Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем

19 қаңтар 2017 - Күлзия Есенқызы

Тулебаева Айгүл Қошқарбайқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

№10 мектеп-гимназия, Астана қаласы

(сабақ жоспарының үлгісі)

 

 

Сабақтың тақырыбы: Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қарслықты салалас құрмалас және оның жалғаулықты, жалғаулықсыз түрлерінің жасалу жолдарын меңгерту. 

Дамытушылық: Зейін, ынта қабілеттерін, ой-өрістерін дамыту, ББД қалыптастыру.

Тәрбиелік: Мәдениетті сөйлеуге, тазалыққа, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Оқыту әдістері: түсіндіру, талдау-жинақтау, үш өлшемді оқыту, ситуациялық, кітаппен жұмыс, көрнекілік, топпен жұмыс

Көрнекіліктер: карточкалар, оқулық, т.б.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Оқыту әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, кітаппен жұмыс, проблемалық, талдау, жеке жұмыс т.б.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, оқулық, әдебиет (8-сынып) т.б.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Қосымша материалдар: Г.Қосымова, Н.Құрманова  Қазақ тілі (8-сынып, әдістемелік нұсқау),  Н. Оралбаева, Т. Әбдіғалиева, Б.Шалабаев «Практикалық қазақ тілі»

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, оқушыларды түгендеу, тақырыпты және мақсатын хабарлау)

2. Үй тапсырмасын тексеру

  — Себеп-салдар салалас құрмаластың жасалу жолдары?

— Себеп-салдар салалас құрмалас жасайтын шылаулар? Олардың мәні?

  — Тыныс белгілерінің қойылу жағдайлары?

   Жаттығулар тексеріледі

3. Жаңа сабақ                   

   а). Жаңа материалды түсіндіру

  Құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі іс, оқиға екіншісіндегі іс, оқиғаға қарама-қарсы болатын  салалас құрмаластың түрін қарсылықты салалас дейміз.

Қарсылықты салалас жалғаулықты, жалғаулықсыз болып екіге бөлінеді.

Тақтада: 1. Жалғаулықсыз қ.с.

Мыс: Жәнібекке ақсақал шара толы қымызды ұсынып еді, — хан басын шайқады. Баршагүл сәлем беріп еді, — ол қырын қарап кетті (үтір, сызықша қойылады).

2. Жалғаулықты қ.с. бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де,  жалғаулықтары арқылы жасалады.

Мыс: Күңгір дауыс құлағыма келеді, бірақ маған жауап қайтарған ешкім жоқ. ( үтір қойылады).

Әнкеш мені жіберер емес, сөйтсе де мен болмай оқуға кеттім. ( үтір қойылады).

Жаттығулармен жұмыс

106-жаттығу. Берілген жай сөйлемдерге ойларыңнан қарама-қарсы мәнді жай сөйлем жазып,  қарсылықты салалас құраңдар.

107- жаттығу.  Қарсылықты салаластың қай түрі екенін анықтап, тыныс белгілерінің қойылу себептерін анықтаңдар.

Жеке жұмыс.

Деңгейлік тапсырмалары бар карточкалар беріледі.

4. Жаңа сабақты бекіту

— Қарсылықты салалас?

— Жасалу жолдары?

— Жалғаулықты, жалғаулықсыз түрлеріне мысалдар келтір.

— Тыныс белгілері қалай қойылады?

5. Үйге тапсырма

— Ереже жаттау. 105, 108-жаттығулар

6. Бағалау

- 7509145

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!