"Менің мектебім" ашық сабақ

23 наурыз 2017 - Бакытгуль Мадиева

Сабақ типі: Оқушының білім – білік дағдысын тексеру сабағы.

         Сабақ түрі: қайталау

         Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, топтастыру, топпен және жекелей жұмыстар, ойын.

         Сабақта қолданылған технология: СТО технологиясының элементтері

         Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызбалар, нақыл сөздер, орамал

         Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс тілі.

         Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру.

1.     Сәлемдесу. Түгендеу

2.     Оқушы назарын сабаққа аудару

3.     Кіріспе сөз: біз бүгінгі сабағымызда өзіміздің бірнеше сабақтардан алған білімімізді, танымдық қабілеттерімізді, тіліміздің ұшқырлығын бағалап көреміз.

Сабағымыз топпен және жекелей жұмыс түрінде өтеді. Бәрі бұрынғыдай. Бізде 1-ші топ: «Ізденушілер»

Ұраны: «Іздеген жетер мұратқа»

2-ші топ: «Зерттеушілер»

Ұраны: «Біле бер қанша білсең, тағы тіле, жетерсің мақсатыңа біле — біле»

                                                                      Ж. Баласағұн

  — Жарайсыңдар, іздей жүре – білесіңдер, біле жүре – білімді боласыңдар.

     Сабағымыздың ұраны:

«Жастарымыз салт – дәстүрімізді көздің қарашығындай бағып жүретін, көптің көкейіне үміт отын жағып жүретін, адамзаттың озық ой көгінде ағып жүретіндей ибалы да, ізетті, иманды да, инабатты болуы тиіс.»

                                                                           Н. Ә. Назарбаев

Сабақ алғашқы кезеңінде үй тапсырмасын тексереміз.

1.     «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» атты ой-толғау жазу.

2.     «Сен білесің бе?» сұрақ – жауап:

А) «Бесікке салу» деген не? Ол салт – дәстүр

Ә) Адамды қандай екі нәрсе қартайтпайды? Ол бір жақсы мінез, екіншісі – жақсы сөз.

Б) Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты? Ананың сүті, ананың алақаны, ананың реніші

В) Жақсы істі қалай жасаған дұрыс? Білдірмей

Г) Сен білесің бе, Абай атамыз… үш-ақ нәрсе адамның қасиеті деген? Соларды атап беріңдерші. Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

 II. Жаңа сабақ.

1.     Тәлім – тәрбиеге, әке мен шешеге, отбасындағы сыйластыққа байланысты қандай мақал – мәтелдер білесіңдер.

Мысалы: Әкеге қарап ұл өсер,

                Шешеге қарап қыз өсер.

 

2.      – Ал енді құрметті оқушылар біз бүгін сендермен «Менің мектебім» атты тақырып аясында нәтиже сабақ бізде.

-         Менің мектебім білім беретін бе, әлде таза тұңған тәрбие беретін бе соны аңғарамыз.

-         Біз қай модульді өтіп жатырмыз?

              III модуль. Қазақ отбасында тұру.

Сабақтың мақсатымен таныстыру. Қайталау сабағы екенін айту.

1.      – Осы модульге байланысты қандай тақырыптарды өттік?

(Сызба көрсету)

2-сабақ. Қазақ отбасындағы бірінші талап.

Көмекші есімдер (грамматиканы қайталау)

 

        

III модуль. Қазақ отбасында тұру.

Көмекші есімдер.

1-сабақ. Үлкенді сыйлау-ұлылық.

3-сабақ. Тіл дамыту. Жеті ата.

«Жеті ата» өлеңі

«Ата айтады»өлеңі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 -Біз қандай өлеңдер оқыдық?

-Біз қандай грамматикалық тақырыпты өттік?

Топтастыру   -Көмекші есім сөздерден білгенімізді пысықтап алайық.

                                         (50 бет сызбаны еске түсіру)

-Көмекші есімдер деген қандай сөздер?

Мысал келтір.

-Олардың толық лексикалық мағынасы бар ма?

-К. Е. Қандай ұғымдарды саралап атайды?

-Кейбір есімдер қыс, жаз, түн сөздермен тіркесіп, қандай мағына береді?

-Изафеттік байланыста қолданған к.е. мысал келтіріңдер?

-Сөйлемнің жеке мүшесі болып жұмсала ма?

-Қай кезде сөйлем мүшесінің қызметін атқарады?

