Сарматтар 6-сынып

«Сармат» деген жұрттың аты көне дәуір авторларының еңбектерінде б.з.б. 3 ғасырдан бастап кездеседі. Осы ғасырда сарматтар күшеейіп, басқа тайпаларға үстемдігін жүргізе бастаған. Оларды тарихи деректерде алғашқы кезеңде, б.з.б. 8 ғасырда савроматтар деп атаған. 

Арал – Каспий аралығында, одан оңтүстікке қарай дах тайпалары тіршілік еткен. Каспийдің жағалауында каспийлер өмір сүрген. Каспий теңізін сол кезде Гиркан теңізі деп атаған, соған байланысты каспилерді кейде гирканилер дейтін. Сарматтардың ескерткіштері біздің жерімізде Батыс Қазақстан аймағында кездеседі. Батыс Қазақстан жеріндегі ерте темір дәуірі ескерткіштері өзен алқаптарына жақын орналасқан. Оның көпшілігі Жайық, Елек, Жем өзендерінің бойында. Бұл жақтағы обалар негізінен топырақтан, тастан немесе тас аралас топырақтан үйілген. Атырау облысының оңтүстік – шығысындағы теңіз жағалауы аудандарында (шамамен Сарықамас елді мекенінен Құлсары кентіне дейін) саз – топырақты төбешіктер бар.

 Савроматтар б.з.б. 2 ғасырда қазіргі Батыс Қазақстан жерінің батыс аймағындағы жерлерді біртіндеп жаулап, Қара теңіздің солтүстік аймақтарына дейін жетті. Савромат жөнінде грек, Рим тарихшылары Диодор, Үлкен Плиний, Полибий жазып кеткен.  Савромат – сармат тайпалары Орталық Азия мен Қара теңіз өңірі мәдениеттерін байланыстырды. Көршілес Босфор мемлекетімен байланыс орнаиып, Алдынғы Азия, Солтүстік Кавказға, Парфияға жаулаушылық жорықтар жасады.

 Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың хабарлауынша, савроматтар скиф тіліне өте жақын тілде сөйлеген, қауымдағы ерлер мен әйелдер тең саналған және савроматтар дах – массагеттермен, исседондармен туыстас келген. 

  Ғалымдар Оңтүстік Орал, Еділ бойы, Батыс Қазақстан жеріндегі савромат – сарматтардың мөлшерлі санын анықтауы бойынша, б.з.б. 2 – 1 ғасырларда савромат – сарматтардың саны 10 мыңға, б.з.б. 3 – 2 ғасырларда 20 мыңға жуық, ал б.з.б. 1 ғасыр мен б.з. – дың 1 ғасыры аралығында 5 – 7 мың адам болған.

Осыған ұқсас жазбалар:

МатематикаРационал сандарды бөлуге есептер шығару

МатематикаРационал сандарды бөлуге есептер шығару

Қазақ тіліТұйық етістік

Қазақ тіліЕсімше

- 7181735

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!