шумер туралы

21 ақпан 2017 - Нургиза Кульджина

Амазон — Оңтүстік Америка құрлығында орналасқан, дүниежүзіндегі ең ірі өзен. Өзеннің сағасын 1500 ж. испан теңізшісі В.Я. Пинсон ашқан Алабының ауданы 7,2 млн. м², ұзындығы Укаяли бастауынан есептегенде 7000 км-ден асады. Амазонның өсімдік және жануарлар әлемі өте бай. Балықтардың 2000-ға жуық түрі бар Амазонның негізгі ағысы экватормен 5˚ оңтүстік ендік аралығында, яғни біркелкі әрі аса ылғалданған аймақта  жатыр. Анд тауынан өткен соң, өзен Амазон ойпатына шығып, оң жақтан келген Укаяли өзенімен қосылып Ұлы Амазон  өзені басталады.Мұхиттан  350 шақырым  қашықтықта әлемдегі ең үлкен атырау түзеді (аумағы шамамен 100 000 км²).Өзенге көптеген салалар құяды, олардың 20-ға жуығының  ұзындығы 1500 — 3500 км болады.

ТАҒЫ  ДА ШУМЕР

 ( немесе Амазон құпиясы )

            Осыдан біраз жыл бұрын, яғни  6 -13 сәуір 2011 жылы Ертіс өңірі газетінің № 14-15  сандарында Орхон өзенінің сағасында тасқа жазылған тарихтан бастау алған,ұлтымыздың  «Мәңгілік Ел» идеясына қосқан үлесім ретінде  әлем ғалымдары мен қазақ халқының Орта ғасырларда  ел тағдырын баян еткен шежірешілері және заманымыздың тарих білгірлері, лингвистерге арқа сүйеп «Шумер-Алаш-Түрік-Қазақ» атты жазған мақаламда Қазақ Ордасының әлем халықтары арасында алатын орны мен күмбірлеген көне замандардағы арий (таза қанды,қасиетті)  ұрпақтарымен тамырластығын байланыстырып келтірген гипотезамды  келтірген едім.  Онда алғы сөз ретінде: « Шумер (car-rиr) – Тәңір діні – Түрік — Алты Алаш – Қазақ  ұлты арасындағы табиғи байланыс туралы сөз қозғай отырып, қазақтың киелі жері қасиетті үшбұрышта (мұсылман, христиан, будда діндерінің тең ортасы) орналасуы, Көк Түріктің алтын бесігі Алтай тауының баурайы, ұлтымыздың Ұлы ғұламалары Абай, Шәкәрім, Мұхтардың Еуразия кіндігінде дүниеге келуі, Семей жері Алаштың Ордасы, Қазақстан Астанасы  Мұсылман Ұйымдарының құрылтай орталығы болып таңдалуы зейін қойған адам тегін құбылыс емес екендігін аңғарары анық. Сырлы сандықтың кілтін тапсам деген ғылыми зерттеу нәтижелері көбіне тұйыққа тіреліп, жорамал шеңберінен аспай қала береді. Өйткені мұнда адамзат баласының ой өрісі  жетпейтін галактикалық синхронды үндесу құбылысының сыртқы тылсым әсері бар екендігі хақ» — деген тұжырымды алға тартқан едім.
          Расында да саналы адамның ой өрісі жетпейтін ғұмырда болған шындық, ойлы адамның ой-өрісін жаңылдыратын таңғажайып  ақиқат әлем аренасында орын алған дүние. Тіпті сонау ежелгі ғасырларда Ассирия патшасы Ашшурбанипал жартасқа қашап «Ур қаласы маңында Шумер өркениеті өмір сүрген»-деген тарихи дерегіне тек 1927 жылы ғана ежелгі неолит дәуіріне жататын қорымды 14 метр жер қойнауынан тауып, көздері жеткенге дейін қашау жазуды қияли ертегі ретінде қабылдаған ғалымдар әлем тарихын өз білгендерімен жазып үлгерді. Әлемдік маңызға ие болған ғалым-тарихшылар қатарында  Шумер сенсациясын мойындайтындар жоқтың қасы. Мойындамайын десе қолдарындығы тарихи факті мойындаттыруда. Ал көндіккен жағдайда «әлем тарихы» жоққа шығады, онда күллі тарихты қайта жазуға тура келеді.Осы күнге дейін жаңа тас дәуірін қыш құмыралар дәуірі деп танысақ, енді қыш кітап, өркениет заманының бастауы деп тануымыз керек болады. Оның үстіне Мысыр перғаундарының жанында Қосөзен абыздары олардың жетпіс жетінші буындағы атасындай көрінеді. Л.Гумилевтың «тарихты тарихшылардай өзгерткен ешкім жоқ»-деген тұжырымы даусыз түрдегі ғылыми трактат екендігі сөзсіз. Екінші жағынан ислам дінінен өзге әлемдік діндер нанымына кері әсері тиері сөзсіз. Осы себепті «ұялғаннан қызарған»-дегендей Шумер тарихын әлем тарихына жатқызып отырғанымен, оны айналып өтіп, жабулы қазан кейпін кидірген. «Өркениет Азиядан басталғанымен кейіннен Еуропа ғалымдарының жетегінде кеткеніміз ащы шындық. Болмаса Қиыр Шығыс олар үшін қиыр, ал бізге қол созым жер »-деген Ақселеу Сейдімбеков ағамыздың сын сөзі осы тақырыпқа арналғандай. Шындығына келер болсақ Шумер тарихы  - Азия тарихы, ең алғашқы адамзат өркениетінің қайнар көзі. Самуэл Кремер мен оның жақтастары «Тарих Шумерлерден бастау алады»-деп соқырға таяқ ұстатқандай ақиқат жолын меңзесе, ақиық ақын  Олжас Сүлейменов:                                                                                                                              Шумер үшін  бүйірден ұрса,  

