Көрісу дәстүрі

1 сәуір 2017 - Жанша Текеева

Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Текеева Жанша Тажибаевна

Бөлімнің  тақырыбы:  Әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер. Наурыз  7-сынып (екінші тіл)

Сабақтың тақырыбы:           Көрісу

Осы сабақ  арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:   

                           О6. Өзіндік көзқарасын білдіру және  бағалау  

                     7.О6. Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген  

 мәселені шынайы өмірмен байланыстыру

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар:

·         тақырып бойынша үйренген сөздерін сабақ үрдісінде қолдану;

Көптеген оқушылар:

·         мәтінге қатысты өз көзқарасын анық білдіру;

Кейбір  оқушылар:

·         мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстыру;

Бағалау критерийлері:

Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана  алады;
Мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстырады

Тілдік мақсаттар:

                  Пән лексикасы және терминология: Өңір, дәстүр, көрісу, несібе бата беру,

                  Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

                  Маған ұнаған тұсы… Менің ойымша,… Мен өз пікірімді білдірсем..

Мектеп құндылықтары:   Өзін және қоршаған ортаға деген сыйластық;  ынтымақтастық; жауапты азаматтық ұстаным; академиялық адалдық; өмір бойы білім алу; ашықтық;

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, АКТ

Осыған дейін меңгерілген білім: 7.Ж1. Мәтіндердің стильдік ерекшелігін  сақтай отырып,  күнделік, мінездеме, түсініктеме, өмірбаян  жазу. Айт мерекесі

                            Сабақта жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер:

Сабақтың бастапқы кезеңі

 

Ұйымдастыру жұмысы.

Қызығушылықты ояту

Сынып оқушыларына

                                           https://www.studystack.com/wordscramble-2449759

studystack.com сайтынан  «Наурыз мерекесі», «Көрісу күні» сөздерін әріпті құрастырып отырып таптыру.  Бұл сөздер арқылы не білетіндіктерін еске түсіріп, ойларын білдіріп  айтады.

Бүгінгі тақырыптың  «Көрісу дәстүрі» екенін тауып айтып, сабақтың мақсаты және бағалау критерийлерімен танысады.

Алдыңғы сабақта тақырып бойынша үйренген сөздерін сөздіктен қарап еске түсіріп қайталап  айтып шығады.

Сынып  «Наурыз», «Көрісу», «Мереке» сөздерімен 3  топқа бөлінеді.

Сабақтың ортасы

                   Мәтіналды тапсырма

Сөздікпен жұмыс. Үш мүмкіндікті пайдаланады. Жұбында отырған оқушыдан сұрайды, сөздік кітапты пайдалана отырып табады.Басқа топта отырған оқушыдан көмек ала алады.

Тақтағы сөздер таныс па? Уақыт мөлшерін пайдалана отырып, алдымен осы сөздердің «Аударма сөздіктен» орысша аудармасын табады. Мағынасын ашу үшін «Түсіндірме сөздікті» пайдаланады.

Өңір-

Дәстүр-

Көрісу-

Сандық-

Құшақтасу-

Несібе-

бата беру-  

Сөздікпен жұмыс жасаған соң,  әр топ  2 сөздің мағынасын анықтап  түсіндіріп айтады.

f  Қалыптастырушы бағалау.

 

Бағалау критерийлері

                    Дескриптор

Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдану;

Жаңа сөз үйренеді;

үйренген сөздерді  қолданады;

ойын анық жеткізеді;

Мәтінде көтерілген мәселені табу;

мәтін не туралы екенін біледі;

мәтіннен еске сақтаған сөйлемді есіңе түсіреді;

сөйлемге комментарий береді;

Сол мәселені шынайы өмірмен байланыстыру;

көтерілген мәселені табады;

хабарлама  жазады;

сөйлемдерін дұрыс құрады

 

Кері байланыс.

-          Топ өз жұмысын белсенді атқара алды;

-          Тақырыпқа қатысты сөздерді үйренді;

-          Сол сөздерді сөйлегенде қолдана алады,

 

Мәтінмен жұмыс.

              Сынып ортаға шеңбер құрып отырады. Оқушыларға мәтін таратылады.

