Заманауи білім – уақыт талабы

14 желтоқсан 2016 - Cайран Сагимбеков
Заманауи білім – уақыт талабы

Білім беруді  2011-2020  жылдары  дамыту  Мемлекеттік бағдарламасын Нұра  ауданында шағын жиынтықты мектептер саласындағы проблемаларын шешу  мақсатында  Тірек мектеп (ресурстық орталықтың)   №3 Киевка  жалпы орта білім беретін мектебінің негізгі мақсаты мен міндеттері: Қоғамдағы өмірге бейімделген, бейімді және кәсіптік білім беру бағдарламаларын саналы таңдауға және меңгеруге дайын, мәдениеттік деңгейі жоғары зияткер тұлға қалыптастыру, негізгі жалпы міндетті білім беру бағдарламаларын сапалы меңгеруді қамтамасыз ету, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты деңгейінен жоғары бейіндік пәндерді оқыту, оқушылардың ертерек кәсіби бағдарға бейімделуі, оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекеттерінің дағдысын және шығармашылық қабілеттерін оқытудың инновациялық әдістемелерін және технологияларды қолдану арқылы дамыту, оқыту үдерісінде отандық және шет елдердің озық педагогикалық тәжірибелерін пайдалану, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін және шығармашылық іс-әрекетін көтеру, оқушылардың ЖОО-да оқуларын жалғастыруға бағдарлау. Семинар келесі мәселелер бойынша жұмыс жасады: тірек мектептерде (ресурстық орталықтарда) сапалы білім беруді дамытудағы жаңашылдық идеялар; тірек мектептердің (ресурстық орталықтардың) қызметін жетілдірудегі өңірлік тәжірибелер; тірек мектептердегі (ресурстық орталықтардағы) пәндерді оқытудағы жаңа технологиялар; тірек мектептер (ресурстық орталықтар) мен шағын жинақты мектеп жағдайында жұмыс жасайтын педагогтардың біліктілігін арттыру мәселелері; тірек мектептер (ресурстық орталықтар) мен шағын жинақты мектептерді оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету.         

 

      Мектеп ұжымы, оқушылар, ата-аналар ресурстық орталықтың нормативтік құқықтық құжаттарымен таныстырылды. Орталықтағы оқу жоспарына сәйкес жылына 3 рет сессия өткізіледі; тағайындаушы, оқу сессиясы және қорытынды сессия.  Оқу сессияларының мазмұны оқушының шығармашылық мүмкіндіктері мен танымдық белсенділіктерін арттыру,  бейіндік оқытуға көшу шараларын жүзеге асыратын бағытта құрылады. Сессиядағы бағдарлы оқыту барлық 10 сынып оқушылары үшін және олардың қызығушылықтары ескеріле отырып, жекелеген пәндерді тереңдетіп оқыту емес, ауқымы кең білімдік кеңістікті құруға негізделеді..  мектептерінде математика және физика пәндері бойынша шығармашылық топтар құрылды, оқушылар туралы мәліметтер жинақталды.

 

          Елбасымыздың «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты тұжырымдамалық бағдарламасы білім беру жүйесін жаңғырту жөніндегі қадамдарын нақты көрсетіп берген болатын. Осыған байланысты білім беру жүйесін жаңарту бойынша курстан өту барысында ұстазға артылған жүк ауырлығын терең ұғындым.Ол ұрпақ тағдырына бағыт-бағдар беріп қана қоймай, замана талабына сай терең білім беруді ұйымдастырады.        Тірек мектеп – кәсіби оқытудың ресурстық орталығы.  Мектептің педагог мамандары  үш айлық деңгейлік курстардан өтіп  заманауи білім үш мұғалім жоғары деңгей, үш мұғалім бірінші деңгей,  он бір мұғалім үшінші деңгейлік курстан өтті  мұғалім оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда кәсіби деңгейін жетілдірді. Аудандық білім беру бөлімімен бірлесе отырып Коучинг сабақтар жоспарға сай өткізілді. « Педагогикалық іс-әрекет қатынасы бойынша оқытушылардың типтері» тақырыбында тренинг жүргізілді. « Білім беру жүйесіндегі заманауи әдістер: өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі дамыту технологиялары» атты ғылыми әдістемелік семинар,  «Нұра ауданының мектептерінде ІСБ негізінде жаңа тәсіл бойынша, ҚР педагогикалық қызметкерлердің деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттыру жұмыс практикасына енгізу» тақырыбында аудандық конференция өткізілді.Оқушылардың даму бағдарламасын орындау, зерттеу жұмыстары арқылы педагогтың зерттеу мәдениетін дамыту, кәсіби желілік қоғамның құралы ретінде педагогтың кәсіби дамуын басқару, бағалау әдістерін өзгерту, оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту мақсатында ашық, коучинг сабақтар өткізіп, оқу процесінде сын тұрғысынан ойлау әдісін қолдану тиімділігі қарастырылды.

