Сайтқа кіру
Алтай қаласында тұратын Аршын Намазбекұлы биыл 28 жаста. Ол 7 жыл ішінде түрлі мултьфилм образдарынан 3157 сін жобалап және сызып, ең көп мултьфилм образын (адам, жануар, ғажайып мақұлұқ) жасаған адам ретінде Гиннес рекордтар кітабына енді.
Төменде қытайлық «Соңғы бір шақырым» сайтының тілшісіне берген қысқа сұхбатын ұсынымыз:
Куәлікті алған кезде тосын сезілмеді ме?
Жоқ, тосын сезілмеді, өйткені өзімде осы мақтасқа сөзсіз жетем деген іштей сенім бар еді. Қазір де жалғасты үйреніп шығармашылықпен шұғылданып жатырмын, келешекте бұдан да сапалы образдар жаратсам деймін.
Сіз Алтайда шығармашылықпен айналысып жатырсыз, болашақта бұдан да үлкен қалаларға барып айналысу ойыңызда жоқ па?
Қазіргі ғаламтор технологиясы үйден шықпай ақ көптеп шаруалар тындыруға мүмкіндік береді, әзірге ешқайда кету ойымда жоқ.
Болашақтағы образдарыңызда Шин Зияңның өзіндік ерекшеліктері де көрініс таба ма?
Шин зияң өте көрікті мекен, туған қалам Алтай да әлемге әйгілі саяхат орны, келешектегі жұмыстарымда сөзсіз Шин Зияңның өзіндік ерекшеліктері көрініс табатын болады. Жұмыстарымды бағалаған У Хуа Жияң мырза былай деген еді: Аршынның образдары біріншіден саны жағынан көп, екіншіден өте әдемі, үшіншіден образдары анық және өте актуальды.
Енді Аршын жасаған образдардың біразын тамашалап көрейік:
Білім жаңалықтары → Миллиардтар "ҰБТ-ны" қалай тапсырады
- 7150361
Нургиза Кульджина # 18 наурыз 2015 в 11:56 0 |
Ғажап, керемет өнер! Қажырлы еңбек, жанған еңбек!
|
Майра Нурханова # 19 наурыз 2015 в 18:10 0 |
Шынайы талант деп осыны айт! Аршынға жаңа образдар жасауда сәттілік тілеймін!
|
Калиева Сагила # 20 наурыз 2015 в 13:59 0 |
![]()
жарайсың Қазақ!!!
|
Пәндер
Ұстаздарға
Оқушыларға
Лауазым иелеріне
Блогтағы жазбалар
Mail.ru тобымызға қосыл
Facebook парақшамыз
VK.COM тобымызға қосыл