Шарттарды программалау

25 наурыз 2017 - Гулнур Алтынбекова

Бекітемін:_________

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: информатика

Сынып: 8

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Шарттарды программалау

Сабақтың мақсаты:

а) шартты оператормен таныстыру, программа құру барысында қолдануды меңгерту;

ә) Паскаль программалау тілі туралы білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

б) ұқыптылыққа, жауапкершілікке және ақпараттық мәдениеттіліккке тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже:  Алгоритм түрлерін  және сызықтық алгоритмді меңгере отырып, алгоритм түрлерін ажырата біледі

Сабақ кезеңдері: 

Әдіс-тәсілдер

Жасалатын іс-әрекеттер: Топқа бөлу.  Қызығушылықты оятуСұрақ- жауап:

Өткен материалды қайталау сұрақтары

1.      Алгоритм ұғымы

2.      Алгоритм қасиеттерін атаңдар

3.      Алгоритм түрлерін атаңдар

4.      Алгоритмнің жазылу тәсілдерін атаңдар

 

Ресурстар:   

АКТ, ДК, интерактивті

тақта, ЭО, слайдтар,

маркер, стикерлер.

Оқулықпен жұмыс.

Түртіп алу әдісі
Біріні-бірі бағалау

Тармақталған алгоритмдер – алгоритмде арифметикалық теңсіздік пен теңдік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Логикалық шарт тексеріледі, егер орындалса, онда 1 – жолмен, ал егер орындалмаса, онда 2-ші жолмен жүзеге асады да, соңында екі тармақ бірігеді. Мұндай алгоритмдерді шарт тексеру, яғни тармақталу алгоритмдері деп атаймыз. Блок схемасында шарт тексеру блогы – ромб қолданылады.

Тармақталған алгоритмді Паскаль тілінде шартты операторлар деп атайды. Оператордың IF < шарт> THEN <1 оператор> ELSE < 2 оператор>;

IF – шарт

< шарт> — логикалық өрнек

THEN  - онда

<1 – оператор > — командалар тізбегі

 ELSE – әйтпесе

< 2- оператор >; — командалар тізбегі

Егер шарттың мәні «ақиқат» болса, THEN сөзінен кейінгі оператор, ал мән «жалған» болса, ELSE сөзінен кейінгі оператор орындалады.

Шарт өрнегін жазу үшін мынадай салыстыру белгілерін пайдаланамыз:

=                   Тең

<                    кіші

<=                  Кіші немесе тең

>                    Үлкен

>=                  Үлкен немесе тең

<>                  Тең емес

Мысал 1:   
program esep_1;
var x,y:real;
begin
read(x);
if x<3 then y:=x+2 else y:=5*x;
write(‘y=’,y);
end.

Мысал 2: Екі санды салыстырып, үлкен мәнді экранға шығар.

PROGRAM esep_2;
VAR a,b: real;

Begin
Write(‘vedite a,b’);
read(a,b);
if a>b THEN write(‘max a’) else write(‘max b’);
end.

Оқушылар тапсырманы тақтада орындайды.

Сабағымызды бекіту үшін төмендегі тапсырмаларды орындайық.

№1. Берілген санның оң немесе теріс екенін анықтайтын программа құр.

№2. N-саны берілген. Оң сан болса квадратын, теріс сан болса кубын есептейтін программа құр.

№3. Бөлменің температурасы 50 градустан жоғары болса, “ыстық” сөзін, 25 градустан  жоғары болса, “қалыпты” сөзін, ал 25 градустан төмен болса, “суық” сөзін  экранға шығару керек.

 

Слайд, флипчарт,  маркер, стикер

Ой толғаныс

Тапсырмалар.

Топтық тапсырма

Бірін-бірі бағалау

Үйге тапсырма

І топтың тапсырмасы

Егер достарым келсе, онда мен серуенге шығамын, әйтпесе шықпаймын

10 саннан бүтін сандар тізбегі берілген, осы сандардың ішінен 5 санынан үлкен сандар қашан екенін анықтайтын блок схемасын құрыңыздар

ІІ топтың тапсырмасы

Егер сабаққа дайындалып барсам, онда жақсы баға аламын, әйтпесе жаман баға

10 саннан бүтін сандар тізбегі берілген, осы сандардың ішінен 6 санынан үлкен сандар қашан екенін анықтайтын блок схемасын құрыңыздар

 

Шарттарды программалау.

Слайд, стикер, флипчарт

Сәтті тұстары

Сәтсіз тұстары

 

 

 

 


 

 

 

- 7509169

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!