Менің жазба туындым

23 наурыз 2017 - Бакытгуль Мадиева

 

«Менің жазба туындым» номинациясы.

                                               Шығарма.

                                   «Менің  Отаным»

                                                                    Отансыз адам –ормансыз бұлбұл

                                                     «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-

 

тәуелсіз Қазақстан»

                                                                                                                                   Н.Ә.Назарбаев

  Су түбінде жатқан тас,

Жел толқытса шығады.

Ой түбінде жатқан сөз,

Шер толқытса шығады,-деп дала данышпаны Асан қайғы кезінде тап басып айтып кеткендей, мен  де өз ойларымды тиянақтап, қағаз бетіне түсіруді ұйғардым.

                         «Отан»сөзі арабтың «ватан», яғни  «өлке» деген сөзінен шыққан екен.Әр адамның туып-өскен, «кір жуып, кіндік кескен» жері бар. Сол жердің киесі сол адаммен өмір бойы бірге жүреді, оны әрдайым жамандықтан сақтайды, оған қамқор болады, оны жебеп жүреді.Отанды ешкім таңдамайды ешкімнен сұрап алмайды, ол  Алланың сыйы, несібесі.Сол несібені әр адам қалай жаратады, соған қарай жақсылығы да көп болады.

                              Менің Отаным-тәуелсіз Қазақстан.Аллаға шүкір, мені, менің отбасымды, туған-туысымды осы киелі жерде туғызып,өсіріп,өндіріп келе жатқанына.Өйткені әлемнің түкпір-түкпірінде түрлі жанкешті  соғыстар мен адамзатқа қарсы түрлі қатыгездікті естіп жатырмыз.Мен өзімді осы елдің тумасы болғаныма мақтанамын.Мен өзімнің болашағымды да осы елмен тікелей байланыстырамын.

                                   Қазақстанның тарихы тереңде жатыр.Бәрімізге белгілі 2015жылы бүкіл әлемге жар салып, елдігіміздің болғанын дәлелдеп, «Қазақ хандығының -550 жылдығын » тойлап, атап өттік.Бұл дегеніміз біздің ата-бабаларымыз ел болып, мемлекет құруы  сонау  он бесінші ғасырдан бастау алған.Халқымыздың тарихи санасында өшпестей із қалдырған атақты хандар мен сұлтандар, батырлар мен билер, бектер мен әмірлер, ақындар мен жыраулар, ишандар мен абыздар сол тарихи дәуірде өмір сүріп, елдігімізді қорғап, мемлекетті дамытқан.Тарихымызды қопара берсек, атақты  «Алтын адамда» қазақтың киелі жерінде табылғанын ешкім жоққа шығара алмайды.ЮНЕСКО-ның алтын қорында біздің тарихи ескерткіштеріміз есепке алынған.Атап айтсам: «Қозы-Көрпеш-Баян сұлу», Түркістандағы «Қожа Ахмет кесенесі», Семейдегі «Абай-Шәкәрім мемориалы» т.с.с.

               Менің жерімнің қазба байлықтары қаншама! Менің жерімнің табиғаты қандай! Әсем де, әдемі әлемнің ешбір қаласынан кем түспейтін Астана қандай! Мен мақтанбаған да, кім мақтанады! «Жері байдың, елі бай» демекші, Аллаға шүкір, біздей жер жоқ, біздегідей байлық еш жерде жоқ, біздің берекелі, ынтымағы жарасқандай ел жоқ! Татулықты ту еткен қазақ халқы бүкіл әлемге үлгі болып отыр,өйткені бір шаңырақтың астында тату да, тәтті жүз отыздан астам түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері бір нанды бір үйдің баласындай бөліп, жеп отыр.Бұған қоса басқа ұлт өкілдері қазақ тілінде сөйлеп, балаларын қазақ мектептеріне оқуға, яғни білім алуға беріп жатыр.Яғни біздің мемлекеттің болашағы зор, кемелді екенін байқағанның белгісі деп ойлаймын.

            Келешекте біздің мемлекет отыз  мықты елдердің төрінен орын  алып, Ұлы Дала ұрпақтарының осал еместігін көрсететініне кәміл сенемін.Қазір біз ағылшын тілін оқып жатырмыз.Бұл дегеніміз ел экономикасын жоғары дәрежеге көтеріп, алпауыт елдермен бәсекелес болуға әкеледі.Әлі алда ЭКСПО-2017 көрмесі өтеді.Бұл көрме де менің елімнің жетістігін көрсетеді. «Егемен  болмай, ел болмас» дегендей он бесінші ғасырда халқымыздың саны небәрі 200 мың шамасында болса, қазір 17 миллион болды.Бұл да тәуелсіздігіміздің арқасы. Биыл біздің Отанымыз өзінің жиырма бес жылдығын атап өтуде.Әрине, бұл аса үлкен жас емес, дегенмен, жиырма бес жылда көптеген жетістіктерге жетіп,әлемде өз орны бар мемлекет болдық.Осы жетістіктердің бәрі  Елбасымыз Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ арқасы деп білемін.Көсемнің көрегендігі, білімділігі, еліне деген жанашырлығының айнасы.Қазақстан халқы бұл тұлғаға қарыздар деп ойлаймын.Алла осы кеменгерге зор денсаулық пен арманының ақиқатқа айналуын көруге жасса екен деп тілеймін.

              Менің Отаным күннен күнге өркендеп,өсіп өне берсін !Әрқашан еліміз аман, бауырымыз бүтін болса екен.Тәуелсіз Қазақстан Мәңгілік Елге айналсын! Осы елмен байланыстырып отырған барлық армандарымыз орындалсын! Еліме мәңгілік ғұмыр тілеймін !

- 7388310

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!