Бұрыш. бұрыштың шамасы

6 желтоқсан 2016 - Талшын Раханова

Күні: 20.10.16

Сыныбы: 5 «В»

Сабақтың тақырыбы: Бұрыш, бұрыштың шамасы.

Сабақ мақсаты:

1)      Оқушылар бұрыштың түрлерімен танысады, градустық өлшемдерін ажырата білуге, транспортирді пайдаланып бұрыштарды салуға дағдыландыру.

2)      Есеп шығару барысында ережелерді дұрыс пайдалана отырып, есте сақтау және логикалық ойлау, талдау қабілеттерін дамыту.

3)      Өз ойын қорыта отырып, жеткізе білуге, ұқыптылыққа, нақтылыққа  тәрбиелеу.өзінің және өзгенің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, слайд(презентация), кеспе қағаздар, сағат.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: СКТ

Сабақтың барысы.

Сабақтың басы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа психологиялық дайындық.

2.      Үй тапсырмасын тексеру.

3.      Оқушыларды топқа бөлу. Топбасшысын сайлау. Топтың атын тағайындау.

Сабақтың ортасы:

1.      Жаңа тақырыппен оқушылар өздері танысып шығады.

2.      Жаңа ақпарат:  (Бұрыштың түрлерін сатылай кешенді талдау аркылы түсіндіру).  Бұрыштың түрлерін сатылай кешенді талдау

3.      «Сенемін, сенбеймін» ойын ойнату (бұрыштың түрлерін анықтауға)

4.      Бұрыштарға берілетін есеп түрлері

Сабақтың аяғы:

1.      Тест тапсырмасын орындау

2.      Кері байланыс

 «Алты қалпақтың ақылы»

 

 

 

 

 

 

 

 

1.      Санасаң, бір үйде төртеу бар,

Қаласаң, аузыңды өртейтін нәр.    (бұрыш)

2.      Балаларды жазалайтын фигура.     (бұрыш)

Балалар, бұрыштың орысша және ағылшынша аудармаларын айтыңдаршы.

(угол, angle)

 

  1.Анықтама. Бір нүктеден шыққан екі сәуледен құралған фигура бұрыш деп аталады. Бұрышты құрайтын сәулелер бұрыштың қабырғалары деп, ал сәулелер шығатын нүктені бұрыштың төбесі деп атайды.

  2.Салынуы.

Жазықтықта О нүктесін белгілеп,  осы О нүктесінен шығатын ОА және ОВ сәулелерін жүргізсек

 

 

 

  және FED бұрышы   салынады.

3. Жазылуы.  ∠ АОВ,  Себебі, бұрыш  үш нүктені: төбесі мен қабырғаларында  жататын екі нүктені төбесіндегі әріп ортасында жататындай етіп, не оның төбесін көрсетіп, не оның қабырғаларын  көрсетіп, латын әріптерімен белгіленеді. «Бұрыш» сөзі   символымен ауыстырылады.

4. Оқылуы.   Бұрыштың төбесіндегі әріп ортасында оқылып, АОВ бұрышы немесе ВОА бұрышы деп оқылады.Мұндағы О нүктесі бұрыштың төбесі, ал ОА және ОВ бұрыштың қабырғалары.Ал бұрыштың төбесін көрсетіп бір О әріпімен белгілесек, О бұрышы деп оқылады.                                                                                                                                             

5. Мағынасы.

Бұрышты бір сәуленің өз ұшынан айналуынан шыққан фигура деуге болады.Сәуленің айналуды бастаған кездегі бастапқы орны бұрыштың бастапқы қабырғасы деп, айналу тоқтаған кездегі орны бұрыштың ақырғы қабырғасы деп аталады.

6. Математикалық белгісі:

А) Жазыңқы бұрыштың  -іне тең бұрыш-бұрыштың өлшем бірлігі ретінде қабылданылған.Ол градус деп аталады.Мұндағы градус  таңбасымен белгіленеді.Бұрыштың градустық өлшемі дегеніміз— берілген бұрышта неше градустық бірлік бар екенін көрсететін градустық шама (сан).Бұрыш градуспен өлшенеді.

Толық бұрыштың  үлесі бір градус болады. Градустың   үлесі бір минут 1Минуттың  үлесі бір секунд 1.1=60′;  1.

Ә) Бұрышты өлшеу. Бұрышты транспортирмен өлшеу үшін:

v  транспортирдің центрін бұрыштың төбесіне дәл келтіру керек;

v  2)бұрыштың бір қабырғасы транспортир шкаласындағы санақ басы арқылы өтуі керек;

v  бұрыштың екінші қабырғасы өтетін шкаладағы штрих осы бұрыштың градустық өлшемін көрсетеді.

