Ілияс жансүгіров. "Күйші" поэмасы

4 ақпан 2017 - Алия Дюсекова

Тақырыбы:   Ілияс Жансүгіров. «Күйші поэмасы»       

 

мақсаты: студенттерді Ілияс  Жансүгіров шығармасының идеялық-көркемдік мазмұнын ашу, поэмадан үзіндіні мәнерлеп оқуға дағдылау.

Тәрбиелік: ақын тілімен салынған табиғат суреті арқылы студенттердің эстетикалық тағылымын шыңдау, жас өспірімдердің табиғатқа деген адамгершілік қарым-қатынасын қалыптастыру.

Дамытушылық: өз пікірі, эстетикалық талғамы бар студент тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі:

Әдісі: талдау, іздену

Көрнекілік:  аудио құралы,   І.Жансүгіровтың портреті.

 

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

  Сабақ жоспары

«Халқымыздың қуанышты бұлбұлы»

(Ілияс туралы мен не білем?)

 

2.Үй жұмысы. Ілияс Жансүгіров шығармашылығын баяндамамен түйіндеу (іздену-зерттеу)

Оқытушы сөзі:

   Күй –сиқыр, күй — құдырет. Туған жер де күй үнімен түлейді, күй сазымен көктейді, ажарланады, тоңады, қиналады.

 

Тірек сөздер:

Сабақтың эпигрофы: «Ілияс-қазақ өнерінің жаршысы» деген қорытынды сабағымызды бастаймыз.

   Оның «Дала», «Күй», «Күйші», «Құлагер» сынды кең тынысты кемел туындыларымен көптеген өлең-жырлар, прозалық және драмалық шығармалары ұлттық әдебиетіміздің үздік жетістіктері болып саналады.

3.  Енді осы «Күйші» поэмасының мазмұнын біліп, мәтінімен таныстық. Поэманың сюжеттік желісі бойынша композициялық талдау:

                              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сюжеттің басталуы (экспозиция)

Жетісу өңірінде Хан Кененің күйші жігітті қолына алуы.

 

2.Сюжеттік байланыс. (завязка).

    Қарашаш күйші жігітті басыбайлы меншігіне сұрап алу.

 

3.Сюжеттік даму (ситуация)

Қарашаш пен күйші жігіт арасындағы көңіл-күй, іштей бұлқыныс-арбасу. Тәкаппар Қарашашты өнерге бас игізеді. Құмарлық сезім.

 Қара қас, қылаң қабақ, кер құба қыз, қара шаш, алмас сағақ, құралай көз. Қыздың бейнесін көркем суреттеу.

 

4.Сюжеттің шарықтау шегі (кульминация)

Қарашаштың қатыгездігін көрген күйші қызға деген құмарлықтан арылу. «Жек көру» күйін тартуы. Қыз бейнесін- айдаhарға, отауын- жын мекеніне теңеуі.

 

5. Сюжеттің шешімі.

Сезімнің өшуі; «Азамат» күйінің дүниеге келуі; Салт-дәстүр бейнеленеді (ақын

күйшінің үстіне шапан жауып, ат мінгізуі).

 

4. Қорытынды: Ілияс шығармашылығын түйіндеу мақсатында «Ілияс-қазақ өнерінің жаршысы» атты тақырыпқа дәлел.

 

 

(Көріністі ұсынамыз)

Үйсіннің ереулігі болар бізге!

Бергенім басы бүтін байлап басын!

Күйші:

-Не жаздым бұл осындай іс қылғаныңыз?

Не жөн бар, хан, осынша күш қылғаныңыз?

Әлде өңім! Әлде түсім! Не боп қалды?

Өзіме мен отырмын ешбір нанбай.

-Алдияр, маған жарлық еткенің бе?

Байланып басы бүтін кеткенім бе?

 

 

Хан Кене:

-Бердім мен ханышаға!

-Сатса да, сайсадағы өз еркінде!

 

Автор:

  Хан айтты! Өкім болды! Жансын, күйсін!

 Жігіттің жері Балқаш, руы үйсін!

 Жазығы домбыраны сөйлеткені,

 Сонымен кете барды сорлы күйшің!     

 

 

Қатысушылар:

Салбырап тыңдап отыр домбыраны,

Домбыра көшіреді, қондырады.

Күйші айдап көшкен елдің күйсін тарты,

Қошамет болса қалай болдырады.

 

Шаңқылдап бірде аспанда тау қыраны,

Күрпілдеп бірде бие саудырады.

Майдалап бірде қоңыр самал соғып,

Бұрқ-сарқ бірде нөсер жаудырады.

 

         Қарашаш:   Дат, тақсыр!

 

 

Хан КЕНЕ: « Ханыша, не датың бар?»

 

 

Қарашаш иіліп келіп:

       — Алдияр!

   Қамалым, хан данышпан, Кенем-құтым,

  Менің де сыртым бүтін, ішім түтін...

  Ордадан бұдан артық тілемеймін,

  Бер маған осы адамды басы бүтін...

 

 

  Хан КЕНЕ:

  -Осы ма сұрағаның, Қарашашым?

   Қаласа, қалағанын алсын, алсын!

 

 

 

Қорытынды сөз.

Өнердің қадірін өзгелерден ерте білген, халықтың өнердегі рухын жан-тәнімен түсінген, әр күйді жоғалту халық рухын кеміту екенін күйіне ұққан адам ғана өстіп айта алса керек, сондай адам ғана «Әнші», «Күй», «Күйші», «Құлагер» сынды ғажап шығармаларды тудыра алуға тиіс-ті.

 

«Арманын ақылға бағындыру қашаннан бергі адам баласының басына түсер ауыр сын.»

 

5. Үйге тапсырма: «Күй дегеніміз...» атты тақырыпта ойтолғау жазу

6. Бағалау

 

                                     

- 7509271

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!