Сайтқа кіру
Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернатының 17 жастағы оқушысы «Юниор» деп аталатын мектеп оқушыларының ғылыми жұмыстары байқауында бірінші дәрежелі дипломға қол жеткізген.
Дарындылар сайысы 1-2 ақпан аралығында Мәскеуде ұйымдастырылған, деп жазады tengrinews.kz.
"Әділсұлтан екеуіміз байқаудан үлкен тәжірибе жинадық. Жобаны ұсынудағы ерекшеліктерді түсіндік. Жазбаша Олимпиадаға дайындықтың өзгеше болатынына көз жеткіздік. Бұл жеңісіміз ел ғылымы дамуында маңызды қадам деп санаймын", — деді ғылыми жетекші Ибрагим Ибатулин.
Сондай-ақ, жетекші Әділсұлтанның жобасы арқылы математика саласында Ресейдің ақтық іріктеуіне жетіп, жүлдеге ие бола алатынын дәлелдегенін жеткізді. Ол шәкіртін жеңісімен шын жүректен құттықтап қойды.
Байқау жаратылыстану ғылымы мен техникалық бағыттағы білім шеңберінде бес бөлім бойынша өткізілген. Сайыс математика, физика, астрономия, информатика, биология және экология, химия саласында болды.
Ал байқаудың әділ қазылар құрамына алдыңғы қатарлы Ресей ЖОО-мен Ресей ғылыми академиясының бірқатар институттарының өкілдері енген.
17 жасар дарын ғылыми жұмысын 2013 жылдың қаңтарынан бастағанын да айта кетті.
Дарынды оқушы желтоқсан айында Мәскеуде өткен оқушылардың математика конференциясында жоғары көрсеткішке жеткенін, ал мына байқауға қатысуы – асқақ армандарыма жетудегі кішкентай қадам ғана екенін баяндады.
Айта кетейік, 2013 жылдың он бесінші қаңтарында жас дарын Мәскеуде оқушылар арасындағы математика конференциясында оқу зерттеу номинациясы бойынша Гран-при жеңіп алған болатын.
Әділсұлтан онан алдын Болгария елінің математика институтында өткен семинарда өзіндік жұмысын ұсынып, мақаласы Mathematical Excalibur Гонконг журналында жарыққа шыққан.
Ұстаздарға → Қазақстан тарихы пәнінен сабақ жоспарлары
География → ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕДЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ТУРИЗМНІҢ МАҢЫЗЫ
Ел және шетел жаңалықтары → Мемлекет басшысының Қазақстан халқына үндеуі
Бастауыш → Кіші мектеп жасындағы оқушылардың математика сабағында танымдық қызығушылығын арттыру жолдары
Ұстаздарға → ҰБТ таяғанда ата-ана мен оқушыға мектеп қысымы күшейді
- 7150078
0 # 19 сәуір 2015 в 14:48 0 |
жақсы хабар. http://www.infos.kz/
|
Пәндер
Ұстаздарға
Оқушыларға
Лауазым иелеріне
Блогтағы жазбалар
Mail.ru тобымызға қосыл
Facebook парақшамыз
VK.COM тобымызға қосыл