«Тіл-татулық тірегі»

14 қаңтар 2017 - Асел Ахмет

   Абдуллина Нұршат Қылышбекқызы

    Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

                   9-сынып жетекшісі  

  Қазіргі жағдайда мемлекеттік саясатта білім берудің мазмұны мен құрылымын жаңарту, педагогтың кәсіби деңгейін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Мұғалімнің инновациялық даярлығы-педагогикалық технологияны меңгеруі және оны әр сабағында пайдалана алуына қажетті жаңа білім, білік, дағдыны меңгеруі. Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру оқыту мен тәрбиелеу үрдісі арқылы жүзеге асырылады.

       Осындай сабақтардың нәтижесінде оқушылардың оқуға деген көзқарасында өзгерістер байқалады; білім алу үдерісіне жауапкершіліктері артады, берілген тапсырмаларды  шығармашылықпен орындайды. Олардың топ ішіндегі серіктестік қарым-қатынасы артып, бір шешімге келе білуі, басқаның пікірін сыйлай білуі, өз ойын ашық айта білуіне  жол ашылады.

     Сондай әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы жүргізілген сабақтың  жоспары төмендегідей: 

Тақырыбы: «Тіл-татулық тірегі».

Сабақтың мақсаты: Сабақтың мақсаты :

1.Тәрбиелігі: Оқушыларға өз тіліміздің құдіретін, ұлтымыздың мақтанышы, айбаты екенін насихаттау, тіл – тату­лықтың, достықтың тетігі, тәр­биенің көзі, халықты бі­ріктірудің маңызды факторы екенін өскелең ұрпаққа ұғын­дыру;

2.Дамытушылығы:. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, сын тұрғысынан ойлау, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру.

3.Білімділігі:. жас ұрпаққа ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негізін қалаған бабаларымыздың айтқан дана сөздерін үйрету,  

Сабақтың     әдісі:  ой қозғау, шиыршық әдісі, пікірталас, ассоциация.

Қолданылатын технологиясы: сын тұрғысынан ойлау

Көрнекі құралдар:      маркерлер, ватман, нақыл сөздер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

II.Қызығушылықты ояту.
Әдісі: Ой қозғау стратегиясы
Мұғалім: Мен мына кішкентай ғана допқа қарап отырып біздің жерімізді, өмір сүретін мекенімізді көз алдыма елестетіп отырмын. Байқайсыңдар ма, доп та жер шарына ұқсас дөңгелек.
Егер барлық әлем сенің алақаныңда тұр деп есептесек, сенде үлкен күш пайда болса нені қалар  едің? (Оқушылардың қолына допты беріп, жағалай пікірлерін сұрау.)
Оқушы: Әлемде татулықтың болғанын қалар едім, Отанын құрмет тұтуын, адамдар бір — бірімен дос болғанын, түсінгенін. Тыныштық, бірлік, бейбітшілік болса, әрбір ел тәуелсіз, егеменді болса деймін.

(Оқушылардың пікірі арқылы тақырыпқа шығу.)

 Мұғалім: Көрдіңіздер ме, жұмыр жерді мекендейтін әрбір тірі жанның, тіршілік иесінің арманы тыныштық, бейбітшілік, егемендік, тәуелсіздік екен.

Ұғым

Анықтамалары

1.Татулық

2.Достық

3.Ауызбіршілік

4.Бірлік

5.Ынтымақтастық

1)Адамдардың бір-біріне адал, қалқытсыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті

2)Адамның берік бірлігі, сыйысымдылығы

3) Бірлікке келу, бірге тірлік жасаудың көрінісі………

4) Мақсаты бір топ мүшелерінің тату-тәттілік, ынтымақтастық, ұйымшылдық көрсете білуі.

5) ынтымақтасып біріккен бір ауыздылық, іштей байланысты табиғи бір тұтастық.

«Шиыршық »әдісі бойынша тақырыпты ашады.

1.Қазақстан қандай ел?
2. Қазақстанның қанша халқы бар?
3. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері өмір сүреді?
4. Біздің еліміздің астанасы қай қала?
5. Еліміздің басшысы кім?
6. Қазақстан қай құрлықта орналасқан?

7. Қазақстанның жергілікті халқы қай тілде сөйлеседі?
8. Қазақстанның ұлттық валютасын ата.

9.Ұлттық валюта қай жылы шықты?

10. Астана қандай өзеннің бойында орналасқан?

11.Береке басын не дейді қазақ?   (Бірлік)

 12.Ал береке бірлігі жарасқан елдің туы қандай болады?   (Биік)

 13.Ынтымақ жүрген жерде не жүреді?    (Ырыс)

14. Бүгінгі тақырыбымыз не жайлы?
    1 кезең              Жаңа ақпарат.

    Тіл – адамдық белгісінің бірі. Тіл өте қажетті, өйткені тіл арқылы бір – бірімізбен әңгімелесе аламыз. Тілсіз мемлекет болмайды. Қазақта тілі жоқ халықты – “тұл” деп атайды.Қазақ тілі – “еліміздің мемлекеттік тілі” екендігі Конституцияда заңдастырылған. Біз хабар білсек оны ауызша және жазбаша түрде айтамыз, білдіреміз. Ауызша айтқан өте қажет. Өйткені осылай әдебиет дамыған. Жазба ол ауызшадан да қажет. Өйткені жазу арқылы біз ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан қазақ халқының салт – дәстүрін, тарихын білеміз.Қазақ халқының ақын, жазушылары, шешендері өте көп. Олар қазақ тілінде еркін сөйлейді, өз ойын толық айта алады, өйткені қазақ тілі — өте бай тіл. Ана тілі ана сүтіндей өте қасиетті. Қазіргі жастардың бір қатары ана тілін білмейді, құрметтемейді. Ал кейбіреулері бірінші орынға шет тілдерін қойып қазақ тілі қазағымыздың байлығы екенін білмейді. Сол үшін біз қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміәз керек, басқа ұлттарға үлгі көрсетуіміз керек. Тілсіз білім жоқ, ал білім — өмірдің шырағы. Соған орай қазақта “Білім кілті — тіл” деген мақал бар. Бұл әдебиетті, ғылым білімді мәдениетті өркендетеді деген ұғым.

