"Бағандар" ашық сабақ

Үсіпбекова Назерке Дәуренбекқызы

информатика пәні мұғалімі

№56 мектеп-лицейі, Астана қаласы

(ашық сабақ) 

Сабақтың тақырыбы: Бағандар

Сабақтың мақсаты: Бағандар жайлы түсінік алады ,MS Word мәтіндік редакторында мәтіндерді бағандарға бөлуді үйренеді.

Сабақ  түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: проектор және слайд көмегімен түсіндіру, практикум элементтері бар көрсете баяндау, жеке жұмыс)
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, оқулық, проектор, жұмыс дәптері,

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 

1.      Оқушылармен амандасып, түгелдеу

2.       «Шаттық шеңберін» құрғызу.Шаттық шеңберін құрғызып, достармыздың көңілін көтеру мақсатында оларға деген жылы лебіздеріңізді білдіріңіздер. «Мен сендерге бүгінгі сабақта белсенділік танытуларыңды  тілеймін»

II. Үй тапсырмасын тексеру: «Теңге алу» ойыны көмегімен үй тапсырмасын сұрау. Ойын шарты бойынша теңгелерде жасырынған сұрақтарға жауап бере отырып, өз қоржындарына теңге жинау.

 

1.      Мына берілген қандай тізім?

  • ·         Нан
  • ·         Сүт
  • ·         Қант

2.      Мәтінді тізімге айналдыру үшін ең алдымен не істеу керек?

3.      Тізімнің түрін анықтаңдар:

Табиғи-ғылыми пәндер

А) алгебра

Б) география

4.      Мәтінді тізімге айналдыру батырмасы?

5.      Нөмірленген тізімді құру батырмасы?

6.      Таңбаланған тізімді құру батырмасы?

 

 ІІІ. Жаңа сабақ . Бірінші экранда видео  арқылы жаңа тақырып туралы жалпы мәлімет беріледі. Мәтінді бағандарға бөлу – сөздік, өлеңдер жазғанда қолдануға болады. Мәтінді бағаналарға бөлу үшін алдын ала тұтас құжатты немесе оның кез келген бөлігін белгілеп аламыз. Разметка страницы (Бетбелгі) режиміне көшеміз. Саймандар тақтасында орналасқан Бағаналар батырмасын шертеміз де, ашылған сұхбат терезеден қажетті баған санын көрсетеміз. Бағаналар сұхбат терезесінде мәтіндегі бағандар санын, енін, олардың бір-бірінен ара қашықтық мәнін бере аламыз. Егер бағандар арасынан сызықпен бөлгіміз келсе, Разделитель (Бөлгіш) жалаушасын көтереміз.

 

Дәптермен жұмыс(экранда берілген анықтаманы дәптерлеріне жазып алады).

ІV. Жаңа түсінікті тексеру: Компьютерде практикалық жұмыс

Оқушылар кітапта берілген  А деңгейіндегі тапсырмаларды компьютерде отырып орындайды.

Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға.
Жақсы ат пен тату жолдас – бір ғанибет,
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға.

 

Салаң етіп жолықса қайтқан ізі,
Сағадан сымпың қағып із шалғанда.
Бүркітші тау басында, қағушы ойда,
Іздің бетін түзетіп аңдағанда.
 

Томағасын тартқанда бір қырымнан,
Қыран құс көзі көріп самғағанда.
Төмен ұшсам түлкі өрлеп құтылар деп,
Қандыкөз қайқаң қағып шықса аспанға,
 

Көре тұра қалады қашқан түлкі,
Құтылмасын білген соң құр қашқанға.
Аузын ашып, қоқақтап, тісін қайрап,
О да талас қылады шыбын жанға.

 

 

V. BILIMLAND.KZ  сайтын қолдана отырып, тапсырмалар орындау.

VІ.Жаңа тақырыпты бекіту Тест.  BILIMLAND.KZ  сайтында, балалар сол сабақта алған білімдерін пайдалана отырып, сұрақтарға жауап береді.

VІІ.Үйге тапсырма: Түйін жазу, буклет жасау
VІІІ. Оқушыларды  бағалау. Әр оқушының алған фешкалары арқылы экранда көрсетілген шкала бойынша бағалау.

ІХ. Рефлексия. Бүгінгі сабақта нені білдім? Нені білгім келеді? сияқты сұрақтарға жауап беруі үшін оқушыларға стикелер таратылып беріледі. Оқушылар стикерлерге бүгінгі сабаққа рефлексия жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

- 6918755

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!