сен оны Отаныңдай қорғайсың.

Отан үшін жауап беретіндей боласың-

деп қанына тартқандығын байқау қиын емес.       

      Шумер өркениеті б.д.д. бес мың жыл бұрын қазіргі Иран (арья-арий-иран) жерінде орын алған таңғажайып тарихи ақиқат. Ал атамзаманнан бері «қызылбастармен» қарым-қатынасымыз кешегі қазақ-қалмақ қатынасынан айырмашылығы шамалы. Әлем ғалымдарына Шумер өркениетін танытқан ең   құнды дерек көзі 30 000 дана күйдірілген қыш кітап.Шумерлердің сына жазуында көрсетілгендей оларда сот алқасы, екі палаталы парламент, дамыған ауылшаруашылық саласы, теңіз кемелерін жасап, пайдалану, жеңіл өнеркәсіп, білім беру абыздық мектептері т.с.с. жұмыс атқарып, дөңгелекті ойлап тапқан ел болған.Саудада күміс ақша айналысқа түсіп, салық жүйесі орныққан. Медицинаны жетік меңгерген, түрлі хирургиялық, оның ішінде бас қаңқасына, көздің катарактысына дейін операциялар жасап, дезинфекцияға спиртті пайдаланған. Фундаменталды математика амалдарын, күрделі геометриялық фигуралардың алаңдарын нақтылау шумерлер меңгерген ғылым болған. Абыздары сағатты ойлап тауып, бір жылда 365 күн 15 минут 41 секунд болатынын есептеп күнтізбе пайдалана білген. Астрономияны жетік меңгергендері сонша, олар ай, күн, жұллдыздар қозғалысын дәлме дәл суреттеп, күн жүйесіндегі барлық ғаламшарлардың орнын, арақашықтығын нақты анықтаған, Ал Марс пен Юпитердің екі арасында біздің ғылымға беймәлім сопақша келген Нибиру атты ғаламшар белгіленген. Олардың жазбасы бойынша аталған ғаламшар әлемдік тартылыс күшінен тыс  жеке орбита бойынша қозғалыста болып, тек 3600 жылда бір рет осы орынға келеді екен. Қазіргі НАСА ғалымдары  Нибиру ғаламшарының жер орбитасына бағыт түзегенін жоққа шығармайды. Шумерлердің жазбасында олардың ата тегі осы ғаламшардан жерге түскен алып Анунакилерден тарағаны туралы айтылған.

