Ондық бөлшекті натурал санға көбейту

Күні:

Сынып:   5 «В» 

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшекті натурал санға көбейту.

Сабақтың мақсаты:

      1. Білімділік: Оқушыларға  ондық  бөлшекті  натурал  санға көбейту  ережесін  үйрету  және  оны  есептер  шығаруда  қолдана  білуге  дағдыландыру;

      2. Дамытушылық: Ертегілер  еліне  саяхат  жасау  арқылы, ертегі  кейіпкерлерімен  байланыстыра  берілген  тапсырмалар  арқылы  білімдерін  кеңейту, есептер  шығару  машықтарын  қалыптастыру, есте  сақтау  қабілеттерін  дамыту,  пәнге  деген  қызығушылықтарын  арттыру;

        3.Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

        Сабақ түрі: Жаңа сабақ

       Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, слайд, тест  тапсырмалары, үлестірмелі  смайликтер.

Оқытудың әдісі: Түсіндіру, есептер  шығару.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу,               

ә) оқушыларды түгендеу,

 б) оқушылардың назарын сабаққа аудару

 в) сабақтың мақсатымен таныстыру

Үй тапсырмасын тексеру: №1300. Қосудың  ауыстырымдылық  және  терімділік  қасиеттерін  пайдаланып, есептеңдер.

1)2,3+4,5+0,6+0,5+1,7+0,4=(2,3+1,7)+(4,5+0,5)+(0,6+0,4)=4+5+1=10  

2)8,01+9,08+5,13+1,99+0,87+4.92=(8,01+1,99)+(9,08+4,92)+(5,13+0,87)=10+14+6=30

3)6,091+7,083+3,127+0,373+2,117+0,209=(6,091+0,209)+(7,083+2,117)+(0,373+3,127)=6,3+9,2+3,5=15,5+3,5=19

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жаңа  сабақ  ертегілер  еліне  саяхатқа  шығу  арқылы  түсіндіріледі.

Мұғалім: -Балалар  сендерге  ертегі  оқыған  ұнай  ма? Ертегілерде  қандай  кейіпкерлер  болады? Бүгінгі   сабағымызда  ертегілер  еліне  саяхатқа  шыққыларың  келе  ме?

Ендеше,  мен мынандай  бір  жаңалық  естідім:

-Сонау  «Ондық  бөлшектер» елінде  Натурал  сан  деген   ханның  Көбейту  атты  жалғыз  қызы  бар  екен.

Бір  күні  хан  жорыққа  кеткен  кезде,  кішкентай  ханшайымды  алыс  жерде  мекендейтін  айдаһар  ұрлап әкетеді.   Жалғыз  қызын  жоғалтып  қатты  қайғырған  хан:  «Жалғыз  қызымды  тауып  әкелгенадамға  бар  байлығымды  беремін»-деп  еліне  жар  салып  жатыр  екен.  Айдаһарды  табу  үшін  көптеген  қиындықтардан  өтіп, көптеген  тапсырмаларды  орындау  қажет  болыпты.  Бағын  сынап  көрген  батырлардың  барлығы  «ондық  бөлшектерді  натурал  санға  көбейту»  ережесін  білмепті.  Бізде  осы  ережені  мұқият  түсініп  алып,  бағымызды  сынап  көрейік:

Ондық бөлшекті натурал санға көбейту үшін:

1.            Үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейткендей көбейту керек;

2.            ондық бөлшекте  неше ондық таңба болса, көбейтіндіде  оң  жақтан  сонша цифрды үтірмен  ажырату   керек.

Мысалы: 25,85 * 7 = 180,95

Ондық  бөлшекті  10; 100; 1000  және  т.с.с. разряд  бірліктеріне  көбейту  үшін, ондық  бөлшектің  үтірін  разряд  бірлігінде  неше  нөл  болса,  сонша  цифрға  оңға  қарай  жылжыту  керек.Мысалы: 2,103*10=21,03

7,549*100=754,9

3,5461*1000=3546,1

Ережемен  таныстық, енді  жолға  шығуымызға  болады.

Есептер шығару

1)Жолға  дайындықты  тексеру  үшін:№1334 «ауызша»

2)«Тасқа  жазылған  тапсырма»  осы  тапсырманы  дұрыс  орындай  алсақ,  айдаһардың  қамалына  апаратын  дұрыс  жолды  табамыз.  №1335(1,3,5,7,9)

3)Жүре  жүре ну  орманға  кез  болдық.  Сол  орманда  бір  жалғыз  үй  тұр.Ол  үйде  жалмауыз  кемпір  тұрады  екен.  Жалмауыз  кемпірден  айдаһардың  қайда  тұратынын  сұрайық.

Жалмауыз  кемпір: «-менің  көптен  бері  шешуін  таппай  жүрген  тапсырмам  бар  еді.  Соны  тауып  берсеңдер, Мен  сендерге  көмектесемін» -  дейді.

«Жалмауыз  кемпірдің  тапсырмасы»: Оқулықпен  жұмыс: №1336,№1343

Есепті  толық  шығарып  болғаннан  кейін,  жалмауыз  кемпір  айдаһарға  жол  сілтеп,  оның  қамалына  кіретін  кілттің  осы  ормандағы  ең  биік  ағаштың  ұшар  басында, алтын  сандықтың  ішінде  екенін  айтады.

4)Қасқырдың  тапсырмасы:№1338

5)Аюдың  тапсырмасы:№1339(1)

6)Құстың  тапсырмасы:№1341(1,3) 

Құс  бізге ағаштың  ұшар  басындағы  сандықтан  кілтті  алып  береді.Сонымен  кілт  табылды. Енді  айдаһардың  қамалына  да  жақындап  қалдық.

Бекіту

«Кім  мерген?» Айдаһардың  қамалын  ашу  үшін  тест  тапсырмасын  орындап, өз  бетімен  жұмыс  жүргізейік.

1.Ондық бөлшеті  натурал санға  көбейту  үшін, алдымен...

А) үтірге  мән  береміз.   В)үтірге  мән  бермейміз.    С)үтірді  жылжытамыз

2.Есептеңдер:     3,1569×100=

А)  315,69.                         В) 3156,9                                   С) 31,569

3.Есептемей-ақ  салыстыр:  23,26×13 және 2,326×13

А) 23,26×13 < 2,326×13       В) 23,26×13 >2,326×13     С) 23,26×13 =2,326×13

4.Егер  натурал  санды 0,025  ондық  бөлшегіне  көбейтсек, көбейтіндіде  үтірден  кейін неше  цифр  болады?

А)  4.                         В)  2                                   С)   3

5.Көбейтіндіні  орындаңдар: 0,008×6=

А)  0,048.                         В)  0,48                                  С)   0,0048

Пысықтау: Ондық  бөлшекті  натурал  санға  қалай көбейтеміз?

Үйге  тапсырма: Айдаһардың  қамалын  аштық, бірақ  қай  жолмен  жүретініміз  белгісіз.№1335(2,4,6,8) №1339(2)  осы  есептерді  дұрыс  шығарып  келу  арқылы  жүретін  жолымызды  табамыз.

 

Бағалау.

Сыныпта белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.

 

 

 

- 7575578

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!