Теріс сандар. Бүтін сандар.Рационал сандар

Теріс сандар. Бүтін  сандар.Рационал сандар

Сабақ жоспары

№39           Пән:   математика     Сынып:  6 «ә»              Күні:      ___________

Сабақтың тақырыбы: 

Теріс сандар. Бүтін  сандар.Рационал сандар (1-ші сабақ)

Сабақтың мақсаттары:

1.     Білімділік: Қарама-қарсы сандар, бүтін сандар, рационал сандармен таныстыру.

2.     Дамытушылық: Қарама-қарсы сандар, бүтін сандар, рационал сандарды бір-бірінен ажырата білу, Эйлер-Венн дөңгелегіне сала білу білімдерін дамыту

3.     Тәрбиелік:   Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың әдістері: деңгейлік тапсырмалар орындау, сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта және электрондық оқулық

Сабақ жоспары:

1.     Ұйымдастыру кезеңі

2.     Үй тапсырмасын тексеру

3.     Жаңа сабақты меңгеру

4.     Сабақты түсінгендерін тексеру, тиянақтау

5.     Тест

6.     Сабақты қорытындылау

7.     Оқушылар білімін бағалау

8.     Үй тапсырмасын беру

Сабақ барысы:

 І  Ұйымдастыру кезеңі:  а)  Сәлемдесу  ә)  Оқушылар тізімін тексеру       

 б)  Сабаққа дайындықтарын қадағалау.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

1.

Үйге берген есептің  жауабы  ауызша тексеріледі

2. Сұрақ -жауап арқылы өткен сабақты еске түсіру

-         Координаталық түзу дегеніміз не? Тақтаға координаталық түзу сызамыз

-         Оң сандар дегеніміз не?

-         Теріс сандар дегеніміз не?

-         Натурал сандар дегеніміз не? Мысал келтіріңдер

ІІІ Жаңа сабақты меңгеру:

1 және -1;-4 және 4; -6,5 және 6,5 сандар жұбы тек таңбасымен ғана өзгешеленеді.Осы сандар жұбын координаталық түзуде белгілейік.Сонда санақ басынан 0 нүктесінен бірдей қашықтықта, бірақ қарама-қарсы бағытта орналасатын сандар қарама қарсы сандар деп аталады.

Мысалы: 7 ге қарама- қарсы -7; 12 ге -12; санына қарама қарсы сан  т.б.

Натурал сандар

Қарама-қарсы сандар                     Бүтін сандар деп аталады

0 саны

Мысылы:   5; 0,7; -28; 25; -89 т.б

Бүтін сандар

Теріс бөлшектер                                Рационал сандар деп аталады        

Оң бөлшектер     

Мысалы:       ге қарама-қарсы      ;  ге қарама-қарсы   ;  2,25 ке -2,25

  N-натурал сан    Z-бүтін санда  Q-рационал сандар                                             

ІV Сабақты түсінгендерін тексеру:

1.Мына сандарды Эйлер-Венн дөңгелегіне теріп жазыңдар:

   2. Оқулықпен жұмыс:

 №289

-5;-7;0,61;12,78;-55;200;-0,09;-33 сандарының арасынан 1) оң сандарды 2) теріс сандарды теріп жазыңдар.

№291

Берілген сандарға қарама-қарсы сандарды жазыңдар:

№293

V  Деңгейлік тапсырмалар орындау

А деңгейі

1.     Координаталық түзуде  санақ басынан 5 бірлік кесіндіге тең қарама-қарсы сандарды көрсет.

а) -5 және 5 ә) 0 және 5 б)-6 және 6

 

2.     А(-9) санына  қарама-қарсы сандарды көрсет.

а) 0,9                   ә) 9               б)

 

3.     Егер а=-0,8 болса, онда –а неге тең ?

а) 0,51                 ә) -0,51                  б)0,5

 

4.     Координаталық түзуде  -2 және  1 сандарының арасындағы рационал сандарды көрсет?

а) 0,4;-2,5;1,7;               ә)             б)

 

5.     Координаталық түзуде  -4,5 және 5,1 сандарының арасындағы бүтін сандарды  көрсет

а) -4;-3;-2;2;3;4;5          ә) -4;-3;-2;-1;0;1;2;3;4;5                     б)-4,5;-3,5;-2,5;-1,5;-0,5;0

 

В деңгейі

1.     Координаталық түзуде  санақ басынан 2,5  бірлік кесіндіге тең қарама-қарсы сандарды көрсет.

а) -5 және 5 ә) 2,5 және -2,5  б)-25 және 25

 

2.     А( ) санына  қарама-қарсы сандарды көрсет.

а) -2           ә)                    б)

 

3.     Егер а=-0,8 болса, онда –а неге тең ?

а) 0,51                 ә) -0,51                  б)0,5

 

4.     Егер а=0,32  болса, онда –а неге тең ?

а) 0,32                 ә) -0,32                  б)0,5

5.     Координаталық түзуде  -2,5 және  2,5 сандарының арасындағы рационал сандарды көрсет?

а)      ә) 0,4;-3,5;1,7;         б)

VI Сабақты қорытындылау

Сәйкесін тап?

1.N,0,-N

2.күнделікті санауға қолданатын сандар        

3.Z, оң және теріс бөлшектер

1.     Натурал сандар деген не?  

2.     Бүтін сандарға қандай сандар кіреді?

3.     Рационал сандарға қандай сандар кіреді?

VII Оқушылар білімін бағалау

VIII Үй тапсырмасын беру №290; №292

 

 

- 6925901

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!