Сайтқа кіру
Сабақтың білімділік мақсаты:Word мәтіндік редакторында кестемен
жұмыс тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру және бекіту
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың өз бетінше кестемен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып, логикалық ойлау қабілетін
дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ұқыптылыққа, өз бетінше
еңбектенуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: Оқу есептеуіш техника кешені, Бинго билеттері,
Кесте құру, ұяшықтармен жұмыс, кестелерді жиектеу, кестелерді форматтау тақырыбында және қайталау сұрақтары Power Point программасында дайындалған презентация, информатикалық диктант жазылған бетшелер
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: ойын (Бинго)
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру. (Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Кесте жақтауларын өзгерту қалай орындалады?
2. Жақтауларды алып тастауға бола ма? Қалай?
3. Кесте ұяшықтарын бояу қандай командалар көмегімен орындалады?
4. Кестені автоформаттау дегеніміз не? Автоформаттау қалай орындалады?
(Слайдтар арқылы үй тапсырмасын айту)
ІІІ. Word мәтіндік редакторында кестенің мүмкіндіктері тақырыбы бойынша қайталау сабақ.
Бинго ойынының шартымен таныстыру.
Әр оқушыға «Бинго» лотереялық билеті таратылады. «Бинго» билетінде
3 амал қосымша бар. Әр амалда бес-бестен, яғни жалпы саны 15 нөмір орналасқан.
1 амал қосымшада- кесте бойынша сұрақтар
2 амал қосымшада – информатикалық диктант
3 амал қосымшада — Word мәтіндік редакторында кестемен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар (практикалық )
Бірінші бөлім бойынша ойнағанда компьютер кез-келген нөмірді шығарады. Сол нөмірге байланысты сұрақ қойылады. Бинго билетінің нөмірі соған сәйкес келетін оқушылар сұраққа жауап береді. Егерде жауап бере алмаса басқа оқушыда сол нөмір шығатын болса сұраққа жауап бере алады. Жауап берген нөмірді белгілеп отырады.
Бірінші амал қосымшасы бойынша ойынымызды бастаймыз. Бәріміз экранға назар аударайық. Компьютер қандай нөмерді көрсетеді.
(Power Point программасында дайындалған слайдтар арқылы кез-келген нөмір және соған сәйкес сұрақтар шығады)
1. Қайталау сұрақтары
1) Кесте дегеніміз не?
2) Ұяшық дегеніміз не?
3) Кесте құру әдістерін ата?
4) Алдыңғы ұяшыққа қайтып келу қандай пернелердің көмегімен орындалады?
5) Қатар н/е жол дегеніміз не?
6) мына батырманың қызметі
7) Word мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?
8) Батырманың қызметі
9) <Tab> пернесінің қызметі
10) Сыйлық (Жеңістің 60 жылдығына орай 60 нөмірінде сыйлық орналасқан.
60 нөмері бар оқушы ешқандай сұраққа жауап бермей-ақ, өзінің Бинго
билетіндегі 60 санын белгілейді.)
11) Кестенің соңғы ұяшығын үш баған, екі жолға бөлу қалай орындалады?
12) Батырманың қызметі
13) Ұяшықтарды біріктіру қалай орындалады?
14) Кесте ұяшықтарымен қозғалу әдістерін атаңдар.
2. Информатикалық диктант.
Берілген мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазу. (5 мин.)
|
Оқушыларға оқытып, тексеру.
1. Практикалық жұмысқа арналған тапсырмалар
Ø Word программасын іске қосу. 3 бағана, 4 қатардан тұратын кесте құру.
Ø Бірінші жолдағы ұяшықтарды біріктіру.
Ø Мәтін енгізу. (Карточка бойынша информатикалық терминдерді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазу.)
Ø Кесте жақтауларын өзгерту.
Ø Кесте ұяшықтаын бояу.
Тапсырманы орындап болған оқушыларға төмендегі 1 суреттегі кесте құру және өзгертулер енгізу арқылы екінші суретті шығару
1)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2)
|
|
| ||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| ||
Қорытындылау.
Оқушылардың «Бинго» билеттеріндегі белгіленген нөмірлері бойынша, бағалау.
Үйге тапсырма.
Келесі сабақта шығармашылық жұмыс болғандықтан газет, журнадардан кестеде жазылған мәліметтерді алып келу немесе дәптерге сызып келу. Өздерің дайындағыларың келетін кестелік мәлімет және сөзжұмбақтар дайындап келу.
Сабақ барысында қолданылатын көрнекіліктер:
1. Информатикалық диктант
Берілген мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазу.
|
Оқушыларға оқытып, тексеру.
2. Карточка арқылы деңгейлік тапсырма беру.
І деңгей | Жаңа сабаққа байланысты логикалық ойлау тапсырмаларын, сұрақтар, тест тапсырмаларын беру. |
ІІ деңгей | Сызба, нұсқа, информатикалық диктант, сұрақтар беру. |
3. Жекелей оқушыларға дидактикалық тапсырмалар беріледі.
![]() |
4. Топтастыру әдісін пайдаланып оқушыларға сызба нұсқа сыздыру.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5. Жаңа сабақты түсіндіріп болған соң қорытындылау мақсатында оқушыларға таблицалар беріледі.
Батырма | Әрекет | Әрекет нәтижесі |
|
|
|
6. Оқушыларға берілетін сауалнама сұрақтар.
1. Ақпараттың ең кіші бірлігі:
А) байт,
Б) Кбайт,
С) бит,
Д) Мбайт,
Е) код,
2. Компьютерлік вирус дегеніміз не?
А) Зақымданған программа Б) информацияны зақымдайтын программа
В) «Жұқпалы байттар»
3. Архивтік файл дегеніміз не?
А)көптомды файл Б) архивтенген файл В) қысылған түрдегі файлдар.
7. «Интерфейс» сөзжұмбақ шешу
Сұрақтар:
1. Хабарламаның, берілген белгінің, жадының мазмұны, сонымен қатар хабарламада, берілген белгіде болатын мәліметтер.
2. Информацияны алудың, сақтаудың, жаңартудың, тарату мен пайдаланудың барлық аспектілерін зерттейтін ғылым.
3. Компьютерлік алфавит символдарының кез келген тізбегін не деп атаймыз?
4. Қатар мен бағандарда реттелген информация.
5. Компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа.
6. Информацияларды сақтайтын қапшық.
7. Кибернетиканың негізін салған кім?
8. Мәтіннің бір түрі?
![]() |
Математика → Күйкен орта мектебі ! Баяндама Жиенқұлова Дариға
Информатика → Информатика әлемі (сайыс сабақ)
Информатика → Информатика пәнінен тақырыптық-күнтізбелік жоспар
Тарих → ХІХғ І жартысында Ресейдің экономикалық дамуы
Информатика → Информатика пәнінен 1-4 сыныптардың оқу бағдарламасы
- 7150204
Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!
Пәндер
Ұстаздарға
Оқушыларға
Лауазым иелеріне
Блогтағы жазбалар
Mail.ru тобымызға қосыл
Facebook парақшамыз
VK.COM тобымызға қосыл