        Оған қоса мемлекеттік тіл – татулық пен бірліктің тірегі. Мемлекеттік тілді өркендетсек өзге ұлт адамдарымен осы тіл арқылы қарым – қатынаста боламыз. Тіл мен қарым -қатынас біріккенде ғана сыйластық, достық, адамгершілік пайда болады. Мемлекеттік тілді меңгеру елдің бірлігін білдіреді. Сонда мемлекетік тіл — татулық тірегі болды деп айтамыз.

Ынтымақ, бірлік, достық, татулық
Бабалардан қалған дәстүр айтулы
Түгелденіп төртеуіміз төрде тұр
Тәуелсіздік туы мәңгі тұғырлы ,-деп өз құттықтауын жолдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ассамблея Жылы — барша қазақстандықтардың ортақ мерекесі, барлық 17 млн қазақстандықтың iсi» екенін алға тартады. «Ассамблея Жылы бiздiң орасан нақты iстер мен жаңа жетiстiктердiң жылы болады. Ассамблея жылы Конституциямыздың 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңiстiң 70 жылдығы секiлдi маңызды оқиғаларға бай. Биылғы жыл тарихи тағдыры ортақ халық бiрлiгiнiң жарқын көрiнiсiне айналуы тиіс. Қазақстан — бiр ел, бiр халық, бiр болашақ. Сондықтан Ассамблея Жылының басты идеясы — «Менiң елiм — мәңгiлiк ел!», — дейді Мемлекет басшысы Н. Назарбаев өз құттықтауында.

Слайд көрсету. М.Шахановтың «Төрт ана» өлеңімен» (Интерактивті тақта қосылады)

Топқа бөліну.(Ұлт өкілдеріне байланысты)

III. Мағынаны тану (әр топқа тапсырма беріледі)

Бір қарт өзінің ұлдарына бір бума шабақты сындыруды ұсынған. Ұлдары олай әуреленіп, былай әуреленіп бір бума шыбықты сындыра алмайды.Қарт буманы шешіп, шыбықты бір талдап сындырып көруді ұсынады.Шыбықтар оп — оңай сынады.

   Сонда ақсақал қария: «Бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге де ешкімнің де әлі келмейді. Ал жеке – жеке тұрсаңдар, әрқайсыңды біртіндеп құртады» дейді. Міне, бұл халықтар достығының қаншалықты мықтылығын көрсетеді.
Түйіндеу:
— Біздің Отанымыз Қазақстан елін бүкіл дүние жүзі мойындап отыр. Мұнда тұрып жатқан адамдар бейбіт, бақытты өмір кешуде. Осындай өмірге, Тәуелсіздікке Қазақстанда мекендеген ұлттардың бірлігі арқылы қол жеткіздік.

VI. Сергіту сәті: «Тіл-ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным құралы». Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл-халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамның мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Олай болса қазір сіздерге тіл жанашыры, ақын Мұхтар Шахановтың «Рух пен тіл» өлеңі. (Серілер тобының орындауында)

Біз кімбіз? (таңбалау)

Тәуелсіз елдің  жастары

Ел қорғаушы

Өз Отанымыздың  патриоты

Заңдарын қорғайтын  ұландар

Өз жолын анықтай алатын  азамат

Адамның қадір – қасиетін  құрметтеушіміз

Әлемдік өркениетттердің   тоғысқан  жерінде  өмір  сүрген әулеттердің  ұрпақтарымыз

Ертеңгі күні ел үшін әр салада еңбек ететін еңбекқор жастармыз

Біз бақытты, Интернет жүйесіне қол жеткізген білімге құштар жастармыз

Тіл халқымның қазынасы, баға жетпес байлығы десек-осы қазына, байлықты Қарасаздан ұшқан асқақ ақын Мұқағали Мақатаев былайша жырлаған екен.

Сағынаева Г. «Үш бақытым»

Мұғалім:

Ана тілім-бәрін айтар шежірем.

Тілсіз нені  білдіре алам, не білем?

Тілім барда ғана мынау ғаламның,

Кілтін табар саналысы сезінем.

О, адамдар, қадіріне жетіңдер,

Ана тілің-анаң, сыйлап өтіңдер!-деген ақын өлеңімен бүгінгі «Тіл-татулық тірегі» атты сабағымызды аяқтаймыз. Қазақстан халықтарының тілдер күні құтты болсын! Мереке мерекеге ұлассын!

Үйге тапсырма: Сабақтағы меңгерген білім, біліктерін тиянақтап, қорытындылап, оқушылардың ойларын жинақтау мақсатында «Менің түйгенім»  жазып келу.

Сабақ маған ұнады, себебі:

Сабақ маған ұнамады, себебі

Сабақтан үйренгенім....

Бағалау:

    3 шапалақ, «екі жұлдыз, бір тілек» әдістері арқылы оқушыларды ынталандыру, марапаттау

- 6909510

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!