     Еліміздің батыс өңірлерінде Наурыз мейрамына алдын ала үлкен дайындықтар жасалады. Өйткені, қыстан аман-есен шыққан халық бір-бірімен қауышып, амандық, саулық сұрасады. Осы тұста есте қалатын мерекелердің бірі  -14 наурыз  Көрісу мерекесі. Сол күні ауыл балалары үй-үйді аралап, үлкендердің «Жасың құтты болсын!» деп берген батасы мен тәттілерін алып, бір қуанып қайтады. Қай жерде болсын, бір-бірімен кездескен ауыл тұрғындары қол алысып, «Бір жасыңмен!» деп құшақтасып көрісіп  жатады. Әрбір үй 14 наурызда сандығының түбіндегі қыс бойы сақтаған бар дәмдісін шығарып, «Қазан толы болсын!» деп дастарқан жаяды. Отбасының үлкендері балаларына, ағайын-туысқа ақ батасын беріп, наурызға аман-есен жеткеніне қуаныш тілек айтады. Әсіресе, қариялар үшін бұл- айрықша мейрам. Себебі, бірін-бірі көптен көрмеген ауыл үлкендері мал-жан амандығын сұрап, қуанышпен қауышып жатады.

     Көрісу күні таң атқаннан бастап үй –үйді жағалап көріседі. «Кім ерте тұрып, 40 үйге кіріп, көрісетін болса, соған Қыдыр ата несібесін береді» деген де сөз бар.

    Көрісу күнін бүкіл Қазақстан бойынша тойланатын мереке емес, оны тек батысқазақстандықтар  ғана атап өтеді.                   https://surak.szh.kz/560677/

 

 

Тапсырма 1.   Мәтінді көз жүгіртіп оқу.

 

1.Мәтінде не туралы? Дәл әрі анық ойын жеткізе алу.

 

2.Еске сақтап оқу.    Өзі қалаған бір сөйлемді есіңе түсіріп айту.

 

3. Мәтіндегі кейбір сөйлемге комментарий беру.

Еліміздің батыс өңірлерінде Наурыз мейрамына алдын ала үлкен дайындықтар жасалады. Өйткені,...

Сол күні ауыл балалары үй-үйді аралап, үлкендердің «Жасың құтты болсын!» деп берген батасы мен тәттілерін алып, бір қуанып қалады....

Әсіресе, қариялар үшін бұл- айрықша мейрам.....

f  Қалыптастырушы бағалау

Кері байланыс.

-          Мәтіннің не туралы екенін айта білді;

-          Сөйлемдерді еске сақтауда белсенді болды;

-          Еске сақтап айтуында белсенділік танытты, бірақ нақты айта алмады;

-          Сөйлемге комментарий бергені ұнады, себебі, ойын еркін айтты;

-          Комментарий беруде жеткізуге талпынды, нақтылық аз болды.

Оқушылар мәтінді тағы бір рет оқып шығады.

Тапсырма 2

Жұптық жұмыс.

Жұбымен пікірлеседі. 1 минут. Мәселе іздейді.Сөйлемдерге назар салады.

Мәтінде көтерілген мәселені табады. Оқығанда әрбір абзацтағы ойды нақытылай түседі.

Мәтіннің 3 абзацын назар аударсақ. Қандай ой барын аңғардыңдар.

Көрісу күнін бүкіл Қазақстан бойынша тойланатын мереке емес, оны тек батысқазақстандықтар ғана атап өтеді.

Бұл мерекені неге батысқазақстандықтар ғана тойлайды? Неге өзге өңірлер тойламайды? деген мәселені алып, Алматы, Шымкент, Қостанай қалаларында тұратын достарына хабарлама жазады.

Хабарлама жазудың үлгісі:   

-          Мәселені анық, түсінікіті тілмен жеткізе білу;

-          Сөйлемдерді дұрыс құру;

-          Көлемі 6-7 сөйлем болса;

-          Топтағы оқушылар сағат тілімен А4 қағазына жазып шығады.

Оқушылар өз хабарламаларын сынып ішіндегі жіпке іледі, топ оқушылары танысады.Қай хабарлама ұнаса, соның жанына топтасып тұрады. Неліктен осы хабарлама ұнағанын айтып, бір-бірін өздері бағалайды.

 f  Қалыптастырушы бағалау

Кері байланыс.

-          Бұл тапсырманы орындағаны ұнады.

-          Мәселені таба алды.

-          Хабарламаны жақсы жазды.

-          Бірінші жазды. Қуаныштымын.

-          Хабарлама жазуға талпынды, кейбір жерін жеткізе алмай қалды.

Ол ойын айтуға белсенділік танытты.

Сабақтың соңы

   Рефлексия.  Тостағандарға ойларын білдіріп жазып шығады.

Менің үйренгенім...

Маған ұнаған...

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышНұр себеле, Ұлыстың ұлы күні !

Тәрбие сағатыНаурыз- жыл басы

Іс-шара мәліметтері"Құтты болсын,Наурыз" концерттік кеш

- 7508931

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!