Сәулет өнері

22 ақпан 2017 - Нургиза Кульджина

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Орта  ғасырлардағы  Қазақстан  тарихы

Мектеп:   ШҚО Семей « № 41 ЖОББМ» КММ     Сынып: 7 «Б»

Мұғалімнің есімі:  Кульджина Нургиза Бекзуркановна. Тарих мұғалімі

Тақырыбы: Қазақстандағы ХІҮ – ХҮ ғасырлардағы сәулет өнері

Қатысқандар саны:  17 оқушы  Қатыспағандар саны:0

Сабаққа негізделген оқу  мақсаты (мақсаттары)

Оқушылар ХІҮ – ХҮ ғасырлардағы сәулет өнерінің тамаша туындылары туралы біледі

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:  

·       Архитектуралық құрылыстардың кімдерге, не үшін салынғанын, бір-бірінен ерекшеліктерін  түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі:

·       Кесенелердің орналасқан жерлерін  біледі.

Кейбір оқушылар:

·       Кесенелердің  тарихи маңызын біле отырып, оларға құрметпен қарайды 

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Кесенелердің ортақ ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, безендірілу ерекшеліктерін біле отырып, кесенелер туралы әр топ постер құрастыра  алады

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Арыстан — баб, Қожа Ахмет Йасауи, Көккесене, Алаша хан, Дәуітбек, Тектұрмас, тайқазан,

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Тайқазан қайда орналасқан? Тайқазанды кім, қашан жасаған? Тайқазанның салмағы мен сыйымдылығы қанша?  Тайқазан Санкт-Петербург қаласында қай жылдары болды?

Сіз неліктен… екенін айта аласыз ба?

Арыстан-баб кесенесі қанша рет қайта тұрғызылды, неге?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Кесенелердің қай жерде орналасқаны туралы кестені толтырады, тестік тапсырмаларды орындайды

Алдыңғы тақырып:  Рухани мәдениет

Жоспар: Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескерпелерді жазыңыз)

Ресурстар: Қоржын, асықтар, маркер, плакат, стикерлер, бейнетаспа, таратпа материиалдар, слайд, кесте, ноутбук, кесенелер суреттері, карта

Басталуы

Жағымды орта қалыптастырамын. «Күміс құмған-ай» әніне қимылдар жасайды.

4 топқа нөмірленген асықтар арқылы бөлемін.  І топ. « Отырар»; ІІ топ. «Сығанақ»,   ІІІ топ. «Түркістан», ІҮ топ. «Тайқазан»

Миға шабуыл. Бейнетаспадағы «Күміс құмған-ай» әнінде билеп жүрген қыздарға қайта –қайта келіп жүрген ұл баланың әрекетіне не айтасыңдар?  Әр топ өз ойларын айтады.   Топ басшылары анықталады. Бағалау парағы беріледі.

Ортасы

 Жаңа тақырыпқа байланысты  бейнетаспа көрсетіледі. (бейнетаспаны арасында тоқтатып кесенелер аттарын дәптерлеріне жазырамын)

Топқа тапсырмалар:  1.Кесте толтыру. Бос тор көзді кестеге кесенелер қай жерде орналасқанын оқулықтан тауып топпен орындайды. «Кім жылдам?» 

Арыстан — баб. Қожа Ахмет Йасауи.Көккесене. Алаша хан. Рабиға Сұлтан Бегім. Дәуітбек кесенесі. Тектұрмас кесенесі

1.     Картадан  кесенелердің орналасқан жерлерін табады. (оқулық картасынан топпен  орындайды)

2.     Слайд арқылы кесенелер туралы қосымша мәліметтер беріледі.

Сергіту сәті. «Аларман» ойыны

Оқылым стратегиясы: Тайқазан туралы мәтін таратылады. Тайқазан — Түркістандағы қасиетті қазан. Бұл қазан 1399 жылы 25 маусымдаТүркістан қаласының батысында, 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде, сирек кездесетін жеті асыл металл қоспасынан Тебриздік шебер Абдул-Әзиз ибн Шараф әд Дин  жасаған. 7 металл мыналар: мырыш, латын, қола, қорғасын, мыс, күміс, темір. Тайқазанға 65 шелек су сияды, яғни сыйымдылығы 3 мың литр.  салмағы 2 тонна,  биіктігі – 1м 60 см. диаметрі- 2м 42 см. Түркістан тайқазаны 1935 ж. Санкт-Петербургтегі Эрмитаж басшыларының өтініші бойынша 3-халықаралық конгреске көрсету үшін әкетілген еді. Эрмитаждың төменгі қабатында 48-ші залда 54 жыл тұрып, Қазақстан үкіметінің талап етуі бойынша 1989 жылдың 18 қыркүйегінде Тайқазан Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі өз орнына қойылды.

