Информатика жұлдыздары

31 қаңтар 2017 - Мұнарбек Меллатұлы



Айтжан Түркебаев атындағы орта мектебі

 

 

 

 

 

 

Сыныптан тыс сайыс сабақ

 

«Информатика жұлдыздары»

 

7 сынып оқушылары арасында

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген: Меллатұлы М

 

 

 

 

 

2016-2017 оқу жылы

 

 

 

Күні: 25.01.2016ж.
Қатысушылар: 7-сынып оқушылары.
Түрі: сыныптан тыс сайыс-сабақ

Мақсаты:  Оқушылардың топпен жұмыс істеуіне, өткен тақырыпты қайталауына мүмкндік беру.

Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, бақылап, бағалау, өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойларын анық  жеткізе білуге, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Мультимедиялық құралдар, сайыс бойынша дайындалған слайдтар, ДК, таратпа тапсырма, оқушылардың қолдан жасаған туындылары.

 

Сайыстың барысы:

 

1-кезең. Таныстыру.     
Мұғалім:
Информатика әлемі,
Неткен ғажап әсерлі.
Шыққан сонау ертеден,
Орын алды көңілден


Интернетте құстай ұшып самғаймыз,
Әрбір елдің арасын біз жалғаймыз.
Технология дамып жатыр күнбе-күн,
Біз қырандар осы лектен қалмаймыз!
Осылайша сайысымызды бастаймыз!

 

Армысыздар, құрметті мұғалімдер, оқушылар, информатика ғылымын сүйер қауым!

Бүгін міне 7-сынып оқушылары арасында «Информатика жұлдыздары» сайысы өткелі отыр. Сайысқа қатысушы оқушылар 7-сынптан іріктелініп алынған ғылым сүйгіш оқушыларды ортаға шақырамыз. Алдарыңызда «Интернет» және «Windows» тобы!

 

Енді осы сайыскерлерге әділін айтып, төрелік ететін әділ-қазылар алқасымен таныса кетейік:

1.     __________________________________________
2.     __________________________________________
3.     __________________________________________

 

-Уа, халайық, халайық,
Бәріңе жар салайық.
Бүгінгі кеш төрінде
Дарындылар елінде
Тапқыштардың тілінде,
Шабыт тасып шалқысып,
Есеппенен ән салысып.
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шерді шашайық
Ат салысып аянбай
Бар өнерге басайық.

 

Бүгінгі сайысымыз 6-кезеңнен тұрады.
1-кезең. Таныстыру
2-кезең. Ойлан, тап!
3-кезең. Айлалы ақыл-ой
4-кезең. Кім жылдам?

5-кезең. Түсін мені

6-кезең. Ұшқыр ойдан ұтымды жауап

Әр кезең біткен соң әділ қазы алқасы топтарға ұпай санын береді, ұпай сандары 1 ден 5 ұпайға дейін.

 

1-кезең. Таныстыру.

Сайыскерлерге сәттілік тілей отырып, бірінші кезең таныстыруды бастаймыз. Ортаға «Интернет» тобын шақырамыз… Келесі «Windows» тобы қарсы алыңыздар!

Әділ қазы алқасы бірінші кезең бойынша топтардың бағасын берсеңіздер.

 

2-кезең. Ойлан, тап!

Дүниедегі құбылыстың мәнін де,

Интернеттің, жаңалықтың бәрін де

Мүмкін емес информатикасыз түсіну-дей отырып «Ойлан, тап!» атты 2-кезеңімізді бастаймыз. Бұл кезеңде әрбір топқа информатика саласы бойынша 10 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауап 5 ұпай. Экранға назар аударамыз, әр сұрақтың 5 жауабы келесі фигураларда жазылған, егер жауаптарыңыз дұрыс болса фигура жасыл түске, қате болса қызыл түске боялады. Олай болса «Интернет» тобының сұрақтары, экранға назар аударыңыздар.

 

1.      Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс т.б.) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде ұсынылатын мәліметтер тобы (Ақпарат).
2.      Ресейде XVI-XVII ғасырда пайда болған есептеуіш құрал (Есепшот).
3.      Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы ұсынуды  қалай атайды (Кодтау).
4.      Paintграфикалық редакторында неше құрал пайдалануға болады? (16)
5.      Санның цифрына бөлінетін позицияны қалай атайды? (Разряд)
6.      Берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру (Алгоритм).
7.      “Кибернетиканың атасы” деп қай ғалымды атайды? (Норберт Винер)
8.      Integer сөзі қандай типті білдіреді? (Бүтін)
9.      Microsoft Word қандай редактор? (Мәтіндік)
10.     Бейне сұрақ.

 

Келесі кезек «Windows» тобында.
1.     Көрінетін бейнелер мен символдар арқылы берілетін ақпарат түрі? (Визуалды)
2.     Графикалық редакторды табыңыз? (Paint)
3.     Сандарды өрнектеудің қандай да бір тәсілі. (Санау жүйесі)
4.     Мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою. (Мәтінді форматтау)
5.     “Қосу машинасын” ойлап тапқан ғалым? (Блез Паскаль)
6.     Сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған бағдарлама. (Excel)
7.     Трансляторлар неше түрге бөлінеді? (3)
8.     Паскаль тілін ұсынған швецариялық ғалым? (Никлаус Вирт)
9.     Графикалық файлдардың кеңейтілуі (gif)
10.   Бейне сұрақ.

