Информатика пәнінен оқушыларды олимпиадаға дайындау

29 қаңтар 2017 - Айнаш Меирбаева
Информатика пәнінен оқушыларды олимпиадаға дайындауЖетіарал мектеп-балабақша кешені Меирбаева АйнашОлимпиада оқушылардың мектепте сабақ үрдісінде алған білімдерін шыңдауға үлкен әсер етеді. Олимпиада мұғалімдер жұмысын обьективті түрде бағалайтын негізгі көрсеткіштердің бірі болып, мұғалім олимпиада арқылы оқушылардың білімін басқа мектеп оқушыларымен салыстыра көру мүмкіндігіне ие болады. Олимпиадаларға ұсынылатын есептер дәстүрлі емес, яғни сабақ үрдісіндн негізі қаланған, бірақ терең талданылмаған есеп. Информатикадан олимпиада да берілетін есептер программалауға яғни программа құруға арналған. Программалау бұл компьютер түсіне алатын белгілі бір командалар жиыны. Осы берілген есептердің математикалық көрінісін табу, алгоритмін жасау, машина тіліне аударып нәтижесін алу. Информатика пәнінің негізгі ұғымдарының бірі- алгоритм ұғымы. Программалау барысында берілген есептің алгоримтін табу, компьютерде орындалу үшін командалар ретін көрсету қажет. Есептердің қажеттілігі де осында. Өйткені математиканың барлық есептері оңай алгоритмделінеді. Сол үшін программалау айналысатын оқушы терең математикалық білімді меңгеруі қажет. Оқушыларды олимпиадаға дайындау кезінде оқушының білімімен қос, моралдық психологиялық жағдайына да мән беру керек. Оқушыны дайындауда әрбір шығарған есебін компьютерде тексеріп көріп отырған жөн. Сонда оқушының теориялық алған білімі практикамен ұштастырылады. Оқушыларды программалау бойынша дайындауда төмендегі екі факторға мән беру керек. Оқушының терең алгоритмдік ойлауды қалыптастыру мен программалау тілін жете меңгеруі.Мен осы бағытта жұмысымды 4 кезеңге бөлдім: Оқушылар арасынан математикаға қабілетті, логикалық ойлауы бар оқушыларды таңдау. Таңдалған оқушының алгоритмдік ойлау қабілетін қалыптастыру. Оқушыға компьютерді меңгерту. Оқушыға программалау тілін үйрету. Оқушының 5-6 сынып оқушыларының ішінен таңдағаны дұрыс. Бұл кезеңде оқушылардың білімге құштарлығы жоғары болса, екіншіден мұғалім оқушының 8 сыныптан бастап қатыстыру арқылы, оқушының мол тәжірибе жинауына мүмкіндік беріледі. Сонда оқушы олимпиадаға 3рет қатысудың орнына 4-5 рет қатысып, білім деңгейін толық көрсетуге мүмкіндік алады. Үшіншіден мұғалім оқушыны 5-6 жыл үздіксіз дайындау арқылы оқушының пәнді жан-жақты меңгеруіне ықпал жасайды. 1 кезеңде оқушылармен мына жұмыстар жүргізіледі. - Оқушылармен информатика пәні, оның алға қойған мақсаты мен бағыты жайлы сұұбат беру.- Пәнге қызығушылық танытқан оқушыларды жинап, тест жұмысын алу арқылы қабілетін тескеру.- Тест жұмысын ойдағыдай тапсырған оқушыларды, сұқбат өткізу арқылы олардың ішінен математикаға қабілетті, алгоритмдік және логикалық ойлауы бар оқушыларды таңдау.2кезеңде оқушылардың жалпы логикалық қабілетін дамыту мақсат етіп алынады. Бұл кезеңде оқушыларға түрлі тапсырмалар, есептер беріледі. Есептердің негізгі мазмұны оқушылардың ойлау қабілетін дамытатындай болуы керек. Мысал: ақ, сары,қызыл жалаушалар берілген. Осы жалаушылардың орнын ауыстыру арқылы неше түрлі синал алуға болады. Бұл есепті шешуде есепті математематика тіліне аударып алу қажет. Әрбір жалаушаны цифрмен белгілеп алу. 1 ақ,2сары,3қызыл. Сойтіп осы цифрларды барлық орындарын ауыстыру арқылы жазып шықсақ,.1,2,3,1,3,22,3,13,1,23,2,1,2,1,3Демек үш түрлі жалауша арқылы 6 түрлі сигнал алуға болады. 3 кезең оқушылардың компьютерді толық меңгеруіне оңтайлы жағдай жасалуы керек. Өйткеені олимпиадада оқушы жазған программасын компьютерге салып тексере білу қажет. Бұл жағдайда оқушы компьютерді жетік меңгермесеөзі жазған программасының толық нәтижесін ала алмайды. Олимпиадаға қатысатын оқушы ең болмағанда қомпьютерде орындалатын мына төменде көрсетілген миниумді білуі керек.  Компьютерде жұмыс жасаудағы техника қауіпсіздігі ережесі. Компьютерді қосу мен ошіруді. Жұмыс үстелі оны басқару элементтерін Файлдар мен папкалар жайлы кең мағұлматқы ие болу. 3 кезеңді басып өткен оқушымен 4 –кезең программалауды үйрете бастауға болады. Бұл кезең оқушы мен мұғалім үшін ең жауапты кезең. Кез-келген есепті санаулы операторлар көмегімен компьютер тіліне аудару үшін программалауда қолданылатын операторлардың жұмыс жасау жолдарын жақсы түсіну керек. Программалау курсын оқушыға қарапайымнан күрделіге қарай меңгеру принципіне жұмыс жасау керек. Турбо-Паскаль тілінде файлдың үш түрімен жұмыс істейді. Типтелген файлдар – бұларды сақтауда арнайыөзге қызметші сөздер қолданылады. Типтелген файлдар үшін компонент типі type fil=ofтүрінде көрсетіледі. Мүнда fil- пайдаланушы берген тип аты, of- сөздерді байланыстыру үшін қолданылатын қызметші сөз, — типінен типтердің бірі. Мәтіндік файл – бұны varf:text арқылы сипаттауға болады. Файл мазмұны мәтіннен түрады.әр жолдың соңына enteг пернесі басылуы тиіс. Типтелмеген файлдарды сипаттауда type Tbf=file; Var F:Tbf;Файл түрі берілгендердің сақтау жолын анықтайды.Мысалы: y=(7х-4)/(5х+3) теңдеуін шешу.Program pr 1;Var X,y,z:real; F1.f2:text;Begin Assign(f1,input.txt’);reset(f1);read(f1,x);close(f1);z:=(7*x-4);y:=z/(5*x+3);assign(f2,”output.txt”);rewrite(f2);writeln(f 2,’y=’,y:0:2);close(f2);end.Программалауды үйретуде, программа құрудың негізгі бағыттары бойынша түрлі есептерді құрау, оқушының осы бағыттарды басшылыққа ала отырып есептерді шешу мен программа құру дағдыларын қалыптастыру керек. Оқушыларды олимпиадаға дайындау, елдің болашақ білімді, сауатты да қабілетті жастарын тәрбиелеудегі,өзіндік қиыншылықтары мен қызықтары мол үздіксіз процесс.Шығыс Қазақстан облысыТарбағатай ауданыЖетіарал ауылы

- 7297059

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!