         Шумер архитектурасы көне Үндінің, Америка жеріндегі майя, инк, ацтек халықтарының, Мысыр пирамидаларының құрылыстарында көрініс табады. Шумер өркениеті Мысырлықтардан әлдеқайда бұрын орныққан. Ғибадатханалары бірнеше ярусты (зиккурат-деп аталған) жоғарыға қарай көтерілетін көп баспалдақты, маңдайшасына алтын ай орағы (жарты ай) орнатылған пирамида тәріздес ғимарат. Тәңірге табынған халық болған.  Тұңғыш Шумер, Орхон жазуларын шешуде ғалымдар оқу кілті «Тәңір» сөзін оқудан бастаған. Әбілғазы хан шежіресінде «Нұх пайғамбардан Яфет-Түрік-Елше хан-Дебақұй-Киік хан-Алаша хан- деп, және Нұх пайғамбардан Алаша ханға дейінгі тараған барлық ұрпақ мұсылман болған, Татар мен Моңғол Алаштың егіз туылған ұлдары»-деген жазбалар келтіргендігінің өзі шумерліктер көшінің ежелгі замандарда Ұлы далаға келгендігін анық көрсетіп тұрған жоқ па. Шығыс тарихшылары арасында көрнекті ірі тұлға, академик Әлкей Марғұлан «…скиф-сақ мәдениеттінің тегі біздің заманымызға дейінгі ІІІ мыңжылдық тұсындағы энеолиттен басталған» деген ғылыми тұжырым жасаған .«Яфет теориясының» авторы ғұлама академик Н.Я.Маардың «Тілдер тарихының негізгі мәселелері» атты еңбегінде яфеттік бөліністен ең алғаш түркі және финн (орал-алтай тілдер тобы) тілдері бөлініп шықты дегенді алға тартса, И.М.Дъяконов, В.Д.Неронов, И.С.Свеницкаялар «Ежелгі дүние тарихы » атты үш томдық тарихи жинақтарында: Шығыстың құнарлы жерлеріне ең алғаш шумерліктер ие болып ежелгі Шумер, Египет,Үнді (Хараппа, Мохенджо-Даро),Қытай елдерінің өркениетін (б.д.д. ІҮ-ші мыңжылдық шамасында ) орнықтырды — деп жазған.Шумерлерліктер қосөзен аймағында көршілес тірлік еткен аккадтық, урартулық, хуррит, арамей, көне еврейлерге мүлде ұқсамайтын тілде сөйлегені анықталған, Лингвистердің зерттеу нәтижесінің қорытындысында шумерлер прототүрік (ежелгі түрік) тілдес болған деген тұжырымға келген. Ал алты Алаш (Қазақ,

қырғыз,өзбек, түркімен,қарақалпақ, башқұрт) халықтарының тілдері түркі тобына  жататынын, бұған Сібір халықтарының түркі тілдестігін ескере отырып мына кестеге зер салайық.        

лдыңғы Азияның  ұмыт болған (өлі) тілдерінің жетекші маманы И.М.Дьяконов кестеде көрсетілгендей жүзден астам шумер-түрік сөздерін  салғастырып ұқсастығын анықтаған.

Эвенк, якут, ненец, чукча  сияқты халықтардың аңыздарында олардың бағзы замандарда жылы жақтарда тұрғандығы, тек тайпалар арасындағы үздіксіз қырғындар оларды Сібірге ығыстырып, тұрақтандырғандығы жәйлі айтылады.

