Сайтқа кіру
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, түгендеу, Сабаққа назарларын аудару.
Шаттық шеңберін құру.
Күн жарығын алақанға саламын.
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан — жағым.
II. Мақсат қою.
Сабақтың мақсатын хабарлау.
— Сабақтың тақырыбын түсініп оқыңдар.
Бүгінгі сабақта нені қайталау маңыздырақ деп ойлайсың?
III. Жаңа сабақ
№1. Сандарды өсу ретімен жаз: 2050, 2005, 2500, 5002, 5020, 8207, 8027, 8720, 8702, 8072, 8270.
Осы сандардың ішіндегі ең кіші және ең үлкен сандарды разрядтық қосылғыштарға жікте.
№2. Мынадай есептерді шығарып үйрен:
А) Шебер 1 сағатта 10 әшекей жасайды. Ол 8 сағатта барлығы неше әшекей жасай алады?
Есептің қысқаша жазылуы:
Өнімділік
Жұмыс уақыты
Жұмыс көлемі
10 әшекей
8 сағ
? әшекей
Ә) Кері есептер құрастыр және шығар.
Есіңе сақта!
Жұмыс көлемі
Жұмыс уақыты
Өнімділік
x =
Жұмыс көлемі
Жұмыс уақыты
Өнімділік
: =
Жұмыс уақыты
Өнімділік
Жұмыс көлемі
: =
№3-тапсырма.
Бір тракторшы күніне 6 га егістік жер жыртуы керек. 2 тракторшы 3 күнде барлығы неше гектар егістік жер жыртады? 5 күнде ше? 10 күнде ше?
Шарты:
Бір тракторшы 1 күнде – 6 га
2 тракторшы 3 күнде – га?
5 күнде –? га
10 күнде –? га
Шешуі: 1) 2 * 6 = 12 (га)
2) 12 * 3 = 36 (га)
3) 12 * 5 = 60 (га)
4) 12 * 10 = 120 (га)
Жауабы: Екі тракторшы 3 күнде 36 га, 5 күнде 60 га, 10 күнде 120 га жер жыртады.
№4-тапсырма.
Бір компьютерші 8 сағатта 40 бет қолжазбаны теруі керек. 2 компьютерші 16 сағатта неше бет қолжазбаны теріп бітіреді? 24 сағатта ше? 32 сағатта ше?
Шарты:
Бір компьютерші 8 сағатта – 40 бет
2 компьютерші 16 сағатта — ? бет
24 сағатта — ? бет
32 сағатта — ? бет
Шешуі: 1) 40: 8 = 5
2) 5 * 2 = 10 (бет)
3) 16 * 10 = 160 (бет)
4) 24 * 10 = 240 (бет)
5) 32 * 10 = 320 (бет)
Жауабы: Екі компьютерші 16 сағатта 160 бет, 24 сағатта 240 бет, 32 сағатта 320 бет қолжазбаны теріп бітіреді.
№5. Есептерді шығар.
а) Түйе палуан 100 кг жүк көтере алады. Егер 1 л сынаптың массасы 13 кг болса, ол ішіне сынап толтырылған сегіз литрлік ыдысты көтере ала ма?
Жауабы: көтере алмайды
ә) 12 тоқаштың массасы 3 кг. Неше тоқаштың массасы 1 кг болады?
Шарты:
12 тоқаш – 3 кг
? – 1 кг
Шешуі: 12: 3 = 4 ()
Жауабы: 4 тоқаштың массасы 1 кг болады
б) Сіріңке қорабының биіктігі 15 мм. Осындай 9 қораптан құралған бағанның биіктігі қандай?
Шарты:
Қораптың биіктігі – 15 мм
9 қораптың биіктігі – ?
Шешуі: 15 * 9 = 135 мм
Жауабы: 9 қораптың биіктігі 135 мм
Әрбір есептегі сұраққа жауап беру үшін неше амал орындадың?
№6. Есептерді шығар.
а) 1 айда қыз баланың шашы 1 см 2 мм өседі. 1 жылда қыз баланың шашы қанша өсуі мүмкін?
Шарты:
1 айда – 1 см 2 мм
1 жылда=12 ай – ?
Шешуі: 12 * 12 = 144 (мм)
Жауабы: 1 жылда 144 мм өседі
ә) Бір газеттің массасы 15 грамм, осындай 100 газеттің массасы неше грамм?
Шарты:
1 газет – 15 грамм
100 газет – ?
Шешуі: 15 * 100 1500
Жауабы: 100 газеттің массасы 1500 грамм
б) Жеңіл машина 3 сағат жүретін жолына 27 л бензин жұмсайды. 54 л бензин оған қанша уақыт жүруге жетеді?
Шарты:
3 сағат – 27 л
? – 54 л
Шешуі: 27: 3 = 9 (л)
54: 9 = 6 (сағ)
Жауабы: 54 л бензин 6 сағат жүруге жетеді
Әрбір есептегі сұраққа жауап беру үшін неше амал орындадың?
№7. Амалдарды орында:
(430 + 170): 100 = 600: 100 = 6
(570 + 430): 1000 = 1000: 1000 = 1
(695 – 95): 100 = 600: 100 = 6
100 – (67 + 28) + 5 = 100 – (95 + 5) = 100 – 100 = 0
200 – (360 – 240) + 30 = 200 – (120 + 30) = 200 – 150 = 50
600: (20 * 5) * 6 = 600: (100 * 6) = 600: 600 = 1
200 – 80: 2 + 60 = 200 – (40 + 60) = 200 – 100 = 100
300 – 90: 3 + 70 = 300 – (30 + 70) = 300 – 100 = 200
400 + 60: 4 + 85 = 400 + (15 + 85) = 400 + 100 = 500
№ 8. Теңдеу құр және оны шеш.
а) Бір санды 100 есе арттырғанда 10200 шықты. Ол қандай сан?
х * 100 = 10200
x = 10200: 100
x = 102
102 * 100 = 10200
ә) 3400-ді бір санға бөлгенде 34 шықты. Ол қандай сан?
3400: x = 34
x = 3400: 34
x = 100
3400: 100 = 34
№9-тапсырма.
Қабырғаларының ұзындығы 3 см және 2 см тік төртбұрыш сыз. Оның әр қабырғасын 2 есе арттырғанда шығатын тік төртбұрыштың периметрін және ауданын тап. Оларды бастапқы тік төртбұрыштың периметрімен және ауданымен салыстыр. Не байқадың? Қандай қорытынды жасауға болады?
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
VI. Қорытындылау.
— Бүгін нені қайталадық?
VII. VI. Үйге тапсырма: 85 бет №6, 86 бет №9.
- 6918721
Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!
Пәндер
Ұстаздарға
Оқушыларға
Лауазым иелеріне
Блогтағы жазбалар
Mail.ru тобымызға қосыл
Facebook парақшамыз
VK.COM тобымызға қосыл