Қазақстан - болашақ Ғажапстан

14 наурыз 2017 - Инара Жиенбаева

Қазақстан – Болашақ  Ғажапстан

Отаным менің Қазақстан

Әлемді мойындатқан Ғажапстан.

91-де атанып тәуелсіз ел

Дем алды, құтылғандай қиын қыстан.

 

Өрлейді, өрлей бермек алға қарай

Шыңы көп, аспақ оның талай-талай.

Елбасы елді биік шыңға апармақ

Шығармақ Астанадан әсем Дубай.

 

2030 жылы Біздің ел де

Танылмақ Дүниежүзі барлық елге.

Туристер сан мыңдаған миллион шақты

Асыр сап, би билемек ел төрінде.

 

Бір қызығы Астанада кептеліс жоқ

Бұл уақытта шопырлардың көңілі тоқ.

Қайтсін енді аспанда такси ұшса,

Е, онда адамдарда еш арман жоқ.

 

Робот – аспаз, Робот – дана бұл ғаламда

Адамдар ұстамайды жай қалам да.

Жүріп те зор болмайды көше кезіп,

Әрине, робот толы айналамда.

 

Иә, бұның бәрі келешек

Келешекте барлық адам еріншек.

Алланың берген қол мен аяқтарын

Қолданбай жүр емес пе?! Келешек!

 

Тағдырды тәңірі жазған біз көреміз

Соған сай әдепті өмір сүреміз.

Адамзат – замананы өзгертетін

Замана адамзатты өзгертпесін.

- 7388176

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!