         Арий сөзі — Саr-rиr (шумер) сөзінің баламасы емес екендігіне кім кепілдік береді, екі сөздің байланысын зерттеген лингвист ғалымды ести алмай келеміз.   Ал «сақ-арий заманы»-деген тарихи термин «сақ» ұғымын шумерлерге апаратын төте жол екендігін ашық  көрсетіп тұрған жоқ па. Алтай өңірінде арийлердің іздері әлі күнге айшықталуда. Алаштың «Арыс» сөзі осы арий сөзінің баламасы екендігіне зерттеуші лингвист ғалымдар көз жеткізген.Ал шежіреге тоқталатын болсақ қазақтың Үш Жүзі — Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс бабалардан тарайтыныдығын көне заманнан айтылып келеді. Осының барлығын зерделей отырып тарихқа «Шумер» деген атпен еніп, ежелгі дәуірде Месопотамияны мекендеген халық тәңір дініне табынған Нұх пайғамбардың ұрпақтары екендігіне және түрік тектес халықтардың этногенезі осында жатқандығына көз жеткізу қиын емес. Алтын Орданың сұңғыла ойлы ханы Бердібек билік еткен  заманда ислам дінін қабылдағанымен, Сырдария өзенінен бері шығысқа қарай Мұхамед пайғамбардың, не сахабалардың  ат тұяғы тимеген.тек қожалардың (миссионер) уағыздауымен Сарыарқаны жайлаған автохтондар мұсылман дінін өз беттерімен, ерікті түрде қабылдағаны белгілі. Оның сырына үңілер болсаңыз шумер-түрік елі, тәңір-ислам діндерінің байланысын анық аңғаруыңызға болады. Тәңір дініне табынған халық мұсылман дінін өз нанымдарының сыңары ретінде қабылдаған және олардың нанымына еш кедергі келтірілмейтініне, қайта жағымды толықтырулар бар екендігіне көздері жетіп  қуаттаған. Бұдда дініндегі қытай, үнді, үндіқытай, жапон, моңғоп, маньчжур, қалмақ т.б. халықтар туралы мұндай кереметті айту қисынға келмейді.                                                                                Шумерлер прототүрік тілдес болғандығын ескеріп, мұхиттың арғы жағындағы инк, ацтек, майя халықтарымен байланысымыз қалай болғанын зерделей бағамдасақ, ежелгі замандарда өмір кешкен бабаларымыз кәрі құрлықты Еуропадан бұрын, бағзы замандарда біліп келгендігін аңғаруға болады. Ол жөнінде тарих атасы Геродот (б.д.д. 5 ғасырда.өмір сүрген) өзінің «Тарих» атты кітабында: Эллиндер амазонкаларға қарсы соғыс жүргізеді.  Фермадонтта  жеңіске жеткен шайқастан кейін эллиндер үш кемемен еліне қайтып, тірідей қолға түскен амазонкалардың бәрін алып келе жатады.Ашық теңіз үстінде амазонкалар эллиндерге шабуыл жасап бәрін өлтіреді.Кеме жүргізуді білмейтін амазонкалар Қара теңіз жағалауы Меотида көліндегі Кремныға келіп тіреледі. Кремны еркін скифтер жері болатын.Содан Сақ (еуропада скифтер-деген) тайпалары іргесіне қайдан келгені беймәлім қайқыбелді қару асынған, тілдері мүлде бөлек жат адамдар тіршілігін бақылап таң тамаша болады. Жанын берсе де жерін бермейтін жауынгер сақтар  бұл көрініске ашынып, оларды қылыш айқастыруға шақырады. Айқастан кейін қолдарына түскен бірнеше мүрдені анықтай қарап, айқасқандары әйел заты екеніне көздері жетіп таң-тамаша болады. Содан сақтар кеңесе келе әйелдермен соғысуды намыс санап, енді өлтірмеуге, қайта олар нешеу болса, сонша жас жігіттерді  солай қарай аттандыруға шешім қабылдайды. Көсемдерінің тапсыруы бойынша жігіттер олардың маңына барып, олар не істесе, соны істеуге тиіс болады. Әйелдер қуған жағдайда қаруларын қынабынан суырмай, желмен жарысқан сәйгүліктеріне мініп көз ұшында ұстауға (қыз қуу ойынын еске алыңыз (авт)), қуғын тоқталған соң қайтадан жақын маңнан қосын құрып жатып алу міндеттеледі. Сақтар мұны жауынгер әйелдерден ұрпақ алып қалғысы келгендіктен жасайды. Жігіттер кеңес шешімін бұлжытпай орындап, ешқандай арам пиғылдарының жоқтығына және амазонкалар сияқты аттары мен қаруларынан басқа түгі жоқ, екі тайпа адамдарының өмір салты ұқсас, аң аулау және қарақшылық өмір салтын  ұстанатындарын білдірді. Ақыр соңында небір асауды құрықтап жуасытатын сақ жігіттері жауынгер әйелдерді де  дегендеріне көндіреді.Қанша жауынгер  болғанымен амазонкалардың заты әйел емес пе, біраз көршілеріне еттері үйрене бастаған кезде, қайқыбелдердің бірі дүзге шыққан болып, сақ жігітімен жолығуды бастайды. Келесі шыққанында қасына жолдас қызын ерте шығып екінші сақ жігітімен таныстырады. Уақыт өте келе әрқайсысы өз теңдерін табады. Сөйтсе әйелдер өздерін амазонкалар (савроматтар «эр опат»-деп атайды. Ері опат болған деген ұғым болса керек) -деп атап,өз елдерінде азаматтары мен ер балаларын опат еткен жауларынан кек алуға бекініп осындай қадамға бел буғандарын, бірінің тілін бірі ұқпағандықтан, ыммен білдіріп түсіндіреді.