3.Меңгерген сөздермен жұмыс

-Осы модуль ішінде біз меңгерген жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын ашып, орыс тіліне аударайық.

                    «Орамал тастау» ойыны.

1.     –Қыз баласы қылықты, ұл баласы ұлықты.

2.     –Өркенің өссін.

3.     –Үлкенді сыйлау-ұлылық.

4.     –Алғысқа бөленесің.

5.     –Үлкенге құрмет, кішіге ізет.

6.     Көргенсіз болма.

7.     Құлағына құйып отырады.

8.     Тіл алғыш.

9.     Әдептілік.

10.                                                                                                                                                                                                                                       Сыпайылық.

11.                                                                                                                                                                                                                                       Мейірімділік.

12.                                                                                                                                                                                                                                       Отбасының берекесін сақтау.

13.                                                                                                                                                                                                                                       Жеті ата.

 

3.     «Дұрыс па? Бұрыс па?»(Топпен жұмыс.)

-Мұнда сендер өз жауаптарыңды мына сөздер немесе сөз тіркестерімен бастасаңдар.

«Меніңше,....

-Иә, мен келісемін, себебі...

-Жоқ, мен келіспеймін, себебі...

-Мәтін бойынша...

… деп ойлаймын.»

 

1-топ.1. «Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болуы керек»

(Түйін. Жақсы әкенің даналығы-балаға мың жылдық азық.)

2.Бала тәрбиесіндегі жақсы әдіс:

-әдепсіз сөзге үйрету;

— дөрекі аййқайлау;

— баланы жақтап, сөзін сөйлеп, мақтау.

Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.

Шешеге қарап қызын ал,

Аяғына қарап асын іш.

3.Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды.

Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды.

 

2 – топ: 1. Қазақ отбасында сыйластық бар. (Сыйлассаң сыйламды боларсың.)

2.     Қазақ отбасындағы балалар бір – біріне қайырымсыз болып өседі, осы сезімді олар өмір бойы сақтайды. (Дұрыс емес. Олар бір – біріне өте бауырмал.)

3.     Отбасының ең үлкен байлығы – бала. (Бала – бауыр ет)

4.     Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт – жас күнде көрген тәрбие. (Баланың бс ұстазы – ата – анасы.)

-         Жақсы екі топта өздерінің білгендерімен бөліс білді.

5.     «Баламасын тап»

-         Орыс тілінде берілгенді қазақшаға аударыңдар.

1)    Отец – судья своим детям. (Әке – балаға сыншы)

2)    Отец – дерево могучее, дети – его листья. (Әке – бәйтерек, бала – жапырақ)

3)    Как отблагодаришь отца, так отблагодарят дети тебя. (Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді.)

4)    Кто не знает свою родословную, тот глупый и неразумный. (Жеті атасын білмеген жетесіз)

6.     «Ата салтым – асыл қазынам»

-         Мына үзінділерге зер салып, тыңдап, қандай жыр екенін айтсаңдар?

1 – топ: Жеңілтек болма, бөпешім,

              Салмақты бол, ерлердей.

              Жүгіре берме, далаңдап,

              Құр бекерге ербеңдей.

              Жылама, балам, жылама

               ........................................

              Жетіге қашан келесің?

              Суын әкеп шешеңнің

              Ер жеткен соң берерсің,

              Құрығын ұстап әкеңнің

              Соңынан сен де ерерсің.

              Жылама, балам, жылама,

              Апаңды сен қинама.

                                    (Бұл үзінді «Бесік жырынан»)

 

2 – топ: Тақымыңды жаз, балам.

              Қадамыңа қарайық,

              Басқаныңды санайық.

              Қаз – қаз, балам, жүре ғой.

              Балтырыңды түре ғой.

              Той – құлын боп шаба ғой,

              Озып бәйге ала ғой.

              Қаз баса ғой, қарағым,

              Құтты болсын қадамың.

              Өмірге аяқ баса бер,

              Асулардан аса бер!

                                    (Бұл үзінді «Тұсау кесу» жырынан)

III. Бекіту. Ой толғаныс. Ой толғау.

«Менің мектебім – менің ата — анам»

 

Бүгінгі сабағымыздың түйіні:

     Жақсы дәстүр – отбасының берік шаңыраққа айналудың тірегі.

Оқушыларды бағалау.

Үйде: 49-57 б. оқып, қайталау.

 

- 7297018

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!