Санның дәрежесіне есептер шығару

12 ақпан 2017 - Almira Zhauynbaeva
Санның дәрежесіне есептер шығару

Пәні:  математика

Мектеп:  "Л.Н.Толстой атындағы орта мектебі" КММ

Күні: 16.11.2015

Оқытушының аты-жөні: Жауынбаева Альмира

Сынып: 5

Барлық оқушы саны: 24

Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы:

Санның дәрежесіне есептер шығару

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Оқушыларға дәреже ұғымы туралы түсінік беру, санның дәрежесін табуды үйрету.  Ойлау, есте сақтау қабілеттерінің дамуына, пәнге деген қызығушылығын арттыруға ықпал ету. Топпен жұмыс жасауға машықтандыру.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Бірнеше бірдей  көбейткіштердің көбейтіндісін дәреже деп аталатын өрнек түрінде жазуға болатынын түсінеді.  Дәреже туралы түсінік қалыптасады;

   Кез келген санның квадратын, кубын есептей алады

Оқушылардың басым бөлігі:

  Санның дәрежесін табуды, санды дәрежеге шығаруды біледі.

Кейбір оқушылар:

Кез келген санның дәрежелерін есептей алады

Тілдік мақсат

Негізгі сөздер мен тіркестер:

негізі, дәреже көрсеткіші;

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін тілдік бірліктер:

·        Санның дәрежесі деп нені атайды?

·        Дәреженің негізі деп нені атайды?

·        Дәреже көрсеткіші деп нені атайды?

·        Дәреже көрсеткіші 1-ге тең санды қалай жазады?

 

·         Бірнеше бірдей көбейткіштердің көбейтіндісі дәреже деп аталады.

·         Санның дәрежесінің мәнін табу көбейту амалы арқылы орындалады.

·         Санның 2 – ші дәрежесін сол санның квадраты деп атайды.

·         Санның 3 – ші дәрежесін сол санның кубы деп атайды.

·         Санды өрнектің құрамында санның дәрежесі болса, онда дәрежеге шығаруды басқа амалдардан бұрын орындау керек.

 

 

 

 

 

 

Талдауға арналған тармақтар:    

Сандардың дәрежелеріне мысалдар келтіру арқылы дәлелдеу.

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Санның дәрежесіне  есептер шығарады

Ресурстар

5 сынып математика оқулық, жұмыс дәптері, плакат, стикер, ребус, бағалау парағы

Алдыңғы білім

Санның дәрежесі туралы мағлұмат алды

                                                           Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Басы

 

 

 

 

 

І. Ұйымдастыру.  Салемдесу. Оқушылар тізімін тексеру.  Оқушыларды шеңбер арқылы тұрғызып иықтарына түрлі-түсті стикерлер жабыстыру арқылы топқа бөлемін.

«Кім жылдам? » әдісі арқылы әр топтан бір оқушыны топ басшысы етіп сайлап алып, бағалау парақшасын беремін. Топ басшылар бағалау парағымен топ мүшелерін бағалап отырады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Жұптық» әдіспен әр оқушы өзіне түскен стикерлердегі сұраққа жанындағы жолдасымен ақылдаса отырып жауап береді.Әрбір дұрыс жауапқа 1 балл.

Стикерлер, бағалау парақшасы, сұрақтар жазылған стикер.

Ортасы

Тізбектелген есeптер топтамасы. Тақтамен жұмыс. Оқулықпен дәптермен жұмыс жүргізіледі.

Тізбектелген есeптер топтамасына топтың келісімі бойынша тақтаға оқушылар шығарылып тапсырмаларды орындайды және сәйкесінше тиесілі балл алады.

 

Алғырлар

Тапқырлар

Жастар

Достар

 

№296 А деңгейі 1 балл

1

2

3

4

 

№298 А деңгейі 1 балл

4

3

2

1

 

№ 302В деңгейі 2 балл

1

2

3

4

 

№ 306 В деңгейі 2 балл

4

3

 

2

 

 

1

 

 

 

№ С деңгейі 3 балл

 

1

2

3

4

№ 299 есепті ауызша шығарып кетеміз.

 

Жеке шығармашылық жұмыс. Жеке жұмыс парағына берілген тапсырмаларды әр оқушы өзі орындайды. Нәтижесі 1 балл.

Бүгінгі сабаққа дайындалған ребусты шешеміз. Шешкен оқушыға 2 балл

Оқулық, жұмыс дәптері, тақта, бор, жеке жұмыс парағы, ребус

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Соңы

І. Қорытынды.

Бүгінгі сабаққа кері байланыс жүргіземіз.

Үйге тапсырма

1) Санның дәрежесі тақырыбын қайталау.

2) №295, 303, 300, есептерді аяқтап шығару

Бағалау.

Сабақ барысында жиналған:

                                      "5" – 5-7 балл

                                      "4" – 3-4 балл

                                      "3" – 1-3 балл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

 

2:

 

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

 

2:

 

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

 

2:

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Биология§3 Көмірсулар

Биология§8 Бұлшық ет және жүйке ұлпаларының құрылысы мен қызметі.

Биология§35 Антропосоциогенез сатылары. Адамның бейімделуі.

БиологияМәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары

Биология§ 46 Экологияға кіріспе.

- 7509155

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!