Сайтқа кіру
Сабақтың тақырыбы: Қаңқаның бөлімдері, маңызы, құрылысы.
Мақсаты: Білімділік: Оқушының қаңқаның жеке бөліктері және тірек-қимыл жүйесімен
танысып, маңызын түсінуі.
Дамытушылық: Оқушылардың тірек-қимыл жүйесі бойынша білімдерін өз бетімен
іздене меңгеріп, одан әрі дамытуы.
Тәрбиелік: Ұжыммен жұмыс істей білу, тиянақтылық.
Көрнекіліктер: Сүйектің бөлімдері көрсетілген суреттер, флипчарт.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгеру.
Сабақтың әдісі: С.Т.О. дамыта оқыту.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Өтілген «Сезім мүшелері» тарауы бойынша тапсырмалар беріледі.
1 тапсырма.
Биологиялық диктант. ( Оқушының жауабы бос жерді көрсету арқылы тексеріледі)
2тапсырма. Берілген сурет бойынша тапсырма орындалады. ( Дұрысы бос жерден суретті шығару арқылы тексеріледі )
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-Адамның денесінің негізгі тірегі не? Ойланып көрейік. ( Адамның суретінен қанқа көрсетіледі )
-Адам қаңқасы туралы не білеміз?
Кестенің екі бағаны ғана толтырылады.
Білемін | Білгім келеді | Үйрендім |
Мұғалім толықтыра отырып, оқушылар өз ойларын айтады.
ІІ. Мағынаны тану. Оқушылар өз бетімен іздене жұмыс істеуі үшін тапсырма беріледі.
(Адамның қаңқа бөліктері прожекторды қолдану арқылы көрсетіледі )
Дәптерлеріңе кестені толтырыңдар.
Сүйек бөлімдері | Оны құрайтын сүйектер | Орналасу реті және қызметі |
Бас сүйегі | ||
Тұлға қаңқасы | ||
Қол қаңқасы | ||
Аяқ қаңқасы |
Уақыт беріледі. Уақыт болғасын оқушылар тапсырма бойынша жауап береді.
ІІІ. Толғаныс.
Оқушыларға өтілген тақырып бойынша мынадай тапсырмалар беріледі:
А) Жамбас және аяқ сүйектері;
В) Бассүйектің құрылысы;
С) Иық белдеуі және қол сүйетері;
Д) Кеуде (көкірек) қуысы.
2. Сәйкестігін анықтаңдар: (Жауабы дұрыс болмаса, қайтадан орынына барады)
А) Ұзын сүйектер | Омыртқа жотасы, аяқ сүйектер, асықты жілік, жауырын, ортан жілік. |
В) Қысқа сүйектер | Жамбас белдеуі, тоқпан жілік, омыртқа, жауырын, қол сүйектер, асықты жілік. |
С) Жалпақ сүйектер | Асықты жілік, жамбас, аяқ сүйектер, қабырғалар, омыртқа жотасы, жауырын. |
3.Адамның қаңқасын құрастыру.
(Тақтада көрсетілген сүйектерді қозғалта отырып, ретімен құрастырып шығу.)
Сабақ басында жазылған кестеге оқушылар қайта оралып, үшінші бағанды толтыра отырып, сабақтан нені үйрегендерін жазады.
Білемін | Білгім келеді | Үйрендім |
Автор орындығы. Осы сабақта оқушы нені үйренгенін жазып, айтады.
Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушылардың білімі бағаланады.
Үй тапсырмасы: §23. Қаңқа бөлімдері туралы тест (10-15 сұрақ), сөзжұмбақ құрастыру.
Ұстаздарға → Тұлға тәрбиелейтін ұстаздың өзі тұлғаға лайық болу керек
- 7181930
Ақмарал # 31 наурыз 2015 в 18:48 0 |
![]()
Өте жақсы.
|
Пәндер
Ұстаздарға
Оқушыларға
Лауазым иелеріне
Блогтағы жазбалар
Mail.ru тобымызға қосыл
Facebook парақшамыз
VK.COM тобымызға қосыл