Абзацтар, шегіністер және интервалдар

31 қаңтар 2017 - Мұнарбек Меллатұлы

Апта: 18

Күні: 21.01.17

Пәні

Информатика

Мұғалім аты-жөні

Меллатұлы Мұнарбек

Оқу-ісінің меңгерушісі

________  Нурдаулетова Н

 

Сабақтың тақырыбы: Абзацтар, шегіністер және интервалдар 

Сілтеме:

·         6-сынып оқулығы;

·         Слайд

·         ДК

·         Стендтер.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ms Word редакторында құжатты форматтау тақырыбы бойынша оқушыларға толық түсінік беру. 

Білімділік мәні:

Оқушылар абзацтар, шегіністер және интервалдармен танысып, оларды ажырата алатын болады, тапсырмаларды орындауда ережелерді қолдана білу дағдысы қалыптасады, информатикалық терминдік тілде сөйлеу қабілеттері; Жұппен, топпен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады. 

Дамытушылық мәні:

Практикалық  дағдыларын   дамыту, өз бетінше жұмыс жасауда білімдерін пайдалана білуге, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.

Тәрбиелік мәні:

Өз бетімен жұмыс жасауда  ұқыптылық, еңбекқорлық, жинақылық, шапшаңдық  қасиеттерін тәрбиелеу.

Нәтиже:

·         Берілген тапсырмаларды жұпта, топта орындауға үйрету; 

·         Оқушылардың өзін және бірін-бірі бағалауға дағдыландыру;

·         Тапсырмаларды орындауда ережелерді қолдана білу дағдысы 
информатикалық терминдік тілде сөйлеу қабілеттері; 

Түйінді идеялар:

·         Абзацтар, шегіністер және интервалдар түрлерімен, қызметтерімен танысты. 

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері:

АКТ, ЖИГСО-1, диалогтық оқыту

Ұйымдастыру кезеңі  (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1.      Сәлемдесу.

2.      Ұйымдастыру.

3.      Топқа бөлу.

4.      Сабақ барысымен таныстыру.

5.      Бағалау парағын таныстыру.

6.      Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру

·         Сәлемдесу

·         Өздерін ретке келтіру

·         Топқа бөліну

·         Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру

Үй тапсырмасын тексеру (7 мин.)

(сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі)

1. Кегль деген не? 
2. Гарнитура деген не? 
3. Қаріп деген не? 
4. Қаріптің тізімде жоқ мөлшерін қалай орнатамыз? 

 

Қызығушылықты ояту  (2 мин.)

Жаңа тақырыпты игеруге көмектесу

А) Тақтаға слайд көрсету. Өздеріне мысал келтірту. 
Б) Жаңа сабақ бойынша не білетінін айту. 
В) Оқушылар мұғаліммен бірге слайдтар бойынша жұмыс жасайды. 

Оқушылар зейін қойып тыңдайды, ойланады

 

 

Мағынаны тану

(Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.)

                                                                                             ББҮ  (2 мин.)

Білемін?

Білгім келеді?

Үйрендім?

Сабақтың негізгі бөлімі  (20 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпты Бәйтерек және Хан шатыр суреттер қиындысы арқылы 2 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.

Топтағы әрбір оқушының қолына «бағалау парағын» беру. Сабақтың өтілу шартын түсіндіру. 6-сынып оқулығында «Абзацтар, шегіністер және интервалдар» тақырыбын оқыту.

Оқушылар  белсене  қатысады.

Оқушылар үш топқа бөлініп сабақ құрылымымен таныстырылады. Топтағы әрбір оқушының қолдарына «бағалау парағы» беріледі.

Оқушылар бірін-бірі  бақылап топта жұмыс жасайды. Топтағы оқушылар берілген тапсырма бойынша жұмыс жасайды. Топта талқылайды.

 

Ой толғаныс  (4 мин.)

Бізге не үшін абзац, интервалдар керек??

Өзара пікірлеседі. Ойларын айтады

 

Сергіту сәті

 

Практикалық жұмыс

 

Қорыту.  Күтілетін нәтиже (3 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кері байланыс сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау)

 

1. Пішімдеу сызғышы неге керек? 
2. Мәтіндік процессордың терезесіндегі пішімдеу сызғышын қалай қосып-өшіруге болады? 
3. Пішімдеу деген не? 

Сұрақтарға жауап береді.

Бағалау  (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бақылайды, бағалайды.

Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды.

Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды.

Үйге тапсырма   (1 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үйге    §18.  «Абзацтар, шегіністер және интервалдар» тақырыбын оқып келу.

Тесті шешіп келу

Қосымш тапсырма: кез келген тақырыпта компьютермен бір беттік реферат жазып келу

Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады.

Рефлексия  (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Екі жұлдыз — бір тілек әдісін ұсыну.

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз — бір тілек әдісімен толтырады.

Осыған ұқсас жазбалар:

ИнформатикаИнформатика пәнінен 1-4 сыныптардың оқу бағдарламасы

МатематикаКүйкен орта мектебі ! Баяндама Жиенқұлова Дариға

ИнформатикаИнформатика пәнінен тақырыптық-күнтізбелік жоспар

ИнформатикаИнформатика әлемі (сайыс сабақ)

ИнформатикаКомпьютердің қосымша құрылғылары

- 7384876

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!