Сайтқа кіру
Пәні математика (алгебра) ТақырыбыАрифметикалық және геометриялық прогрессия Сынып 9 | |||
Сабақтың тақырыбы: | Арифметикалық және геометриялық прогрессия | ||
Мақсаты: | 1. Арифметикалық және геометриялық прогрессия туралы білім, білік, дағдыларын сыни ойлау арқылы тереңдету, формулаларды есептеуде қолдана алу; 2. бір-бірімен пікір алмасу арқылы ой-өрісін жетілдіріп, зейінін дамыту, белсенділігін таныту; 3. топтық жұмыс арқылы ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, өзіндік ойларын жеткізуге үйрету, өмірде өз орнын табуға септігін тигізу. | ||
Сабақтың түрі: | Қорытындылау сабағы | ||
Әдіс – тәсілдер: | Тәсілі: топтық, жұптық, жеке | Әдісі: диалог, сұрақ-жауап | |
Ресурстар: | Оқулық, инт.тақта, тапсырма парақтары, «Ромб», ватман | ||
Оқу нәтижесі: | Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамиды. Өз ойларын жеткізе біледі. | ||
Негізгі идеялар: | Ізденіс жұмыстары арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығы артады, танымдық қабілеттері дамиды | ||
Тапсырма көздері: | 1. топтық тапсырмалар 2. жұптық тапсырмалар 3. жеке жұмыстар | ||
Қолданылатын модульдер: | Қалай оқу керектігін үйрету, диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, талантты және дарынды балаларды оқыту, АКТ-ны қолдану, ОүБ және оқуды бағалау | ||
Мотивациялық кезең: | Оқушылардың қабілеттеріне қарай есептер беру | ||
Сабақтың барысы: | уақыт | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі Қосымша -1 | 4мин | Сұрақ қою арқылы сабақтың тақырыбын атаймын. Мақсатымен таныстырамын. | Сұраққа жауап беріп, тақырыпты атайды. |
Алдарына қойған мақсатын сұраймын. Бағалау критерийлерімен, парақшаларымен таныстырамын. | Критерийлерді оқиды, ұстанады. Бағалау парақшаларын алады. | ||
2мин | Топшаларға бөлу Оқушыларға әр түрлі түсті қағаздарда сандар таратылады. Сандар арқылы тізбек құрулары керек. Тапсырма: 2; 4; 6; 8… 3; 9; 27; 81 9,2; 7,2; 5,2; 3,2 64; 16; 4; 1 | Фигуралардың түстері бойынша және құралған тізбек бойынша орындарына отарады. | |
Ой қозғау Қосымша-2 | 4мин | Жұптық жұмыс Әр жұпқа постерде тапсырма беремін: арифметикалық прогрессия және геометриялық прогрессия. | Тізбек арқылы жұптар құрып, постердегі тапсырманы орындайды. |
Дамыту Қосымша -3 | 7мин | Топтық жұмыс Формулаларды еске түсіру үшін «Ромб» тапсырмасын ұйымдастырамын. Оқушылар өздері құрған тізбек бойынша тапсырма орындайды: 1.Тізбек прогрессия құрай ма? 2.Прогрессия болса, қай? 3.Бірінші мүшесін тап. 4.Айырымын (еселігін) тап 5.Жетінші мүшесін тап. 6.Он мүшесінің қосындысын тап. 7.18 саны прогрессия мүшесі бола ма? 8.Жалпы мүшесінің формуласын жаз. | Оқушылар стикерлерге жауаптарын жазып, «Ромбқа» жапсырады. |
3мин | Әр топтан баяндамашы шығып, постерді қорғайды. | Әр топтан баяндамашы шығып, жазғаны бойынша таныстырады. | |
Есептер шығару Қосымша-4 | 12мин | Жеке жұмыс Деңгейлік тапсырмалары бар карточкалар таратамын. Орындап болған оқушы тақтаға шығып, орындаған есептерді көрсетеді. | Әр оқушы деңгейлік тапсырмаларды орындайды. |
Тест тапсырмасыҚосымша-5 | 8мин | Жеке тапсырма тест жұмысын ұйымдастырамын. | Тест өздігінен орындайды. |
Рефлексия: Қосымша-6 | 2 мин | Бағалау парақшаларын толтырады. -Қай тапсырма саған қиын болды? -Өзің орындадың ба, әлде көмекке жүгіндің бе? | Оқушылар өткен тақырып бойынша өз ойларын стикерлерге жазады. «Сұрағы бар қорапшаға» салады. Қосымша-5 орындайды. |
Үйге тапсырма Қосымша-7 | Формулаларды жаттау, тапсырма парағы | ||
Бағалау: | 3мин | Критерийлер бойынша жинаған ұпай арқылы бағалаймын. | Критерийге сәйкес бағаланады. |
Тапсырмалар:
Қосымша-1
Компоненттер | Критерийлер |
-Тізбек прогрессия болса, бірінші мүшесі мен айырмасын (еселігін), п-мүшесін, қосындысын белгілеуді біледі. | |
-Оқушы материалды түсінеді, мағынасын ажырата алады; -Қажетті формулаларды түсінеді; -Есепті бастай алады. | |
