Сайтқа кіру
Ақмола облысы Целиноградауданы Қабанбай батыр ауылы № 41 ОМ
Әдебиеттік оқу 4 «А» сынып ДусенбаеваРауза Ареновна.
Сабақ тақырыбы | «Күріш туралы Сыр». Базарбай Исаев (74 бет)
|
Сабақ мақсаты | Мәтінді түсініп оқиды, негізгі идеясын ұғады. Міндеттерді шешу үшін, өзіндік ой айтуға дағдыланады. |
Оқушылар үшін оқу нәтижесі | Мәнерлеп түсініп оқиды, негізгі мағынасын ұғады, Қызылорда облысы жайлы мәліметтер алады. |
Түйінді идеялар | Мәтін мағынасын ұғынып қорытынды жасай біледі. Ойларын нақты, тиянақты жеткізе алады. |
Оқыту әдістері | СТО стратегиялары |
Тапсырмалар | Сұрақ-жауап,әңгімелеу, оқулықпен жұмыс, түртіп алу, кері байланыс. |
Тапсырма көздері | Жеке, жұппен, топтық, болжам, кубизм, әлемді шарлау, ББҮ, эссе, ой қозғау, рефлексия, бағалау |
|
|
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
Мұғалім немен айналысады? | Оқушылар немен айналысады? |
IҰйымдастыру кезеңі: 1 мин Шырылдады қоңырау, Біз сабақты бастаймыз. Партамызға отырып, Өзара көз тастаймыз. Табыс тілеп көзбенен – Жаңа білім алуға Алға қадам аттаймыз. | Оқушылар сабаққа назар аударып отырады. |
2.Сыныпта психологиялық ахуал туғызу | Көп қызық бар әлемде, Құштар бол сен білімге Бізбен оқы, жалықпа Білмегенді анықта. |
2. Үй тапсырмасын тексеру-7мин Әр топтан 1 баладан Қ.Төреғожаның «Бір дегенім» өлеңін мәнерлеп оқиды. Сұрақтар: |
Оқушылар жауап береді: - Өлеңнің мазмұны жақсы сөз, тілек жайында. - Негізгі ой келешекке қуаныш сезім жайлы. |
3. Жұмбақтар жасыру: 1 мин Ұзын мұртты сарылар, | Оқушылар жұмбақтарды шешіп, 4 топқа бөлінеді. 1 топ: «Бидай» 2 топ: «Күріш» 3 топ: «Күнбағыс» 4 топ: «Жүгері» |
4. Жаңа сабақ. ҚО 2 мин — Балалар, күріш, бидай, жүгері, күнбағыс нелерге жатады? -Тағы қандай дәнді дақылдарды білесіңдер? ( слайд) — Дәнді дақылдарға не қажет? (слайд) Бүгін Базарбай Исаевтың «Күріш туралы сыр» деген мәтінмен танысамыз. Мәтінді оқып, талдаймыз. |
Оқушылар жауп береді: - Дәнді дақылдар - Тары, арпа, сұлы, қарабидай, қарақұмық. - Ауа, су, жарық, жылу, топырақ, минералды тұздар. |
«Болжам» стратегиясы:2мин (слайд). -Мәтін не туралы болуы мүмкін? -Көз алдарыңа не елестейді? -Қандай кейіпкерлер болуы мүмкін? |
Балалар өз ойларын айтады. |
-Балалар, күріш қай облыста егіледі? Слайд (2) 1мин — Қызылорда Қазақстанның қай жерінде орналасқан? ( оңтүстік). Физикалық картадан көрсету. — Қазір осы мәтіннің авторымен танысайық: Базарбай Исаев ( слайд) | Оқушылар жауап береді. - Қызылорда облысы - Қазақстанның оңтүстігінде |
Тапсырма: ББҮ кестесін толтырыңдар: Білемін, Білгім келеді(күріш туралы) 3 мин
-Енді оқулықпен жұмыс – 74 бет. ( мәтін 4 бөлікке бөлінген)
— Әлемді шарлау | Оқушылар ББҮ кестесін толтырады: Білемін, Білгім келеді(күріш туралы) Әр оқушының алдында кесте бар.