Әділ қазы алқасы 2-кезең бойынша топтардың ұпай сандарын білсек.

 

3-кезең. Айлалы ақыл ой

 

Білімді ұрпақ – еліміздің тірегі!

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге  біліммен қол жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар – дей келе біз «Айлалы ақыл ой» 3-кезеңімізді бастаймыз. Ата-бабамыздың тілі, Қазақ тілінде мақал-мәтелдер өте көп, жалпы қазағымыз өз тәжірбиесінен жинаған, көрген-білгенін өнеге қылып, мақал-мәтел түрінде ұрпаққа қалдырып отырған. Бізде бүгін, қанымызда бар көрегенділікпен информатика тіліндегі ақпаратты өзіміз білетін мақал-мәтелмен сәйкестендіріп көрелік, келесі сайысымыз «Айлалы ақыл-ой», әр дұрыс жауапқа 3 ұпайдан есептеледі. Ортада «Интернет» тобы.  

 

1. Жігітті компьютеріне қарап таны (Жігітті досына қарап таны)
2. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)
3. Вирустан қорыққан, Интернетке – кірмейді (шегірткеден қорыққан егін екпес)
4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Атының сыры, иесіне мәлім)
5. Веб – дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасасада. (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)

Келесі кезекте «Windows» тобы.
6. Білмесең, «анықтама» — дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)
7. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (бір ақылдан, екі ақыл артық)
8. Антивирусы күштіні – Вирус ала алмайды. (Досы күштіні – жау алмайды)
9. Күлсең ескірген компьютерге күл (Күлсең кәріге күл)
10. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады (айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарар)

Әділ қазы алқасы 3-кезең бойынша топтардың ұпай санын білсек.

 

4-кезең. Кім жылдам

Құтқарып  ауыр  бейнеттен
Техниканы  үйреткен
Роботтай –адамды
Тіл  бітіріп  сөйлеткен
Компьютер  емей  немене
Білмегенді  білдірген
Өлшеп  киім  кигізген
Барлық  істі  атқарып
Пайдасын  елге  тигізген

Біз «Кім жылдам» атты 4-кезеңімізді бастаймыз. Бұл кезеңде әр топтан 1 оқушыдан шығып, ортадағы компьютерлерде менің қолымда тұрған «Достық» тақырыбындағы мәтінді қатесіз, әрі әдемілеп теру керек. Жылдам әрі қатесіз терген топқа 5-ұпай беріледі.

Әділ қазы алқасы 4-кезең бойынша топтардың ұпай санын білсек.

 

5-кезең. «Ымды түсінбеген дымды түсінбейді» -дейді Қазақ, сайыскерлеріміздің ауызбіршілігімен түсіністіктерін және топбасшының ептілігін айқындайтын келесі сайысымыз «Түсін мені» деп аталады. Әр топтың топ басшылары әділ-қазылардан өз тапсырмаларын алып, берілген екі тапсырманы топ мүшелеріне біртіндеп тек іс-қимыл арқылы түсіндіру керек. Топ мүшелері жасырылған сөзді тауып, жауабын айту керек. Әр дұрыс жауапқа 3 ұпайдан есептеледі.

Әділ қазы алқасы 5-кезең бойынша топтардың ұпай санын білсек.

 

6-кезең. Ұшқыр ойдан ұтымды жауап

Бүгін міне, ортамызға ойы жүйрік, білімді, тапқыр оқушылар жиналды десек, онда келесі соңғы сайысымыз олар үшін қиын бола қоймас. Шапшаңдық пен тапқырлықты қажет ететін «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап» атты келесі сайысымызда адасып кеткен әріптерді орынына келтіріп, белгілі бір жүйемен реттелген сөздердің артығын табу: Әр дұрыс жауапқа 2 балл-дан есептеледі. Бұл тапсырмаға 5 минут уақыт беріледі.

Интернет тобына:

сорецпро  «Процессор»               оринмкафати « Информатика»                  ротинам«Манитор»

 

рептьюкром  «Компьютер»         тапееқтарн      «Пернетақта»

 

Windows тобына:

марамгроп «Программа»              енюм  «Меню»               инрпрет  «Принтер»

 

ныштақ  «Тышқан»                       нтиеретн  «Интернет»

 

Әділ қазы алқасы 6-кезең бойынша топтардың ұпай санын білсек.

 

7-кезең. Марапаттау.
Бұл өзі бір есте қалар,
Ғажайып бір сайыс болды
Білімдірек шәкірт озып
Қызықтырақ тапсырма болды- дей отырып бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
Әділ қазы алқасына сөз берейік.

Осыған ұқсас жазбалар:

ИнформатикаИнформатика пәнінен тақырыптық-күнтізбелік жоспар

МатематикаКүйкен орта мектебі ! Баяндама Жиенқұлова Дариға

Қазақ әдебиеті"Алтын сақа" әдеби ойыны

ИнформатикаИнформатика әлемі (сайыс сабақ)

Қазақ әдебиеті«Сөз мерген» тіл танымдық интеллектуалдық ойыны

- 7164222

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!