Сайтқа кіру
Кестеден тыс қосу және азайту
Сабақтың тақырыбы: Кестеден тыс қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: Бөлшектеп қосу және азайту тәсілдерін көрнекілікке сүйене отырып енгізу; сол тәсілдерді қолдану үлгісін көрсету; Есептеулер жүргізудің сәйкес тәсілін көрнекілікке сүйене отырып енгізу, оны қолданудың үлгісін көрсету. Екі амалмен шығарылатын есепті (қосындыны, қалдықты табу, «сонша») шығаруды пысықтау. құрылымы күрделі санды өрнектер мен әріпті өрнектермен әр алуан іс — әрекеттер орындауға машықтандыру., ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын дамыту. Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым – қатынасқатәрбиелеу.
Барысы:
Ынтымақтастық ортасын құру:
— Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
— Оқушылар бір – біріне сәттілік тілейді.
Топқа бөліну:
— Топтарға бөлу;
— Оқушылар топқа бөлінеді.
Бағалау парағын түсіндіру:
— Тақырып бойынша берілген тапсырмаларды орындау. Толық орындалған тапсырмаға +, толық емес тапсырмаға « – « таңбасын қойып ортақ бағасын шығару.
— Оқушылар топтарға бөлінеді.+,- таңбаларын қою арқылы өздерін бағалайды.
Үй тапсырмасын сұрау:
117 беттегі 6 — тапсырма;
Сол қолымда 5 саусақ.
Екі қолды қосқанда,
Болады екен 10 саусақ.
Оқушылар сергиді.
Топтық жұмыс:
№ 3
1 — топ. 83 + 7 = 80 + (3 + 7) = 90
83 + 9 = 80 + (3 + 9) = 93
2 — топ. 92 – 9 = 80 + (12 — 9) = 83
68 + 2 = 60 + (8 + 2) = 70
3 — топ. 74 – 4 = 70 + (4 — 4) = 70
74 – 8 = 60 + (14 — 8) = 66
4 — топ. 8 + 85 = (8 + 5) + 80 = 93
93 – 3 = 90 + (3 — 3) = 90
Оқушылар ойланады, пайымдайды, талдайды.
Есеп шығару. Тақтамен жұмыс.
№ 5
Бірінші күні – 36 сәбіз
Екінші күні –? — 6 сәбіз кем
Үшінші күні -?
Шешуі: (36 – 6) + 36 = 66 ©
Жауабы: Үшінші күні 66 сәбіз жинады.
Қорытынды:
Топтық жұмыс:
№ 6
1 — топ. 50 + (6 + 7) = 63
2 — топ. 40 + (13 – 9) = 44
3 — топ. 30 + (8 + 10) = 48
4 — топ. 60 – (15 – 8) = 53
Орындарында отырып топпен жұмыс жасайды. Топ басшылары тексереді.
Бағалау
Оқушылар тапсырманың орындалуына байланысты өз — өздерін бағалайды
Үйге тапсырма беру:
119 — бет, 7 — тапсырманы шығару
- 7149549
Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!
Пәндер
Ұстаздарға
Оқушыларға
Лауазым иелеріне
Блогтағы жазбалар
Mail.ru тобымызға қосыл
Facebook парақшамыз
VK.COM тобымызға қосыл