    Осыдан кейін екі қосын бірге тұра бастайды және де әрбір жігіт алғаш қатынас жасаған амазонканы әйелдікке алады. Күйеулер әйелдерінің тілін үйрене алмады, ал әйелдер олардың тілін жеңіл меңгерді. Ақырында бір-бірін түсінетін жағдайға келгенде күйеулері: «Біздің ата — анамыз, дүние мүлкіміз бар, біздің адамдарға қосылайық және сендерден басқа әйел алмаймыз»-дегендеріне амазонкалар көнбестік білдіреді. Киіз үйден шықпайтын, салттары бөлек елдің әйелдерімен бірге тұра алмайтынын және найза мен садақ атудан қол үзбейтіндіктерін алға тартады. Ақылдаса келе сақ жігіттері ақсақалдарының батасын алып, бөлінген еншілерін көлікке артып, әйелдерінің ақылымен Танаис өзенінен өтіп, шығысқа қарай үш күндік жол жүріп және Меотида көлінен солтүстікке қарай үш күндік жерге көш басын түзейді де сол жердің байырғы автохтондарымен тығыз араласып, кейіннен сіңісіп кетеді дегенді келтіреді.

Қысаша анықтама:  Ғылымда Амазонкалар Америка құрлығындағы Амазон өзені жағасында пайда болған. Найза лақтырып, садақ атуға бөгет жасамас үшін оң омырауларын сәби күнінде күйдіріп, жауға шабатын кекшіл әйелдердің әскери құрамы туралы айтылады… Америка құрлығы ХV ғ. ашылған, ал б.д.д. V ғ.яғни құрлық ашылмай тұрып екі мың жыл бұрын Геродот амазонкаларды қайдан білген?, оны  пайымдау оқырманның өз еншісінде.