-Формулаларды орнымен қолдана алады; -Есептің шарты бойынша алгоритм құра алады. | |
-Есептің шартын талдай алады; -Келесі қадамды болжай алады. -Кез-келген прогрессияға берілген есептің шарты бойынша құрылған алгоритммен жұмыс жасай алады. — Күрделі өрнектерді түрлендіруді қателеспей орындайды. | |
-Әр есепке қажетті алгоритмнің ең қысқа жолын таңдай алады. | |
-Материалдың мәнін бағалай біледі. |
Оқушыларының білімді қабылдау деңгейі (Б.Блум бойынша)
№ | Аты-жөні | Қолдану | Синтез (Топтау) | Білімді бағалау |
1 | ||||
2 | ||||
3 |
Бағалау парақшалары Оқушының аты:
№ | Үй жұмысы | «Ромб» | Ватманмен жұмыс | Деңгейлік тапсырмалар | Тест | барлығы | ||
«А» | «В» | «С» | «А» | «В» | «С» | |||
+ | + | + | 3 | 4 | 5 | 3 | 4 | 5 |
Қосымша -2
“Математиканың өз miniбар— ол формула ” С.В.Ковалевская
Арифметикалық прогрессия | Геометриялық прогрессия |
1. Арифметикалықпрогрессияның анықтамасын тұжырымдаңдар. | 1.Геометриялық прогрессияның анықтамасын тұжырымдаңдар. |
2. Қандай санды арифметикалық прогрессияның айырмасы деп атайды. | 2. Қандай санды геометриялық прогрессияның еселігі деп атайды. |
3. Арифметикалық прогрессияның қасиеті. | 3. Геометриялық прогрессияның қасиеті. |
4. Арифметикалық прогрессияның n мүшесінің формуласы. | 4. Геометриялық прогрессияның n мүшесінің формуласы. |
5. Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы. | 5. Геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы. |
Қосымша-3
Men математикаға қабілетсіз адам болады дееенее сенбеймін.
А.Г. Постников
Жауаптары стикерлерге жазылып, жапсырылады.
Қосымша-4
Адамның даңкы — оның ойлау кабілетінде.
Паскаль
Деңгейліктапсырмалар
«А» № 1 Арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі 3-ке, айырмасы 4-ке тең, оның он бесінші мүшесі неге тең. «В» № 2 Арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі 56-ға, айырмасы 3-ке тең, оның алғашқы он мүшесінің қосындысын табыңдар. «С» № 3 Арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі мен бесінші мүшесінің қосындысы 24-ке тең, ал екінші мүшесі мен үшінші мүшесінің көбейтіндісі 60-қа тең болса, оның айырмасы мен бірінші мүшесі неге тең. | «А» №1 Геометриялық прогрессияның бірінші мүшесі 6-ға, еселігі 3-ке тең, оның бесіншісі неге тең. «В» № 2 Геометриялық прогрессияның бірінші мүшесі мен бесінші мүшесінің қосындысы 128-ге тең, есілігі 2-ге тең. Оның алғашқы жеті мүшесінің қосындысын табыңдар «С» № 3 Геометриялық прогрессияның бірінші және үшінші мүшесінің қосындысы 15-ке тең, ал екінші және төртінші мүшесінің қосындысы 30-ға тең. Геометриялық прогрессияның еселігі мен бірінші мүшесін табыңдар. |
Қосымша–5
Акыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.
М.В.Лермонтов
Тест
Тобы | Рет саны | Тапсырмалар | Жауаптары | ||
Берілгені | Табу керек | А | В | С | |
А | 1 | d | 12 | 2 | -12 |
2 | S2 | 45 | 90 | 102 | |
3 | a10 | 36 | 33 | 30 | |
В | 1 | a40 | 80 | 82 | 78 |
2 | b5 | 48 | 324 | 320 | |
3 | S7 | 1050 | 210 | 105 | |
С | 1 | b5 | 1/125 | 1/125 | 5/125 |
2 | q | 3 | +-3 | -3 | |
3 | a1 | 17 | 58 | 33 |
Қосымша -6
Қосымша -7
Үйге тапсырма: Кестедегі бос орындарды толтыр:
№ | a1 | d | n | an | sn |
1 | -10,2 | 5 | 7 | ||
2 | 32 | 2 | 70 | ||
3 | 65 | 121 | 186 | ||
4 | 16 | 160 | 1200 | ||
№ | b1 | q | n | bn | Sn |
1 | 54 | 3 | 5 | ||
2 | 85 | 5 | 4 |
Математика → Рационал бөлшектерді бөлу
Математика → 8 класс Алгебра пәніне арналған І тоқсанға арналған ОМЖ
Жаратылыстану бағыты → Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласына есептер шығару.
Математика → Алгебра және геометрия байланыстары
Математика → Екі өрнектің квадраттарының айырымының формулаларын қолданып есептер шығару
- 6951935
Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!
Пәндер
Ұстаздарға
Оқушыларға
Лауазым иелеріне
Блогтағы жазбалар
Mail.ru тобымызға қосыл
Facebook парақшамыз
VK.COM тобымызға қосыл