Нөмірленген тізім

25 қаңтар 2017 - Перизат Казбекова

Нөмірленген тізім
Microsoft Word тізім жасуашылардың барлығын қолдайды және тізімдерді тез және оңай жасауға мүмкіндік береді.Тізім – бұл нөмірленген абзацтар қатары.Сонымен қатар көпсатылы тізімдер де құруға болады.
Нөмірленген тізімді құру үшін менюдегі негізгі бөлімнің Абзац тобындағы нөмірленген батырмасын басу керек.Тізімді ашу және нөмірлеудің берілген жеті түрінің бірін таңдау керек.Нөмірлеудегі «Нөмірдің жаңа пішімін анықтау» терезесінде өзгертуге болады оны нөмірлеудің жаңа пішімін анықтау… бөлігі арқылы шақырамыз.Мысалы оны мына мәтінге орындап көрсетейін. Дәл осылай көпсатылы тізімдерді де құруға болады.
Маркерленген тізім
Азат жолында белгілі таңбалар тұратын абзацтар маркерленген тізім деп аталады. Маркерленген тізім құру үшін менюдегі негізі бөлімнің Абзац тобындағы, макер батырмасын басып, берілген маркердің бірін таңдау керек. Маркерді жаңа маркерді анықтау терезесінде өзгертуге болады. Оны мәтінге қолданғанда былай орындаймыз.
Бағандар
Бағандар- мәтінді бірнеше бағандар түрінде ерекше орналастыру, бір бағанды аяқтайтын мәтін, келесі бағаннан бастап жалғастырылады
Көпбағанды өңдеу- мәтінді бірнеше бағандарға орналастыру дегенді білдіреді.
Мәтінді бірден бағаналарға бөліп жазуға да және алдын ала терілген мәтінді бағандарға бөлуге де болады.
Ол үшін мындай дайын мәтін аламын мысалы мен Абайдың Ғылым таппай мақтанба өлеңін алдым, енді оны бағандарға бөлу үшін негізгі менюден парақ белгісі немесе разметка страницы бөлігін басып баған /колонки батырмасын басамын. Шыққан терезеден неше бағанға бөлу керек соны таңдаймын. Дәл осылай қажетті бағанға бөлудің түрлерін таңдауға болады.
 

- 7296981

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!