Алашқа - 100 жыл

14 наурыз 2017 - Нургиза Кульджина

«Қазақ тарихындағы Алаш кезеңі» танымдық сабағы

     3 наурыз күні (2017 ж) Семей қаласындағы № 41 жалпы орта білім беретін орта мектебінде Алашорда үкіметі құрылуының 100 жылдығына орай «Қазақ тарихындағы Алаш кезеңі» тақырыбында 10 – 11 сынып оқушыларымен танымдық сабақ болып өтті. Сабаққа қаламыздағы Алаш арыстары музейінің ғылыми қызметкері Мархаббат Толымғазықызы Қарамеңді шақырылды. Сабақ Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында мектебімізде ашылған «Мәңгілік Ел» кабинетінде болды. Алдымен Қазақстан тарихы сабағында дайындаған оқушылардың презентациялары тыңдалды. 10 «Б» сынып оқушысы Ақмарал Смаилова Алашорда үкіметінің мүшесі болған  Әлімхан Әбеуұлы Ермеков (1891 – 1970) туралы – мемлекет және қоғам қайраткері,  математика пәнінен тұңғыш қазақ профессоры екенін айтса, 11 «Б» сынып оқушысы Шыңғыс Мұратов  Алаш қозғалысының пайда болуы, Алаш партиясының, Алаш автономиясының құрылуына тоқталды. 11 «Б» сынып оқушысы Айдана Бижуманова алаш қайраткерлерінің бірі, қазақтан шыққан тұғыш биолог Күдерин Жұмахан Маусымбайұлы  туралы былтырғы жылы қаламыздағы облыстық Өлкетану мұражайында бұл туралы баяндамасын қорғап,  жүлделі орын алғаны, мақаласының «Күдерин мұралары» атты жинаққа енгнені жайында айтып берді. 6 «Б» сынып оқушысы Нұрсұлтан Тұрартаев Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Алаш ұраны» өлеңін мәнерлеп оқыды. Мектеп оқушылары Алаш туралы өз білгендерін айтып болғаннан кейін сөзді Мархаббат Толымғазықызы алып, алдымен өзі қызмет жасап отырған музей туралы, сонан кейін Алаш арыстары туралы шағын баяндама жасап, соңында «Алаш арыстары» туралы 20 минуттық бейнетаспа көрсетті.  Оқушылар  танымдық сабақтан  қорғансыз елінің тәуелсіздігі үшін  бастарын қауіп-қатерге тіккен Алаш қайраткерлерінің еліне сіңірген еңбегі тіптен өлшеусіз болғандығын, Алаш алыптары  шоғырына жататын арыстарымыздың әрқайсысының тарихтағы орны айрықша екенін, олар қозғаған идея, қазіргі тәуелсіздік идеясы екенін түсінді. Шынайы Отан сүю, патриотизмнің қандай болатынын сезінді. Танымдық сабаққа қатысып отырған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Райгүл Мұқышева сабақтың тартымды, қызықты болғанына ризашылығын білдірді және музеймен тығыз байланыста болып, болашақта тағы да бірлескен іс-шаралар өтетінін ескертті.  Сабақ естелік фотоға түсумен аяқталды.

Сабақты ұйымдастырушы тарих мұғалімі – Н. Кульджина

Семей, №41 мектеп

 

Осыған ұқсас жазбалар:

ТарихАлашорда және Түркістан автономиялары

Ұстаз ұйымдастырушыӘлихантанушы ұстаз

- 7388526

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!