр шерткен драмалық қойылымдар “Отаным, елім, жерім” деп ет жүрегі елжіреген кез келген адамның көкірек көзін шымырлатты деуге болады. Отаншылдық рухта өткізілген іс-шара мәреге жетті. Мектеп директорының орынбасары Гүлжан Мұратова өзінің  оқушыларға деген ризашылық сезімін білдірді. Осы аталған іс-шараға  белсене атсалысқан бірқатар оқушыларды “Алғыс хатпен” марапаттады. Драмалық тарихи кеш соңы ғажап думанды мерекеге ұласты.

 

- 7297149

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!