      Мектептің материалдық-техникалық базасын дамытуға байланысты биылғы оқу жылында мектеп күрделі жөндеуден өткізіліп, базамызға еңбек сабағы кабинеті толық құралдарымен енгізілді. Жаңа техникалық аппараттармен жабдықталды.

       Магниттік мектептер – Байтуған  ЖОББ, Қарой ЖОББ, Р.Асубаева ЖОББ, К.Мыңбаев ЖОББ мектептері. Магниттік мектептер аудан орталығынан 7-25 шақырым қашықтықта орналасқан.Тірек мектеп (Ресурстық орталық) №3 Киевка жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдері мен ресурстық орталық мамандары магнитті мектептердің білім деңгейі мен ҰБТ-ға дайындықтарын жетілдіру мақсатында үш тоқсандық сессия өткізіп отырды. Сессия барысы жаңа технологияларды енгізу,   оқушылардың ұшқырлығын шыңдау мақсатында қызықты тартымды сабақтар, зерттеу жұмыстары мен ғылыми жоба зерттеушілік жұмыс дағдысын, өз мүмкіндіктерін бағалау дағдысын қалыптастыру, ой-өрісін дамыту, талдау,   мақсатында  өткізілді.

           Тірек мектеп мұғалімдері ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптарын алады, магниттік мектеп оқушылары  ғылыми жобаларды зерттеу мен рәсімдеу жөнінде кеңес, ғылыми жетекшілері бірге тағайындалады. Ресурстық орталықтың жұмысын жандандырудың бір қыры: тәрбиелік іс-шаралар, спорттық іс-шара, мұражайға саяхат, психологиялық тренингтер мен интеллектуальды ойындар өткізу. Ресурстық орталық тәрбие жұмыстары мен спорттық ойындарға белсене араласады. Соның арқасында олардың өздеріне деген сенімділіктері мен белсенділіктері арта түседі. Семинарда қарастырылған негізгі мәселелер: ресурстық орталық қызметін нормативтік-басқарушылық сүйемелдеу; ресурстық орталықтың жұмысын тиімді жүргізу үшін жағдайларды жасау; тірек және магниттік мектептерінің қарым-қатынасы. Сонымен қатар қатысушылардың назарына сабақтар, түзеу практикалық жұмысы, «Ғылымға алғашқы қадамдар» атты ғылыми-практикалық конференция ұсынылды. «Ресурстық орталықты дамыту мәселелері мен келешегі» тақырыбында пікір алмасу өткізілді. Тірек мектеп алдына мынадай мақсаттар қойып отыр: оқыту барысында нәтижелілікті арттыру, оқыту әдісі мен жеке тәжірибе алмастыру, әр оқушының қызығушылығы арттыру, мүмкіндіктерін арттыру,ҰБТ алдында оқушылардың алдын ала дайындықтарын дамыту.

       Қазіргі таңда білім кеңестігіне «Робототехника негіздері»  бөлімін енгізу өте маңызды және өзекті болып отыр. Робототехниканы білім кеңестігіне енгізу – оқушыларды техника саласындағы зерттеулерге, техникалық ақпарат және бастапқы инженерлік біліммен алмасуға бағыттайды.

    Мектеп жанында алпыс оқушыға арналған интернатта барлық жағдайлар жасалған. Төрт мезгіл тамақ пен жатын орны, тасымалдау тегін. Онда Киевка кентінің жақын маңайындағы шағын ауылдың мектеп жасындағы балалары қамтылған.

     Ескендір Зұлқарнайын патшадан: «Осы сіз әкеңіз Филлип ағзамға қарағанда, ұстазыңыз Аристотельге көбірек ілтипат танытатын сияқтысыз. Соның сыры неде?», деп сұрапты.Сонда әлемді аузына қаратқан даңқты қолбасшы: «Әкем менің тәнімді тәрбиелеп, жерге түсірді, ал  ұстазым жанымды тәрбиелеп, көкке көтерді емес пе», деген екен. Міне, осыдан ұстаз қай заманда да құрмет иесі екенін көруге болады.

              Мемлекет басшысының «Қазақстан – 2050» Стратегиясында бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін сауатты елге айналу мәселесі алға тартқан еді.Біз соны жүзеге асыру жолында тәжірибелі мамандармен  білікті де білімді, заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеуді мақтан етіп  отырмыз. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу жолындағы «бұл заман – істің көзін, тірліктің тетігін тапқандікі. Қимыл-қарекетке  еліміздің үлкен-кішісі жұдырықтай жұмылып, білектей бірігіп адал қызмет етуі тиіс»  десе, біз осы үдеден шығуға талпынып келеміз.

                                                                      

Осыған ұқсас жазбалар:

БаяндамаҚ.О.Бітібаева шығармашылығының жаңашылдығы мен өзектілігі

Қазақ әдебиеті6 орыс сыныбындағы қазақ тілінен "Жұмбақтар" тақырыбы бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары

- 7297013

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!