Сайтқа кіру
Тақырыбы: «Аннимация әсерлерін баптау, тұсаукесерді көрсету»
Сабақтың мақсаты:
Аннимациялық баптауларды үйрету;
Оқушыларды слайдтарды көрсету тәртібімен, оларды баптаумен таныстыру;
Оқушылар білуі тиіс:
Аннимация және слайдтарды ауыстыру тәртібімен баптауды; тұсаукерді көрсету режимдерін;
Оқушылар үйрену тиіс:
Аннимация мүмкіндігін пайдалана отырып, көрсету үшін материалдарын дайындауды; тұсаукесер көрсетуді;
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сабаққа дайындығын тексеру
2. Жоқ оқушаларды тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру: 1. Тест бағдарлама арқылы оқушылардың
білімін тексеру;
2. Өтілген материалдарджы қайталау;
Жаңа материалды беру:
1. Аннимация туралы түсінікті беру:
Анимация (Animation) — ол қозғалыстың әр түрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін экранда жылдамдата көрсету арқылы дене қозғалысы динамикасын бейнелеу тәсілі. Мультимедиа жүйесінде — қозғалыстың әр түрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін жылдамдата көрсету арқылы қозғалыстағы объектіні экранда бейнелеу тәсіл.
2. Аннимацияның жіктелуі:
Түсаукесердегі аннимация
Слайдтар
Нысандар
Сурет
Мәтін
Кесте
Фильм, дыбыс
3. Слайдтардың ауысым режимін баптау:
· Қолмен;
· Уақыт бойынша;
4. Аннимацияны енгізу:
Аннимациялық әсерді жолақтағы Аннимация тіркеме парағының бұйрықтары көмегімен слайдқа тұтастай немесе оның жеке элементтерін қолдануға болады. Нысанға аннимациялық әсер тағайындау үшін оны ерекшелеп, Аннимация – Аннимацияны баптау бұйрықтарын таңдандар да, пайда болған сұхбаттық терезеде қызықтыратын әсерді таңдау керек.
1. 2.
3 4
5. Слайдтарды көрсету.
Слайдтарды көрсету тиісті режимдерге көшу батырмаларымен немесе F5 пернесімен жүзеге асырылады.
Көрсету режимінен шығу ESC орындалады.
Практикалық жұмыс:
1. Оқушылар «Менің Қазақстаным» атты презентацияны жасайды. Материалды Интернеттен алады. Презентацияда 6 слайд болу керек:
1 слайд – титулды слайд: Мектеп, тақырыбы, оқушының аты-жөні таралу ақпарат орналасады.;
2 — 5- слайд тақырыбы туралы;
6 слайд – пайдаланған ресурстар (әдебиеттер, сайттар) тізімі.
2. Презентацияда слайдтар алмасуы, анимация болу керек. Презентация
қолмен ауысым режимі бойынша бапталанады.
3. Орындалу уақыты 10 минут.
4. Оқушылар өз жобаларды қорғайды.
Сабақты қорытындылау: Оқушылардың бағаларын айтып шығу;
Үйге: 203 – 210 бет оқу, «Менің досым» презентацияны жасап әкелуге.
Информатика → Сабақтың тақырыбы: Презентация обьектілеріне анимация қою.
Математика → Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу
Химия → Күкірт қышқылының маңызды қасиеттері.
Физика → Дыбыс. Дыбыс сипаттамалары
- 7181816
Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!
Пәндер
Ұстаздарға
Оқушыларға
Лауазым иелеріне
Блогтағы жазбалар
Mail.ru тобымызға қосыл
Facebook парақшамыз
VK.COM тобымызға қосыл