Мәңгілік елдің ұланымыз

15 қараша 2018 - Гулшат Исатаева

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында 2-ші қараша күні Нұрлы Ақтау ҚБ ұйымдастыруымен Маңғыстау облысының Жастар саясаты мәселелері ММ басқармасының әлеуметтік тапсырысы бойынша «Өңір жастары мен жасөспірімдері арасында рухани, отбасылық құндылықтарды насихаттау, патриоттық тәрбие беру және жастар арасында құқық бұзушылық пен діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу» шарасы аясында М.Малбасов мырза басшылық ететін «Күйкен орта мектебі» КММ-нің 10-шы сынып оқушыларымен «Мәңгілік елдің ұланымыз» атты әскери спорттық сайыс өтті. Шараның мақсаты: Жасөспірімдерді патриоттық тәрбиеге баулу, Отанымызды қорғау борышы екендігін ұғындыру, жастар арасында патриоттық сезімді ояту, жастарды жігерлендіру болып табылады. Сайыста патриоттық сезімді нығайту, мылтықпен көздеген мақсатта оқ ату, мылтықты шашып дер кезінде жинастыру сияқты тапсырмаларды орындау мақсатында өте жоғары дәрежеде өздерін, сайыста сынады. Сайыс өте әсерлі, жоғары деңгейде өтті. Үш қатысушы командаға диплом мен алғыс хат және оқушыларға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 

- 7509232

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!