Сөйлеу стратегиясы.  Мәтін туралы  әр топ сұраққа жауап береді:

1- топқа:   Тайқазан  қайда орналасқан?

2- топқа:   Тайқазанды кім, қашан  жасаған?

3- топқа:  Тайқазанның  салмағы қанша? Сыйымдылығы қанша?

4- топқа:  Тайқазанның  Санкт – Петербургтегі  Эрмитажда  болған жылдары?

3.     Оқулықтағы тест тапсырмаларын топпен орындайды. (жауаптарын басқа топтар тексереді. Дұрыс жауабы тақтада көрсетіледі)

4.     Электронды  оқулықтағы  тапсырмалар мен тестерді  орындату. (4, 6 тапсырма)

5.     Слайдтан кесенелерді суретіне қарап атын айтады.

6.     Тұжырымдамалық карта жасау  тапсырмасы:

1-ші топқа: Арыстан-баб кесенесі

2-ші топқа: Көккесене  туралы

3-ші топқа. Рабиға  Сұлтан Бегім кесенесі

4-ші топқа: Қожа Ахмет Йасауи кесенесі

  Аяқталу

Бағалау. Кері байланыс. Рефлексия «Отшашу»

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға  тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

Жетелеу сүрақтарын қою арқылы көмек көрсетемін. Қабілеті жоғары оқушыларға  ХІҮ – ХҮ ғасырлардағы кесенелермен Х-ХІІ ғғ кесенелердің негізігі айырмашылықтарын анықтауға тапсырмалар беремін.

Тақырып соңындағы 5 тест тапсыпмасын орындату және электронды оқулықтағы тесті оырндатамын. Топ басшысының бағалауы  және кері байланыс арқылы

Бейнелеу қнері, география пәндерімен байланыс  болады. Топтың ережесін естерінде сақтайды. АКТ пайдаланамын.

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен  берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өзарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақта жоспардағы тапсырмалар толық орындалды. Оқушылар жаңа тақырыпты түсінді. Қосымша қызықты мәліметтер алды. Оқушыларға асық арқылы топқа бөлу ұнады. Топта оқушылар белсенді жұмыс жасады. Әр берілген тапсырмаға мұқият болып, топ басшысының ұйымдастырып отырғанын байқадым. Топ мүшелерінің бір-біріне сеніммен қарағандығы, тапсырманы қажет кезінде бөліп орындап, ортақ шешімге келгендері  сәтті болды. «Тайқазан» туралы мәтінді жеке – жеке оқып, түсінгендерін бір-біріне айту арқылы мәтін мазмұны естерінде қалды, өйткені барлық топ мәтін туралы  сұрақтарға жақсы жауап берді. Электронды оқулықтан жаңа тақырып бойынша  берілген тестік тапсырмаға  берілген уақытта  толық үлгермеді, 70 пайызына  жауап бере алды. Бұл жерде менің  берген уақытым тест сүрақтарының көлеміне сәйкес келмеуінен болды.  Кесенелер туралы тұжырымдамалық картаны толық аша білді. Топ басшыларының бағалауы да шынайы болды. Сабақ соңындағы кері байланысты  олар отшашу арқылы білдірді.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Кесенелердің қайда орналасқанын  картадан табулары.

2: Тайқазан туралы мәтінмен жұмыс: жеке оқыды, топта талқылады, сұрақтарға жауап берді

Қандай екі нәрсе сабақты жықсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:Әр топ алдындағы Ноутбуктан электронды оқулықтағы 10 тест тапсырмаларын орындағаны.

2: Сабақ соңындағы Кесенелер туралы тұжырымдамалық карта жасап, оны қорғады.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Оқушылардың өзін  — өзі бағалауын  ұйымдастыру, уақытты үнемдеу  жағын қарастыру.

                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- 7509332

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!