Сабақтың тақырыбы: Допты қарсыласынан тартып алу. Екі қорғаушының үш шабуылшыға қарсы ойнау әдісі.

11 қаңтар 2017 - Күлзия Есенқызы

Абишев Шалқар Тұрарғажыевич

дене тәрбиесі пәні мұғалімі

№56 мектеп-лицейі, Астана қаласы

(сабақ жоспарының үлгісі)

 

 

Сабақтың тақырыбы:  Допты қарсыласынан тартып алу.    Екі қорғаушының үш шабуылшыға қарсы ойнау әдісі.

Мақсаты:

а) Оқушыларды футбол ойынына деген қызығушылығын арттыру.

 ә) Жаттығу кезінде орындалатын жаттығулар негізінде жылдамдық, ептілік күш қабілеттері арқылы салауатты өмірге тәрбиелеу.

б) Оқушыларды допты қарсыластан тартып алу әдістеріне жаттықтыру.

 в) Допты қозғалыста әр түрлі әдістермен тоқтату және беруді жаттықтыру.

Өтілетін орыны: Спорт зал.

Қажетті спорт құрал-жабдықтыры: Футбол доптары, ысқырық, кедергілер, уақыт өлшегіш.

                                          

№     Сабақтың мазмұны                 Уақыт мөлшері                                     Әдістемелік нұсқаулар

1            Кіріспе бөлімі          

1. Сапқа тұрғызу, амандасу, оқушыларды түгендеу. Қауіпсіздік ережелерін айтып өту. Жаттығу тақырыбымен таныстыру.

5 минут

Арнайы киімдеріне, жаттығу даярлығына және берілген бұйрықтың орындалуына назар аудару, қауіпсіздік ережесін айтып өту керек.

2 Дайындық бөлімі

Арнайы жаттығулар:

2. Баяу қарқынмен жүгіру.

3. Бойды еркін ұстап жүгіру, қолмен жұмыс жасап тұла бойын тік ұстап, табанға екпін қою арқылы жүгіру.

4. Өкшені артқа қарай биік көтере жүгіру.

5. Оң және сол жақ иықтарды алға қарай ұстап қолды сермей, секіре жүгіру.

6. Кедергілер арасынан жүгіріп өту

7. Кедергілер арасынан артқа қарап жүгіріп өту.

8. Әр кедергіде бір-бірін иықтарымен итере өту

9. Әр кедергіде бір-бірін иықтарымен секіре итеріп өту.

10. Әр кедергіге келіп секірген қалыпта допты баспен ұру әдісін қолданып өту.

11. Кедергі жасап тұрған әріптесін арқасынан, кеудесінен екі қолмен итеріп жеңіл жүгіріп өту.

 

Негізгі жаттығулар:

Допты қозғалыста әр түрлі әдістермен тоқтату және беру. 

1. Доппен «жонглерлық» жаттығулар орындау: а) қолдарды артта ұстап, ә) кедергіден өтіп.

2. Допты қақпаға тебу: а) допты әріптесінен қабылдап алып қақпаға тебу ә) дәл солай допты қабылдап 360 градусқа бұрыла тебу б) дәл солай кедергіні айналып келіп тебу

Допты қарсыласынан тартып алу.

1.Қорғаушы допты шабуылшыға беріп, өзі ортаңғы қорғаушының орнына жүгіреді. Шабуылшы допты қабылдап, жүргізіп, қорғаушыны алдап өтіп қақпаға тебуі керек.

Екі қорғаушы үш шабуылшыға қарсы ойнау әдісі.

2. Екі қорғаушы үш шабуылшыға қарсы ойнау. Шабуыл кезінде бір қорғаушы допқа ие болған шабуылшыға ұмтылады, екінші қорғаушы міндетті түрде айып алаңының ортасын бақылап тұрады. Доп алаңның оң немесе сол жақ қапталына берілсе сол қапталға жақын тұрған қорғаушы шабуылшыға қарай ұмтылады, бос қалған қорғаушы айып алаңының ортасын бақылап тұрады.

25 минут

2 рет

2рет

2 рет

30 минут

10´

Міндетті түрде ара қашықтық сақтау керек.

Итеру кезінде орташа ғана күшпен итеру керек.

Секіру кезінде әріптесінің басы тимеуін бақылау керек.

Жаттығу кезінде доп ойыншының бақылауында болуы керек.

Жаттығу кезінде допты әріптесіне дәл және тебуге  ыңғайлы беруі керек.

Шабуылшы доппен қорғаушыға қарай жүгіріп келе жатқанда қорғаушы 3-4 метр қашықтықта шабуылшыны және допты бірдей бақылауы қажет. Шабуылшы қорғаушыға 1-1,5 метр жақындағанда қорғаушы тек қана допқа қарап тартып алуға ұмтылады.

Айып алаңының ортасы ешқашан бос қалмауы керек. Қақпашы бос қалған қақпаның бос қалған жағын міндетті түрде жауып тұруы керек.

3 Қорытынды бөлімі

1.Алаңды 4 рет жеңіл жүгіріспен айналу.

2. Сапқа тұру.

3. Өткен жаттығуларды сараптау.

10 минут

Жаттығуларды талпынып, жақсы орындаған оқушыларды атап өту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- 6943181

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!