Математика пәнін кіріктендіріп оқыту әдістемесі

12 ақпан 2017 - Almira Zhauynbaeva

Қазіргі білім беретін мектептердің ерекшелігі қоғам мен қоршаған орта туралы білімді кіріктендіру болып табылады. Мектептегі математика пәні оқушылардың диалектикалық-материалистік көзқарастарын қалыптасуына қажетті логикалық ойлау, өз ойларын дәл және қысқа түрде айтып бере білу сияқты қасиеттерін тәрбиелеуде, математика және басқа да ғылым саласының есептерін электрондық-есептеу техникаларын тиімді пайдаланып шығаруда  үлкен рөл атқарады. Осы сапалардың қалыптасуы мен дамуы мектепте математиканы тәрбиелей-дамыта оқыту мақсатының негізін анықтап, білім беру саласын ізгілендіруге ықпал етеді.

    Оқушылардың математикалық дайындығында маңызды орынды мектептегі информатика пәнін оқыту алады. Қазіргі заманның есептеу техникаларында жұмыс істей алу, жаңа ақпараттық техникаларды игеру ғана емес, сонымен қатар компьютерде есепті қою, оны шығару және компьютерді таным құралы ретінде пайдалану жатады. Бұған информатиканы математика пәнін оқыту үдерісінде қолдану, білімдерді кіріктендіру тәсілі ретінде модельдеуді пайдалану арқылы қол жеткізілуі мүмкін.

   Математикалық модельдердің қасиеттерін компьютердің көмегімен оқып-үйрену негізіне жататын кіріктендіріп оқыту жүйесі, оқу пәндері мазмұнының тәрбиелей-дамыту қызметін тереңдете түседі, оқушының толық қанды іс-әрекетін қалыптастырады. Мектепте тәрбиелей-дамыта оқытуды жүзеге асыру үдерісінің мазмұнды компоненті ретінде математика мен информатиканы кіріктендіру мәселесінің өзектілігіне әкеледі.

      Мектептегі оқыту процесінде пәнаралық байланыстар қазіргі таңда ғылымда және қоғам өмірінде болып жатқан кіріктендірулік процестердің айқын және нақты көрінісі. Бұл байланыстар оқушыларды дайындаудың тәжірибелік және ғылыми-теориялық деңгейінің артуында маңызды рөл атқарады.

   Пәнаралық байланыстарды іске асыру оқушылардың табиғат құбылыстары және олардың арасындағы байланыстары туралы біртұтас дүниетанымын қалыптастырады, ол өз кезегінде білімдерді мәнді, мағыналы және қолдануға болатындай жағдайға жеткізеді. Пәнаралық байланыстар оқушыларға басқа пәндерді оқыған кездегі алған білім мен дағдыны қолдануға көмектеседі.

   Оқытудың міндеттері көпжақты пәнаралық байланыстар көмегімен (басты пән кем дегенде үш пәнмен байланысқан болған кезде) жаңа сапалы деңгейге ғана шешіліп қоймай, сондай-ақ кешенді байқаудың негізін салады. Сондықтан, пәнаралық байланыстар оқушыларды оқытуда және тәрбиелеуде кешенді әдістердің нәтижесі және маңызды шарты болып табылады. 

Осыған ұқсас жазбалар:

МатематикаНатурал көрсеткішті дәреже

МатематикаЖай бөлшектерді оқу және жазу

МатематикаСабақтың тақырыбы: «Бөлу»

МатематикаМатематика пәнін кіріктендіріп оқыту әдістемесі

МатематикаИнтелектуалды білім сайысы

- 7297085

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!