Б) Бұрыштың биссектрисасы.Бұрыштың төбесінен шығатын және оны градустық өлшемдері тең екі бұрышқа бөлетін сәуле биссектриса деп аталады.

Салыстыру. Бір бұрышты екінші бұрыштың үстіне дәл беттесетіндей етіп салу мүмкін болса, онда бұл бұрыштар тең болады. Себебі, геометриялық фигуралар сияқты бұрыштар да беттестіру арқылы салыстырылады.

Түрге айыру. Градустық шамасына қарай:

1) 90-қа тең бұрыш тік бұрыш.

2) 180⁰-қа тең бұрыш жазыңқы бұрыш.

3) 90⁰-тан кіші бұрыш сүйір бұрыш.

4) 90⁰-тан үлкен, бірақ 180⁰-тан кіші бұрыш доғал бұрыш.

БҰРЫШТАР ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

Ертеде бұрыштар патшалығы болыпты. Патшалықта салмағы 200 кг үлкен тастар болыпты. Бұрыштар патшасы: — Егер кімде – кім осы алып тасты иығымен бір күн бойы көтеріп тұра алса, сол бұрышқа қызымды беремін — депті. Осыны естіген көрші ауылдағы ағайынды үш бұрыш Доғалбай, Сүйірбай, Тікбай сынақтан өтуге келеді. Тасты көтеріп кештен таңға дейін тұрған аға бұрышқатты шаршап кетіп, белін жаза бергенде, белі кілт ете қалып белі шалқайып қалыпты. Содан бері бұл бұрыш «доғал» бұрыш деп аталып кетіпті. Ал екіншісі еңкейе бергенде белі бүкірейіп, белін  көтере алмай қалыпты. Содан бері бұл бұрышты «сүйір» бұрыш деп атап кетіпті. Ал, ортаншы бұрыш таң атқанша тасты тіп – тіке көтеріп тұрыпты. Содан бері осы бұрышты тікбұрыш деп атап, қалған бұрыштар осы бұрышқа қарап бой түзепті.

«СЕНЕМІН. СЕНБЕЙМІН» (әр топқа екіден сұрақ қойылады)

1.      -сүйір бұрыш.

2.      -жазыңқы бұрыш.

3.      -доғал бұрыш.

4.      -толық бұрыш

5.      -сүйір бұрыш

6.      -тік бұрыш

7.      -жазыңқы бұрыш

8.      -толық бұрыш

9.      -доғал бұрыш

10.  -сүйір бұрыш.

 

Есеп түрлері

1-тапсырма.  Бұрыштардың  түрлерін анықтаңдар:

24⁰;172⁰;90⁰;17⁰;45⁰;270⁰;30⁰;89⁰;179⁰;180⁰;181⁰;360⁰.

2-тапсырма. -қа тең бұрышты сызыңдар. Бұрыштардың әрқайсысының түрін анықтаңдар.

Сергіту сәті

Уақытты градустық өлшем арқылы бағалаңдар

3-тапсырма.   Егер  KLN  бұрышы  70⁰-қа, ал NLM  бұрышы 61⁰-қа  тең  болса,  KLM      бұрышын табыңдар.

4-тапсырма.  AOB  бұрышы  56⁰-қа тең. OD  биссектрисасы оны тең етіп екіге бөледі(сызып   көрсет). OC-DOB  бұрышының   биссектрисасы.COD бұрышының  шамасын  тап, ол   AOB  бұрышының   қандай   бөлігін құрайды?

5-тапсырма.  Жазыңқы бұрыш сәулелермен 4 тең бұрышқа бөлінген. Алынған бұрыштардың әрқайсысының градустық өлшеуішін табыңдар?

 

ТЕСТ

1.      Бұрышты өлшейтін құрал

A.    Сызғыш

B.     Үшбұрыш сызғыш

C.     Циркуль

D.    Транспортир

2.      -қа тең бұрыш:

A.    Тік бұрыш

B.     Жазыңқы бұрыш

C.     Толық бұрыш

D.    Доғал бұрыш

3.      Биссектриса дегеніміз:

A.    Бұрыштың шамасы

B.     Бұрыштың өлшемі

C.     Бұрышты тең екіге бөледі

D.    Бұрышты өлшейді

4.      -қа тең бұрыш:

A.    Жазыңқы бұрыш

B.     Толық бұрыш

C.     Тең бұрыш

D.    Доғал бұрыш

5.      Тік бұрыштың жартысы неше градус?

A.   

B.    

C.    

D.   

Кері байланыс

Үй тапсырмасын беру

Сабақты қорытындылау және бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы

«Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі»

 

 

 

 

 

[Ашық сабақ]

ТАҚЫРЫБЫ: БҰРЫШ. БҰРЫШТЫҢ ШАМАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім: Раханова Т.К.

 

 

 

 

2016-2017 оқу жылы

 

- 7296953

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!