Домбыра дала киесі

4 ақпан 2017 - Акжол Серикбаев
Домбыра дала киесі

Домбыра – дала киесі.

Қай халықты алсақта, бәрінің де өзіне лайық тілі бар. Халық өзінің тілін ең ардақты нәрсе деп есептейді, сүйеді. Ал, қазақ халқының тілі – домбыраның үні деп білемін. Домбыраның үнің жырламаған қазақ, естімеген құлақ жоқ шығар. Бұл аспаптың сазды әуені, бір пенденің құлағына жетсе болғаны, жүрегін жылытып, күмбірлеген қоңыр дауысымен адамды жаулап алады. Сол үнімен қазақ елін, жерін тербеп, бірге біте қайнасады. Осы жерден домбыраның тілін шығара білген күйшілердің шеберлігіне шыңдап айту мүмкін емес. Олар домбыраның құлағында ойнаған Біржан Сал, Ақан Сері, Үкілі Ыбырай сынды күйшілер. Олар тек қана терме тартып, күй шығарған жоқ, олар өлең мен сөзді дос қылып, құрамына даланың, халықтың әнің, зарын кіргізе білген дара күйшілер. Солардың тапқырлықтарына, парасаттарына таңдана аламыз.

Домбыраның қазақ даласына, өміріне келуі ерекше бір өмірде болған ақиқат, шыңдықтың, белгілі бір адам эпизоды арқылы суреттелетің көркем шығарма тәріздес. Домбыраның аңызы бойынша, оны ақиқатты айтқаны үшін, бір хаһан шанағына қорғасын құйған. Сол кездегі домбыраның күйін Қадыр Мырза Әли былайша сипаттайды:

«Жалған сөйлеп көрген емес соның өзінде,

Аппақ жалын күйдің  жанын жалап жатқан кезіңде», — деген екен. Осы сөзі,  әр адамды еріксіз ойға шақырады. «Домбыраны қадірле, қастерле, бұл ата-бабамыздаң қалған мұрағат», — деп айтқысы келетін сияқты. Бұл жерден домбыраның қазақ халқына қандай ыстық болғаның көруге болады.

Домбыра – екі шекті  қасиетті аспап. Бұрын ата-заманымызда домбыраның күйі дерттерді жаза білген. Домбыраның қасиетін, күш-құдыретін осы жерден көруге болады. Сырға толы күйдің сөйлей білетіні де содан. Өзінің бір тілі бардай жүректі тербетіп, ақыл айтатыны да бар. Домбыра қазақ халқы үшін жай ғана музыкалық аспаптардың бірі ғана емес, ол ата-бабамыздан қалған мұра, қазіргі «қазақ» деген аттың символы, қазақ халқының бойтұмары. Үні қазақты тербетсе, күйі әлемді тербететін бүкіл адамзат құралы. Күннің шуағындай, өмірдің маңызындай қазақтың қанына сіңген домбыра шеруі ешқашан қазақ жадысынан кетпейді. Қазақ домбыра үшін асыл қазына тәріздес. Жылт-жылт етіп тұрмаса да, асыл тастан әдемі көрінетін аспап. Әдемі болғаны соншалық, иіріліп салған оюы, екі шегі, жеті нотасы, қоңыр дауысы бәрі-бәрі асыл тастан ерекше көрінеді. Домбыраның үні өшсе, қыран құстың қанаты үзілгендей күн кешесін.

Домбыраның үні – қазақтың жыры. Домбырамен жырланған күйшілердің әр күйі, туған жердің есінде мәңгілік сақталмақ.  Себебі: сыр даланың күйімен, қоңыр Балқаш желімен сыңғырлаған әсем күйі қазақтың тарихында, есінде қалады. Домбыра – дала киесі.

 

- 7509285

Пікірлер (1)
Нургиза Кульджина # 18 ақпан 2017 в 09:41 0
Қазақтың қасиетті қара домбырасы туралы мақала үшін рахмет айтамын. "КҮЙ ОЙНАЙДЫ ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҚАНЫНДА..." ДЕГЕНДЕЙ РАСЫНДА ДОМБЫРА ҮНІ ШЫҚҚАНДА ЕЛЕҢ ЕТПЕЙТІН ҚАЗАҚ ЖОҚ ШЫҒАР.