Растрлық графиканы өңдеу редакторы

25 наурыз 2017 - Гулнур Алтынбекова

Бекітемін:_________

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: информатика

сынып :7в

Күні :

Сабақтың тақырыбы:

Растрлық графиканы өңдеу редакторы

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушыларға растрлық  графиканы өңдеуді, баспаға дайындауды және баспадан шығаруды үйрету;

ә) Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын, графикалық редактормен жұмыс істеу тәжірибесін дамыту;

б) оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке және ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Растрлық  және векторлық графиканы өндеуді, баспаға дайындауды және баспадан шығаруды үйренеді. Растрлық және векторлық бейнелердің параметрлерін меңгереді. Растрлық бейнелермен жалпы жұмыс жасау тәсілдерін  менгеріп, дағдыланады. Жауапкершілікті сезінеді.

Сабақ кезеңдері

Қызығушылықты ояту:  Тренинг «Сурет», Топқа бөлу: Мозайка

Оқушылар «монитор» және «колонка» сурет қиындыларын құрастыру арқылы 2 топқа бөлінеді

Ресурстар:  интерактивті

тақта, сурет қиындылары

маркер, стикерлер.

Үй тапсырмасын пысықтау

«Үшеудің біреуі жалған» ойыны

Топтарға бірін-бірі бағалауға рұқсат беру

Топтар үй тапсырмасы бойынша үш ұйғарым жазады, оның біреуі жалған болып табылады. Екі топ уйғарымдармен алмасады. Ұйғарымды оқып, қайсысы дұрыс еместігін талқылайды.

Топтар  бір-бірін смайликтер арқылы  бағалайды

Ресурстар: А4 форматтағы ақ қағаз, Смайликтер, стикер

Мағынаны ашу:

Оқушыларды презентация арқылы GIMP (GNU  Image Manipulation Program) редакторының интерфейсімен  таныстырамын. GIMP редакторында жұмыс істеу тәсілдерін үйретемін

Ресурстар: Слайд

Оқулық, компьютер,

GIMP графикалық редакторы

Түртіп алу әдісі: Оқушылар кітаптан тақырып соңындағы "Түйін" бөлімін дәптерге жазып алады

Шығармашылық жұмыс.GIMP  редакторымен жұмыс жасау. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс 141 бет

Фигуралар арқылы бағалайды

Сабақты бекіту

«Топтық зерттеу» әдісін қолдана отырып, оқушыларға жаңа сабақтан сұрақтар беріледі

Әр топ сұрақты талқылап, өз жауаптарын флипчартқа түсіреді. Ақпарат жинастырады, талдайды

Бағалау парағы

Ой толғаныс

ББҮ кестесі: Білемін, Білдім, Үйренемін

Үй тапсырмасы

27. Растрлық гркафиканы өңдеу редакторы.

Графикалық суреттер салып әкелу.

Сабақтың сәтті тұстары

Сабақтың сәтсіз тұстары

 

 

 

- 7297095

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!