Сайтқа кіру
Сыныбы: 3
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тұрлаусыз мүшелер туралы түсінік беру. Анықтауыш, толықтауыш, пысықтауышты сөйлем ішінен таба білуге үйрету.
Дамытушылық: саутты жазу дағдыларын жетілдіру. Сөздік қоры молайту. Байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік мәні: өзара ынтымақтастыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, практикалық ізденулер
Көрнекіліктер: Интербелсенді тақта, қима қағаздар, стикерлер.
Сабақтың барысы
:І. Ұйымдастыру кезеңі- психологиялық тренинг «Мен саған тілеймін.......» ІІ.
Өткен материалды еске түсіру. /слайд 1/- Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді? — Тұрлаулы мүшелерді ата.- Бастауыш дегеніміз не?
Сұрақтары- Баяндауыш дегеніміз не?
Сұрақтары-Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не? сұрақтары?ІІІ. Жаңа сабақ: — Тұрлаусыз мүшелердің анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш болып бөлінуін меңгерту. /слайд 2/ІV. Оқулықпен жұмыс /слайд 3/-1-жаттығу ауызша орындалады. Берілген сөздер ішінен қайда? Сұрағына жауап беретін сөздерді тауып айту.-2- жаттығу өз беттерінше жазбаша орындалады. Көп нүктенің орнын тұрлаусыз мүшелермен толықтырып жазу. Талдау.-5-жаттығу жазбаша орындалады. Берілген сөздерден сөйлем құрастырып жазу. Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдау.V. Сергіту сәті /слайд 4/- музыка әуенімен би ырғақтарын жасауVІ. «Жасырын суретті тап» ойыны /слайд 5/-Сары жапырақтар астына жасырылған қалпақтарды табу. Қалпақтардың түсін ажыратып, таңдау.VІ. «Қалпақ таңдау» ойыны арқылы топқа бөлу /слайд 6/-Балаларға артына сары, көк, жасыл түстер жазылған бірдей түсті қалпақтар тарату. Сол қалпақта жазылған түстер бойынша топқа бөлініп. Әр қалпақтағы тапсырмаларды шешеді. Жасыл қалпақ – тұрлаусыз мүшелер кестесін толтыру Көк қалпақ – семантикалық карта толтыру Жасыл қалпақ – сөзжұмбақ шешу-Әр топ тапсырмалары бағаланады. VІІ. Үйге тапсырма -4-жаттығу. Ережелерді жаттауVІІ. Кері байланыс /слайд 7/-«Менің көңіл күйім» стикермен жасалған жапырақтарға сабақтан алған әсерлерін жазып ағашқа ілуVІІІ. Бағалау
- 7181809
Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!
Пәндер
Ұстаздарға
Оқушыларға
Лауазым иелеріне
Блогтағы жазбалар
Mail.ru тобымызға қосыл
Facebook парақшамыз
VK.COM тобымызға қосыл