       Геродоттың таңғажайып ертегіге ұқсас бұл тарихи дерегіне көптеген тарихшылар күмәнмен қарағаны мәлім. Дәл осылай жерін қорғаған әйелдер жасақтары Каспий жағасында да болып, олардың бір қызымен сақ тайпасының жігіті отау құрып.өр тұлғалы қыпшақ-қазақ солардан өрбіген деген аңыз да халық арасында сақталған. Ал сақ жігіттері мен амазонкалар некесінен тараған ұрпақ савромат елінің негізін қалаған — деген тұжырымды ғалым Л.Гумилев өз еңбектерінде алға тартады. Осыдан бірнеше жыл бұрын Америка  ғалымдары Каспий жағалауынан амазонкалардың қорымдарын тауып, «Қазақстан жері алғашқы адамзат баласының мекені болған бес нүктенің бірі екендігі дәлелденді. Жауынгер амазонкалық әйелдер қазақ жеріне қалай келген, мұны зерттеп дәлелдеу болашақтың ісі» – деген ғылыми тұжырымдарын әлем ғалымдарының алдында мойындап,  ғылымның ақиқат жолын біртабан жақындатқандарын алға тартқан. Қазақ жерінің ашылмас құпиясы мен шешілмес жұмбақтарының бір көрінісі осында. Біздің аналарымыздың атқа қонуы, ер азаматтармен үзеңгі қағыстыруы, ұрпағы үшін отқа түсер қайсарлығы осы еркін өскен амазонкалар тамырымен байланыстылығында емес екендігіне кім кепілдік бере алады (Тұмар ханым, Жауға шапқан Кенесары ханның қарындасы Бопай ханымды ,Қаракерей Қабанбайдың қызы Назым аруды, Шоқанның әжесі Айғаным ханымды, ҰОС батырлары Әлия мен Мәншүкті, басқа да жүздеген апаларымызды еске алсаңыз сауалға жауап тапқандай боласыз.) Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс осы сақ жауынгерлерімен амазонкалар некесінен дүниеге келген ұрпақ  болуы да ықтимал. Олай болғанда Алаш халқының шығу тарихы тым тереңде деп сенімділікпен айтуға болады. Жоғарыдағы ғалым И.М. Дьяконовтың тілдер кестесіне лингвистер көзімен зер сала бағамдайтын болсаңыз өте қызықты дүниені аңғаруға болады екен.Амазонка сөзін буынға бөлгенде Шумер-Түрік сөзінің байланыстығын ескеріп, «Ама-Ана»+«зен-өзен», яғни қазақша «Аналар өзені» деген атау менмұндалап тұрғанын аңғару қиынға соқпайды.Ал «ө»-әрпі бізге мұсылмандықпен бірге келген ғаріп екендігін тіл мамандары дәлелдеген дүние. Алты Алаш халықтарының этносы көрші алып елдерге ұқсамай, нәсілі бөлектеніп тұратындығының сыры да осындай байланыстардан туындаған болуы керек-ті.Тәңір дініне табынған туркі тілдес халықтармен шумерлердің байланыстығын осыдан да байқауға болады. Павлодар мемлекеттік Универститетінің тарихшы, археолог ғалымы, профессор Ж.О.Артықбаев археологиялық қазба деректерге ғылыми түрде сүйене отырып 2005 жылы жазған «Кочевники Евразии» атты кітабында халықтардың Ұлы көші адамзат тарихында кемінде екі рет орын алған және Алтай өңірінде өсіп өнген ұлттардан ең соңғылары болып немістер, латыштар, финдер көшкен екен дегенді келтірсе,әлем ғалымдарының көшбасылары «Средняя Азия была колыбелью человечества»-деп  өткен ғасырдың алғашқы жылдары мойындаған.Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би-деген мәтел  бабаларымыздан көне ғасырлардан қалған мұра. Неміс тілінде өзен сөзі «see-n», испан, инк майя, ацтек тілдерінде де сол шамалас болар, яғни Амазон өзені өз атына заты сай әлем болғаны. Болмаса біздің заманымызға  дейінгі V ғасырда Геродот амазонкалар  жайлы   сөз етпеген болар еді. ШУМЕР-ТҮРІК-АЛАШ-ҚАЗАҚ  деген ғылыми жорамалдың ізденісі амазонкалар тегінің  шығу  құпиясын ашуға да айшықты жол салғандай. 

 

Тілекқали Салимбаев.    Тарихшы

Кулджина Нургиза   № 41 мектептің  тарих мұғалімі.

Семей қаласы.

- 7296874

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!