Әр топ бір үзіндіден оқып, мағынасын түсінеді. 3мин |
Сұрақ-жауап:5мин — Агроном қандай мамандық иесі? Айтылған оқиға Қазақстанның қай аймағында болған?(Қызылорда) — Мәтіндегі ең өкінішті сәті? — Қарт диқан неге кейіді? — Қарт диқанның арманын кім орындады?( Мақсұт Нұрылдаев). Слайд -Балалар, Ыбырай ата туралы не білесіңдер? (Слайд -2) |
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. ( Агроном — егіншілік пен өсімдік өсірудің жоғары білімді маманы)
|
Сергіту сәті:
«Кубизм» стратегиясы: әр топ өздеріне тапсырма таңдап алады. (текше арқылы). 5мин 1 — Мәтіннен мақал-мәтелдерді тап. Мағынасын аш. 2 — «Ыбырай” – бес жолды өлең 3 - Эссе: „Күріш-бағалы астық” 4 - Мәтіннен біріккен сөздерді тауып, сөйлем құрастырыңдар. | Оқыдық шаршадық, Орнымыздан тұрайық Қимылдатып аяқты, Шапалақты ұрайық Отырайық, тұрайық, Соқтығысып қалмайық Оқушылар өз тапсырмаларын орындайды. |
«Топтық жұмыс». (слайд) 5мин -1 топ: Мәтіннің тек жақсы жақтарын қарастырыңдар -2 топ: Мәтіннің жағымсыз жақтарын қарастырыңдар -3 топ: Әңгіменің өмірлік сабақ болатын жақсы мен жаман жағын атап көрсетіңдер -4 топ: Автор кейіпкерлер арқылы бізді неге, қандай болуға тәрбиелеп жатыр? |
Әр топтың оқушылары өз тапсырмаларын орындайды. Өз ойларын ортаға салып, дәлелдейді. |
Қосымша мәлімет: 5мин -Күріш – пайдалы дәнді дақыл. Күріш түрлерін білесіңдер ме? (слайд) -Қызылорда халқы немен айналысады? (слайд) -Күріштің қандай пайдасы бар? (слайд) -Күріштен қандай тағамдар жасалады? |
Слайд арқылы балалар күріш түрлерімен, пайдасымен, күріштен жасалатын тағамдармен танысады.
Қызылорда халқы немен айналысатының біледі. |
Енді, балалар ББҮ кестесінің «Үйрендім» бағанын толтырыңдар. | Оқушылар «Үйрендім» деген бағанды толтырады. 2мин
|
Қорытынды: 3мин -Ертегі арқылы әкесінің айтқысы келгені не? — Неге кетпенді ешкім алғысы келмеді? — Кім күрішші Ыбырай Жақаевтың жолын қуды? -Осы мәтіннің саған берері? — Не үйрендіңдер? |
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, қорытынды жасайды. |
5. Рефлексия. Смайликтер тарату 1мин | Оқушылар осы сабақ туралы стикерлерге өз пікірлерін жазады |
6. Бағалау . Жиынтық баға 1мин | Өзін-өзі бағалайды. (бағалау парағы)
|
Ұстаздарға → Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау жобасының тиімді жақтары
Ұстаздарға → Сын тұрғысынан ойлауды үйрету арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру
Ұстаздарға → Поддержка к подготовке презентаций и презентационной речи слушателей курсов по обновленному содержанию образования
Тарих → топтық жұмыстың ерекшелігі
Бастауыш → Бес жолды өлең және эссе үлгілері
- 7181744
Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!
Пәндер
Ұстаздарға
Оқушыларға
Лауазым иелеріне
Блогтағы жазбалар
Mail.ru тобымызға қосыл
Facebook парақшамыз
VK.COM тобымызға қосыл